Септіктер кестесі

Сабақ мақсаты

Білімділік

  • Оқушыларға қазақ тіліндегі септіктерді меңгерту.
  • Септіктердің сұрақтары мен жалғауларын жаттаттыру.
  • Көмектес септіктің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалуын түсіндіру.
  • Көмектес септіктің басқа септіктерден ерекшелігін бекіту.

Дамытушылық

  • Өткен сабақтармен байланыстыра білу дағдысын дамыту.
  • Сын тұрғысынан ойлау қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Пәнге қызығушылықты арттыру.
  • Топпен жұмыс істеуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа назар аударту.
  • Оқушыларды 3 орталыққа бөлу.

II. Үй тапсырмасы

85-жаттығу

Берілген сөздерді көмектес септігіне қойып, олармен сөйлем құра.

Еңбек

Еңбекпен

Су

Сумен

Ораз

Оразбен

Кітап

Кітаппен

III. Жаңа сабақ

86-жаттығу

Жазылым

Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

  1. Оқығанды көңілге ықыласпен тоқиық. (Ы. Алтынсарин)
  2. Хат Астанадан келіпті.
  3. Асыл Жанармен сөйлесті.
  4. Қойдың жүні пайдалы. Жүннен фабрикада түрлі маталар тоқылады.

87-жаттығу

Оқылым, жаттау

Жұмбақты оқып, жатқа айт. Шешуін тап.

Екі ішек бар далада,

Ауылды жалғар қалаға,

Қаланы жалғар ауылға.

Екі ішекпен зулайды ел

Жауында да, дауылда.

Шешуі: пойыз жолы (рельс)

88-жаттығу

Шығармашылық тапсырма

Тапсырма: ребустың шешуіне сөйлем құра.

IV. Сергіту сәті

Зат есім септеледі жеті түрде,

Бір-бірімен шатастырып алып жүрме.

Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой,

Жатта соны ойнап-күлме, босқа жүрме.

Атау, ілік, барыс, табыс,

Жатыс, шығыс, көмектес.

Жаттап алсаң, балақай,

Зат есімді септе тез.

90-жаттығу

Бекіту

Берілген зат есімдерді екі түрлі септікке қойып, жақшадағы сөзбен тіркестіріп жаз.

Берілгендер

  • Гүлнұр (бару)
  • жіп (байлау)
  • қол (жуу)
  • ән (айту)

Үлгі

  • жіпті байлау, жіппен байлау
  • Гүлнұрға бару, Гүлнұрмен бару
  • қолды жуу, қолмен жуу
  • әнді айту, әнмен айту

Қорытынды

Көмектес септікті қайталау және бекіту. Оқушылардың септік жалғауларын дұрыс қолдануына назар аудару.