Сабаққа қатысқан оқушыларға бағалауды түсіндіріп өту

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

1–10 көлеміндегі сандарға 4-ті қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру.

Дамытушылық

Ойын арқылы оқушылардың ойлауын және танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Мақсатқа жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Аппақ, аппақ далада,
Қыс мезгілі тамаша.
Ойлауменен есеп шешіп,
Серпілейік жаңаша.

Сабаққа қатысқан оқушыларға бағалау өлшемдері қысқаша түсіндіріледі.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Өрнектерді салыстыру тапсырмасы орындалады.

2+4*6 - 1
5+1*9 - 2
3+5*10 - 2
4+3*9 - 3
4 - 1*2+3
8 - 0*1+7

3) Өткенді бекіту (үлестірмелі карточкалар)

3+1
4-1
3+3
6-3

Балалар, біз сандарды санамай-ақ айта аламыз ба? (Иә.) Ендеше санамақ айтып, сандарды өсу ретімен орналастырып көрейік. Осылайша бүгінгі сабақтың негізгі тақырыбы ашылады.

1 саны

Достар мені бір дейді,
Қарайды да бүйдейді.
Мұқтажсың қол, аяққа,
Ұқсап тұрсың таяққа.

2 саны

Мен екімін, балалар,
Алаңғасар жалқаудың
Алатыны екілік,
Басын шайқап өкініп.

3 саны

Мен ғой үштің таңбасы,
Зейін қойып тыңдашы,
Шідерлі аттай тұсалып,
Жүр біреулер үш алып.

5 саны

Әр қолыңда бес саусақ,
Жетпейді оған еш саусақ.
Бір мен екі алмаңдар,
Үшке алданып қалмаңдар.

Балалар, байқадыңдар ма, қандай сан жоқ? 4 саны

4 саны

Достарым мені төрт дейді,
Беске бірім жетпейді.
Қуанады анасы,
Төрт алғанда баласы.

«Орныңды тап!» қорытындысы

4 саны 3 санынан кейін, 5 санының алдында орналасады.

Жаңа сабақ: 4-ті қосу және азайту

4 саны туралы ассоциациялар

4 бұрыш
4 мезгіл
4 түлік
4 тұс

4 санының құрамы еске түсіріліп, 4-ті қосу және азайту тәсілдері түсіндіріледі.

Топқа бөлу және сайыс форматы

Сабақ 3 топпен өтеді: Алғырлар, Білгіштер, Тапқырлар. Оқушылар қызықты есептерді, ойындар мен тапсырмаларды орындап, ұпай жинайды.

Дәптермен жұмыс

Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
Жалқаулықты біз тастап,
Жақсы бала боламыз.

Көркем жазу

4 4 4 4 4 4 4

№1 тапсырма: «Домино» арқылы өрнек құрастыру

Домино тастарындағы нүктелерді санап, қосу және азайту өрнектерін жазу.

4+4=8
5+4=9
6+4=10
8-4=4
9-4=5
10-4=6

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Беске бесті қосқанда,
Болады екен он саусақ.

Ойын кезеңі

  • «Кел ойнайық!» — балықтарды аквариумға орналастыру.
  • «Кім жылдам?» — жылдам есептеу ойыны.

№2 тапсырма: Сан қатарымен есептеу

Сан қатарын пайдаланып 4-ті қосу және азайтуды бекіту.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
4+4=8
8-4=4
2+4=6
6-4=2

Оқулықпен жұмыс

№3 және №5 тапсырмалары ауызша орындалады.

«Миға шабуыл»: математикалық жұмбақ есептер

6 алманың үшеуін досың сұрап алады. Айтшы, сонда нешеуі өз қолыңда қалады?

6 - 3 = 3

Алма ағашта 4 алма. Төртеуін де жеп қойсам, қалады онда неше алма?

4 - 4 = 0

Табақта 2 өрік, қолымда 4 өрік. Қосқанда барлығы неше өрік болады?

2 + 4 = 6

Қорытынды

Сабақ барысында оқушылар 4-ті қосу және азайту тәсілдерін ойын, сайыс және тапсырмалар арқылы бекітті. Топтық жұмыс оқушылардың жылдамдығын, дәлдігін және ынтымақтастығын арттыруға бағытталды.

Үй жұмысы

4-есеп.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындау сапасы және топтық жұмыстағы белсенділігі бойынша бағаланады.