Темекі тарту мен ішімдік ішудің алдын алу
Топтамадағы тәрбие сағаттарының тізімі
- Жирен жаман әдеттен (ашық тәрбие сағаты)
- Зиянды әдеттерден сақтанайық
- Басты бағдар – құқықтық сауаттылық
Мақсаты
-
Салауатты өмір салтын түсінуге және оны қалыптастыруға көмектесу.
-
Темекі тарту мен алкоголь тұтынудың алдын алу.
-
Психологиялық қиындықтармен және өмірде кездесетін күрделі жағдайлармен күресе алатын, өз бетінше шешім қабылдай білетін тұлға қалыптастыру.
-
Жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу, сайыста жеңіске ұмтылдыру.
Салауатты өмір салтын сақтасаң,
Егеменді ел сенімін ақтайсың.
Ізгі жанды, текті ұрпақты баптайсың.
Кіріспе
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Маскүнемдік пен темекі тарту – әлеуметтік әрі медициналық мәселе» тақырыбындағы сайысымызға қош келдіңіздер.
Сайыс кезеңдері
1-кезең
Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру
2-кезең
Көкпар
3-кезең
Кестені толтыру
4-кезең
Шешендер сайысы
5-кезең
Сергіту сәті
6-кезең
Кім зерек? (сұрақ-жауап)
Сайыстың әділ бағалануын қадағалайтын сарапшылармен, яғни әділқазылар алқасымен таныстырып өтеміз.
Жасөспірімдердің темекі мен алкогольге әуестену себептері
- Қызығушылық
- Топтан бөлінбеуге ұмтылу
- Өзін сенімді көрсету ниеті
- Кино, жарнама, теледидар ықпалы
- Бос уақыттың көп болуы
- Өзін-өзі жеңе алмау
Зиянды әдеттердің салдары
Темекі тартудан туындайтын аурулар
- Туберкулез
- Созылмалы бронхит
- Өкпе мен көмейдің ісік аурулары
- Тамырдың тарылуы, инфаркт қаупі
- Пародонтоз
- Созылмалы гастрит
- Асқазан мен ішектің жарасы
- Жүйке жүйесінің шаршауы
Алкоголь тұтынудан пайда болатын аурулар
- Есту қабілетінің төмендеуі, ми жасушаларының зақымдануы
- Жүрек-қан тамыр аурулары, инфаркт қаупі
- Гепатит, цирроз
- Гастрит
- Ағзаның тез қартаюы
1-кезең: «Жұмбақтар» тақырыбы
10 ұпай
Жауабы: темекі
Түтін болып кіреді,
Күркіл болып жүреді.
20 ұпай
Жауабы: бидай
Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар.
30 ұпай
Жауабы: арақ
Сырты жаман, іші жын,
Адамның абыройын түсіреді.
40 ұпай
Жауабы: жуа
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
50 ұпай
Жауабы: пияз және сарымсақ
Бұл өсімдік суық тиюге қарсы, аурудың алдын алуға көмектеседі, иісі өткір.