Тілдік мақсат

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні: Әдебиеттік оқу Сынып: 4 Тақырып: Сұлтанмахмұт Торайғыров — «Арыстан мен тышқан»

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

  • Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.
  • Мысалдағы негізгі ойды ашу.

Жетістік критерийлері

  • Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқи алады.
  • Мысалдағы түйінді ойды аша алады.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқиды.

Оқушылардың басым бөлігі

Мысалдағы түйінді ойды ашып, адам бойындағы мінез-құлық ерекшеліктерін анықтайды.

Кейбір оқушылар

Мысалды рөлге бөліп сахналайды және оқиғаны өз ойымен жалғастырып жазады.

Тілдік мақсаттар және сөздік жұмыс

Тілдік мақсат

  • Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді.
  • Жаңа сөздерді анықтап, сөздік қорын молайтады.

Негізгі сөздер мен тіркестер

сай — пана сейіл құру зиян азат

Көптілді сөздік

Арыстан
лев — lion
Тышқан
мышь — mouse

Диалог пен жазылымға арналған сұрақтар

  • Жаңа сөздердің мағынасын қалай түсіндің?
  • Неліктен олай ойлайсың? Себебін дәлелдеп айта аласың ба?
  • Бұл сөздер мәтіндегі қандай жағдайға қатысты берілген?
  • Мысалдан қандай ой түйдің? Қысқаша жаз.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

II. Топқа бөлу және сынып ережесін еске түсіру

Топқа бөлу үшін тақырыптық карточкалар қолданылады: ертегі, аңыз, мысал, жұмбақ.

III. Үй жұмысын тексеру

«Түрлі түсті хат қалта» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріледі.

  1. «Ара мен шыбын» мысал-өлеңінен қандай ой түйдің?
  2. Мысалдағы араны сипатта.
  3. Шыбынның үйін және жататын жерін көз алдыңа елестетіп, суреттеп айтып бер.
  4. Мысалдағы қонақ күту жайы туралы не айтасың?

Қосымша тапсырма: «Сәйкесін тап» ойыны.

IV. Миға шабуыл

«Ізде, тап!» ойыны. Төмендегі әріптер арасынан жасырын сөздерді табу.

Ааааьитпрнерапенаиыдщешнцрапдщйыеееыамиарыстанииипрноллюжэфнменрапнемвпвекртышқаниюжибляжфоегерахйщшлартмисяч

Талқылау сұрағы: Қандай сөздер шықты?

Сабақтың ортасы

Сабақ мақсатын анықтау

Оқушылармен бірге бүгінгі жұмыстың күтілетін нәтижелері нақтыланады: мәтінді мәнерлеп оқу және мысалдың түйінді ойын ашу.

Оқулықпен жұмыс

Автор туралы мәлімет

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893–1920) — қазіргі Павлодар облысы Баянауыл өңірінде дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы әрі педагог. Жастарды білімге үндеген шығармаларының қатарында «Неге жасаймын», «Шәкірт ойы» сияқты өлеңдері және «Қамар сұлу» секілді көркем туындылары бар.

1

Мысалды оқушылар өз бетінше оқып шығады.

2

Түсінбеген сөздер мен сөз тіркестерін түртіп алады.

3

«Сөздік гол» ойыны арқылы көркем сөздерді меңгереді.

«Ойлан — жұптас — талқыла»

1) Сатылай кешенді талдау

Мәтіннің құрылымы, кейіпкерлері және негізгі ойы талданады.

2) Рөлдік ойын

Оқушылар мысалды рөлге бөліп, әрі қарай жалғастырып сахналайды.

3) Венн диаграммасы

Арыстан мен тышқанның ұқсастығы мен айырмашылығы салыстырылады.

4) Акроним әдісі

Негізгі ойды қысқа әрі нұсқа тұжырымдап, тірек сөздер арқылы бекітеді.

Кері байланыс

«Алақан — үш саусақ — жұдырық» әдісі арқылы оқушылар өз түсіну деңгейін бағалайды және пікір білдіреді.

Сабақты қорытындылау

Жазылым тапсырмасы

«Менің түйгенім…» — мысалдан қандай ой түйгеніңді 3–5 сөйлеммен жаз.

Мәлімет

Өңір
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төребай би ауылы
Мұғалім
Жұматаева Айжан Айдарбайқызы

Ескерту

Материал: «Арыстан мен тышқан» (жүктеу үшін мектеп платформасындағы файлды пайдаланыңыз).