Қазақ тілін зерттеушілер
Сөз мәйегі — мақал-мәтел
Бұл шараның өзегі — ана тіліміздің қадір-қасиетін таныту, сөз құдіретін сезіндіру және мақал-мәтел арқылы ойды ұштау.
Мақсаты
- Оқушыларға өз ана тілінің қадір-қасиетін танытып, көркемдігін сезіндіру; сөз құдіретін түсіндіріп, оның адам өміріндегі маңызын ұғындыру.
- Тілдің әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін айқындайтын нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер арқылы дүниетанымды кеңейтіп, ой-өрісті дамыту.
- Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; шешендік өнерді бойға сіңіре отырып, ана тіліне сүйіспеншілікті арттыру және мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге үндеу.
Көрнекілігі
- Нақыл сөздер жазылған плакаттар, бекеттер мен топ атаулары көрсетілген материалдар
- «Ана тілі — рухани даму негізі» кітап көрмесі
- Ұпай беретін таяқшалар, мадақтау қағаздары
- Microsoft PowerPoint бағдарламасында безендірілген презентация
Сүйемін туған тілді — анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
Туған тілім — бабам тілі — өз тілім,
Туған тілім — анам тілі — өз тілім.
Туған тілім — далам тілі — өз тілім,
Туған тілім — адам тілі — өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім мен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Саяхаттың барысы
Бүгін біз екі топқа бөлініп, Қазақ тілі еліне сапар шегеміз: «Тапқырлар» және «Зеректер». Алдымыздан бірнеше бекет шығады. Іске сәт!
Әділқазылар алқасы
Әділқазылар алқасын сайлаймыз (тәрбие ісінің меңгерушісі және шақырылған қонақтар).
Бекеттер
1) «Қайырлы таң» бекеті — сәлемдесу, танысу
Дұрыс жауап: 10 ұпай
Екі топ өздерін таныстырып, сәлемдесу үлгісін көрсетеді.
2) «Үміт» бекеті — мақал-мәтелді жалғастыр
Әр дұрыс жауап: 20 ұпай
Отан … да ыстық
Жауабы: оттан
Туған жерге … тік
Жауабы: ту
Туған жердің … де ыстық, … де ыстық
Жауабы: күн, түн
… көтермегенді, тіл көтереді
Жауабы: піл
… ойлағанды, тіл бітіреді
Жауабы: ми
… — көңілдің айнасы
Жауабы: көз
Тіл … да өткір
Жауабы: қылыштан
Тіл — көңілдің …
Жауабы: кілтi
… шалысынан, сөз шалысы жаман
Жауабы: от
… қан тамған батырды, … бал тамған ақын алады
Жауабы: қылышынан, тілінен
3) «Қайрат» бекеті — аудармашылар сайысы
Әр дұрыс жауап: 30 ұпай
Шарты: берілген мақал-мәтелдерді орыс тіліне аудару.
| Қазақша | Орысша |
|---|---|
| Тазалық — денсаулық кепілі. | Чистота — залог здоровья. |
| Еңбек оздырады. | Труд прославляет. |
| Не ексең, соны орасың. | Что посеешь, то и пожнёшь. |
| Отан — оттан да ыстық. | Родина — жарче огня. |
| Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы. | Учение — родник знаний, знание — лучик жизни. |
| Отансыз адам — ормансыз бұлбұл. | Человек без Родины, что соловей без леса. |
4) «Ғалым» бекеті — білім сұрақтары
I бөлім
- Көп тіл білетін адам қалай аталады?
- Полиглот.
- Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
- 9.
- Шоқанның шын аты?
- Мұхаммедханафия.
- Әнұранның авторлары?
- Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев.
- Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптардың бірі?
- «Құтты білік» (1069 ж., Жүсіп Баласағұн).
- Фонетика нені зерттейді?
- Тіл дыбыстарын.
- Латын әліпбиі Қазақстанда қашан қолданыла бастады?
- 1928–1929 жж.
- Қазақ тілі тарихында әліпби неше рет ауысты?
- 3 рет (араб, латын, орыс).
- Қазақстан тәуелсіздікті қай жылы алды?
- 1991 ж.
- Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
- Түркі.
II бөлім
- Киіз үй неден тұрады?
- Уық, кереге, шаңырақ.
- Тіл туралы заң қай жылы қабылданды?
- 1989 ж., 22 қыркүйек.
- Махамбеттің бір өлеңін ата.
- «Қызғыш құс».
- ҚР ұлттық валютасы қашан енгізілді?
- 1993 ж., 15 қараша.
- Елтаңбаның авторлары?
- Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов.
- Қазақ тілін зерттеушілерді ата.
- Радлов, Айдаров, Сауранбаев, Бартольд.
- «Ескендір» поэмасының авторы?
- Абай.
- Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» атауы қай жылы берілді?
- 1999 ж.
- Қазақ тілі ҚР мемлекеттік тілі деп Ата Заңның қай бабында жазылған?
- 4-бап.
- Қазақ халқының тұңғыш суретшісі?
- Ә. Қастеев.
5) «Арман» бекеті — тұрақты тіркестердің мәнін аш
Әр дұрыс жауап: 50 ұпай
Қас пен көздің арасында
Лезде.
Қара қылды қақ жару
Әділ болу.
Төбе шашы тік тұрды
Шошынды.
Тайға таңба басқандай
Анық.
Аузына құм құйылды
Үндемеді.
Көзге түртсе көргісіз
Қараңғы.
Тонның ішкі бауындай
Тату.
Бет моншағы үзілу
Ұялу.
Жарғақ құлағы жастыққа тимей
Мазасыздану, тыныш ұйықтамау.
Күн тигізбей өсірген
Мәпелеу.
6) «Сурет» бекеті — мақалдың мазмұнын бейнеле
Шарты: берілген мақал-мәтел бойынша сурет салып, мағынасын түсіндіру.
- Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты.
- Білім — теңіз, мектеп — кеме.
7) «Шешен» бекеті — ойтолғау
«Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл — бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды».
Осы пікірге сүйене отырып, әр топ қысқа, дәлелді ой айтады: тілдің қоғамдағы орны, мәдениетті сөйлеудің мәні, ана тілін құрметтеудің жауапкершілігі.
Шара уақыты аяқталар сәтте қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі (ұпай шығару, топтарды марапаттау).
Қорытынды
Тіл — қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер адам бойына ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді: қандай қиындық болса да, тіл өз ұрпағының қанына, жанына рухани нәр сеуіп, өміршеңдігін сақтай береді.
Туған тілім — тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім — мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім — мен де бірге өшемін.
Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл — арым, иманым,
Аманат саған, аманат.