Кедергілер арасымен жүгіру

Тақырыбы

«Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы

Мақсаты

  • Денсаулық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
  • Денсаулықты сақтау және нығайту қажеттілігі туралы түсінікті кеңейту.
  • Денсаулықты нығайтуға қызығушылықты арттыру.
  • Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
  • Денсаулықты күтуге және бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар

Кегли Секіргіш Фитбол добы Жемістер салынған себет

Құралдар қауіпсіздік талаптарына сай дайындалып, кезеңдерге қарай алдын ала орналастырылады.

🎤

Өту барысы

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, апайлар, балалар! Армысыздар, қонақтар! «Жанұя — қорғаным, ата-ана — тірегім» демекші, «Әкем, анам және мен» отбасылық сайысына қош келдіңіздер!

«Толағай» отбасылық сайысы — отбасылардың бірлігін арттыратын, тәрбиелік маңызы зор ойын-сауық бағдарламасы. Бүгін осы шара біздің балабақшамызда ересек топтар арасында өтеді.

Шабыттандыратын жолдар

Шынықсаң — шымыр боласың,
Сауығып — айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма —
Арман болған талайға.
Болмаса да, ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да.

Командаларды таныстыру

Бейбарыс тобы

Команда

Ұраны

Жеңістерге бет алдық,
Спортта сұлтан атандық.
Жетсін деп топ мақсатқа,
Бейбарыс деп атадық.
Бейбарыс тобы — алға, алға!

Қыран тобы

Команда

Ұраны

Қыран тобы — алға, биіктерге самға!
Толағайда топ жарып, жеңістерді жалға!
Алға, алға, алға!

Тұлпар тобы

Команда

Ұраны

Тұлпар болып самғаймыз,
Жарыстан еш қалмаймыз.

Әділқазы алқасы

Сайыс басталмас бұрын, әділ әрі әділқазылық қағиданы берік ұстанатын алқамен танысамыз. Қатысушылардың өнері мен шапшаңдығына әділ баға беріледі.

Сайыс кезеңдері

Қатысушыларға сәттілік тілейміз. Сайыс келесі кезеңдерден тұрады:

  1. I

    Таныстыру

    Командалар өздерін және ұрандарын таныстырады.

  2. II

    Таңертеңгілік жаттығу

    Әр команда сергіту жаттығуын көрсетеді.

  3. III

    Кедергілер арасымен жүгіру

    Әкелері допты теуіп кедергілерден өтеді, аналары секіргішпен жүгіреді, балалар фитбол добымен секіріп қайтады. Тапсырманы бірінші аяқтаған команда жалаушасын көтереді.

    Қалыспа, дайындал, алға!

  4. IV

    Жеміс жинау

    Бірінші ойыншы кедергілер жанына себеттерді орналастырады, келесі ойыншы алмаларды себетке салады, бала жинап шығады. Тапсырманы орындаған команда жалаушасын көтереді.

    Қалыспа, дайындал, алға!

  5. V

    Кім епті?

    Әкелері теннис добын ракеткамен жоғары соғып, кедергілерден өтіп қайтады. Аналары қасықпен теннис добын түсірмей жеткізеді. Балалар самокатпен кедергілерден өтеді. Ең жылдам команда жалаушасын көтереді.

    Қалыспа, дайындал, алға!

  6. VI

    Метро

    Қатысушылар тоннель арқылы өтіп, шеңберді бастан төмен түсіреді және берілген тапсырманы орындайды. Қалған ойыншылар да дәл осы әрекеттерді қайталайды.

    Қалыспа, дайындал, алға!

  7. VII

    Тасымалдау

    Әкелері шығыршықты ортаға қояды. Анасы мен баласы шығыршықтан шықпай, бір-бірін қолдап, мәреге дейін бірге жетуі керек.

Қорытынды және марапаттау

Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болудың шарты — еңбектену, жалықпау. Біреу озады, біреу артта қалады. Жеңілгендер ренжімей, достық көңілмен тарасса — жарасымды. Ендеше, сайыс қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтау үшін сөз әділқазы алқасына беріледі.

Түйін

Денсаулық — терең бақыт. Ұлы Абай айтқандай, дені сау адам — өмірдің ең үлкен байлығын сақтаған адам. Еліміздің болашағы — дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі — салауатты өмір салты.

«Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып, сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рақмет! Құрметті қонақтар, келгендеріңізге де үлкен алғыс. Келесі кездескенше!

Автор туралы мәлімет

Атырау қаласы, МКҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай-балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы — Бисекешова Зульфия Серікқызы.