Әдемі қыз
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырыбы
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сабақтың типі
Жаңа тақырыпты меңгерту
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Венн диаграммасы
Көрнекіліктер
- Слайд
- Кеспе қағаздар
- Плакаттар
- Суреттер
Пәнаралық байланыс
Әдебиет
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Сын есімнің мағыналық түрлеріне қатысты ережелерді меңгерту, мысалдар арқылы дәлелдету және оларды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, есте сақтау қабілетін дамыту; тіл байлығын арттырып, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік
Өзара сыйластыққа баулу, өзгенің пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, оқушыларды түгелдеу.
- Сыныпты 3 топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
144-жаттығу
Мақал-мәтелдерден туынды сын есімдерді тауып, олардың қай сөз табынан және қандай жұрнақ арқылы жасалғанын айту.
Ауызша сұрақтар
- 1 Сын есім дегеніміз не?
- 2 Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
- 3 Сын есімдер құрамына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
III. Жаңа сабақ
Мұғалім тақтаға бірнеше тіркесті жазып, оқушылардан сын есімдердің не үшін осылайша топтастырылғанын сұрайды. Осы арқылы жаңа тақырып ашылады.
Тақтадағы мысалдар
Негізгі ұғым
Мағынасына қарай сын есімдер сапалық және қатыстық сын есімдер болып екіге бөлінеді.
Сапалық сын есім
Заттың түр-түсін, сын-сапасын тікелей білдіреді.
Мысалдар
жақсы сөз, жуан ағаш, суық жел, жүйрік ат
Қатыстық сын есім
Заттың сын-сипатын, түрлі белгісін басқа сөз табымен байланысы арқылы білдіреді.
Мысалдар
ақылды бала, көршілес үй, сәулетті ғимарат, айнадай таза
IV. Оқулықпен жұмыс
146-жаттығу
Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек етіп, екі бағанға жазу.
V. Көркем мәтінмен жұмыс
Абайдың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін мәнерлеп оқу. Оқушылар өлең ішіндегі сын есімдерді есте сақтап, дәптерге жазады.
VI. Жазылым тапсырмасы
Сын есімдерді қатыстыра отырып, тақтадағы суретті сипаттап жазу. Тақырыптық сурет: Астана.
Назар аудару
Сипаттауда сапалық және қатыстық сын есімдерді әдейі араластырып қолдану ұсынылады.
VII. Сергіту сәті
«Сымсыз телефон» ойыны арқылы сынып белсенділігі арттырылады.
VIII. «Жұмбақ жан» ойыны
Әр топ қарсылас топтан бір оқушыны сын есімдер арқылы сипаттап жасырады. Қарсы топ сипаттама бойынша кім екенін табады.
Мысал
Ақылды, бойшаң, аққұба, нәзік, үнемі күліп жүреді, парталас досына жанашыр қыз кім? (Зарина)
IX. Қорытынды
1-топ
Венн диаграммасы арқылы жаңа тақырыпты түсіндіреді.
2-топ
Сапалық сын есімнің ерекшеліктерін топтастыру арқылы көрсетеді.
3-топ
Қатыстық сын есімнің ерекшеліктерін топтастыру арқылы түсіндіреді.
Үй тапсырмасы
148-жаттығу.
Бағалау
Әр оқушының сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағаланады.