Сұрақтарға жауаптар айтқызу

Әдебиеттік оқу (3-сынып): Ы. Алтынсарин — «Өзен»

Бұл сабақ жоспары оқушылардың өзен туралы түсінігін кеңейтіп, Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына қатысты білімін толықтыруға, сондай-ақ өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Мақсаты

Ы. Алтынсарин туралы мәліметтерді толықтыру, тақырып бойынша өздігінен жұмыс істеуге бағыттау.

Сабақ түрі

Сыни ойлауды дамытуға бағытталған сабақ. «Кластер» әдісі арқылы «ағаш отырғызу» метафорасы қолданылады.

Әдіс-тәсілдер

  • Топтастыру
  • Блум таксономиясы
  • Сұрақ-жауап
  • «Он сұрақ»
  • «Поэзия минуты»
  • «Полиглот»

Көрнекіліктер мен тапсырмалар

Видеоматериалдар, слайдтар, карточкалар, маршруттық карта. Тапсырмалар: сурет салу, ребус шешу, топтастыру.

Күтілетін нәтиже

Білім

Қазақстандағы өзендер және олардың ұзындықтары туралы біледі.

Талдау

Автор туралы білімін толықтырады және үш тілде (қазақша–орысша–ағылшынша) сөздік қорын дамытады.

Түсіну

Өлеңнің мазмұнын аша алады.

Қолдану

Нақыл сөздерді табады, көшіріп жазады және жақсы қасиеттерді атай алады.

Сабақ барысы

I. Кіріспе (ұйымдастыру)

Мұғалім оқушылармен амандасып, сабаққа дайындықты тексереді, сыныптағы қатысымды анықтайды. Сабақ жағымды көңіл күй қалыптастырудан басталады.

Қызығушылықты арттыру

Оқушылар қағаз таңдау арқылы топқа бөлінеді. Әр топ өз жетекшісін таңдайды. Топ жетекшілері бағалау парағын жүргізеді. Сабақ барысында «ағаш отырғызу» кластері қолданылатыны түсіндіріледі.

Үй тапсырмасын тексеру

Сатылы тест

Сұрақ: Қазақстандағы ең үлкен өзен қай өзен?

  • а) Шу
  • б) Ертіс
  • в) Жайық
  • г) Ніл

Дұрыс жауап

Ертіс

Дереккөз: интернет.

Кейіпкерге өлең (немесе мақал-мәтел)

Ертіс, Ертіс, Ертісім,
Еркелеген еркемсің.
Қарай берем өзіңе,
Өзің қандай көркемсің?

Кейіпкерге хат (үлгі)

Сәлем, Ертіс! Қал-жағдайың қалай?

Бүгінгі тапсырманы орындау барысында Қазақстандағы ең үлкен өзен сен екеніңді білдім. Саған адамдардан қандай көмек керек? Суыңның пайдасы туралы көп оқып-білдім. Сенімен дос болғым келеді.

Қош бол!

Хатты жазған: 3 «А» сынып оқушысы Қазенова Жанерке.

II. Тұсаукесер (қызығушылықты ояту)

Сабақтың тақырыбы ребус шешу арқылы оқушылардың өздеріне анықтатылады. Мұғалім бағыттаушы сұрақ қояды: «Бүгін біз қандай тақырыппен танысамыз деп ойлайсыңдар?»

III. Негізгі бөлім (жаңа сабақ)

Дәптермен жұмыс

  • Күннің жадын және тақырыпты жазу
  • Сабақ мақсатын анықтау: «Бүгін біз нені білуіміз керек?»

Топтастыру стратегиясы: Ы. Алтынсарин туралы

Оқушылар «ағаштың тамырлары» ретінде авторға қатысты мәліметтерді жинақтайды. Мысалы:

  • ақын, жазушы, ағартушы
  • қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан
  • Қостанай облысында туған
  • көптеген шығармалардың авторы
  • «Қазақ хрестоматиясы» еңбегін жазған

Ескерту: Жауап берген оқушыларды топ жетекшілері бағалап отырады.

Сөздікпен жұмыс

Өлең мәтіні жазылған парақшалар таратылады. Оқушылар түсініксіз сөздерді түртіп алады.

Қынарда
жағасында
Жанабында
маңайында
Қалыбында
сол қалпында

Өлеңді талдау

Интерактивті тақтадан слайдтар көрсетіледі, өзен түрлеріне қатысты бейнеүзінді ұсынылады. Оқушылар өлеңнің мазмұнын айтып, негізгі ойды анықтайды.

Талқылау сұрақтары

  • Ақын өзенді қалай суреттеген?
  • Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай?
  • Өзеннің қандай пайдасы бар?

Жауаптар «ағаштың бұтақтары» ретінде кластерге түсіріледі.

«Он сұрақ» әдісі

Стикерлерге «Өзен» және «Су» сөздері жазылады. Оқушылар тақырыпты ашу үшін сұрақ қою арқылы ұғымды табады.

«Полиглот» тапсырмасы

Өлеңдегі кей сөздерді үш тілде айтып үйрену. Бұл бөлім «бүршіктер» ретінде кластерге енгізіледі.

Қазақша Орысша Ағылшынша
Өзен река river
Су вода water
Тау гора mountain
Тас камень stone
Жел ветер wind
Шөп трава grass
Балық рыба fish

Топтық жұмыс

I–II топ

Шыңғырлау өңіріндегі өзендердің атауларын жазу.

III топ

Өзен туралы мақал-мәтелдер жазу.

IV–VI топ

Өзендердің суретін дәптерге салу.

Кластердегі орны

Нәтижелер «ағаштың жапырақтары» ретінде толықтырылады.

Қорытынды

Сабақ маршруттық карта арқылы қорытындыланады. Дұрыс жауаптар мен орындалған тапсырмалар негізінде «бұтақты топыраққа отырғызу» қадамы жасалып, жаңа флипчартқа символдық сурет салынады.

Бағалау

Топ жетекшілері өз бағаларын және бағалау себептерін түсіндіреді. Соңында мұғалімнің қорытынды бағасы қойылады.

Автор туралы мәлімет

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Л. Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Кулушева Ақмарал Закарияновна.