Бұтақтардан күзгі ағашты құрастыруды игерілуі

Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Құрастыру Тақырыбы: Күзгі ағаш

Мақсаты: бұтақтар арқылы «күзгі ағаш» құрастыру дағдыларын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Көрсету

Көрнекіліктер мен құралдар

  • Күз мезгілінің суреттері
  • Бұтақтар
  • Сары түсті ермексаз
  • Тақтайша
  • Сүлгі

I. Мотивация

Ш. Ахметов

Қайың, терек басынан,

Сарғыш тартып жапырақ.

Жерге түсіп шомылған,

Жел үрлесе қалтырап.

Өлеңнің мазмұнын талқылап, «күзгі жапырақ» ұғымын ашу: жапырақ түсінің өзгеруі, желдің әсері, табиғаттың құбылуы.

II. Ізденіс-ұйымдастыру

Жұмбақ

Жап-жасыл болып өседі,
Сап-сары алтын болып жерге түседі.

Сұрақ-жауап арқылы әңгіме

  • 1 Қазір жылдың қай мезгілі?
  • 2 Далада қандай өзгерістер байқалады?
  • 3 Жапырақтардың түстері қандай?
  • 4 Неліктен жапырақтар сарғаяды?
  • 5 Менің қолымдағы заттарды атап беріңдер.
  • 6 Жапырақтардың пішіндері бірдей ме?
  • 7 Суретке қарап, ненің бейнеленгенін айтайық.

Бүгін біз бұтақтардан «күзгі ағаш» құрастыруды үйренеміз. Тәрбиеші жұмыстың орындалу ретін көрсетіп, қауіпсіз әрі ұқыпты орындау жолдарын түсіндіреді.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Қолды алға созайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бойымызды жазайық.

Дербес жұмыс

Балалар үлгі бойынша бұтақтарды орналастырып, сары түсті ермексаз арқылы жапырақтарды бекітіп, «күзгі ағашты» құрастырады.

Дидактикалық ойын

Тақырыбы: «Жапырақтың түсі қандай?»

Шарты: тәрбиеші жапырақты көрсетеді, балалар оның түсін атайды.

III. Рефлексия

Талқылау сұрақтары

  • Бүгін біз нені құрастырдық?
  • Жапырақтардың түсі қандай болды?
  • Жапырақтардың пішіндері қандай болды?

Күтілетін нәтиже

Білу
Күз мезгілінің ерекшеліктерін біледі.
Игеру
Бұтақтардан «күзгі ағаш» құрастыру тәсілін меңгереді.
Меңгеру
Жұмысты ұқыпты, тиянақты орындауды дағдыға айналдырады.