Мақал - мәтелді аяқтау

Грамматикалық ойындар арқылы тіл ұстарту

Бұл сабақ «1001 мақал, 101 жұмбақ» тақырыбы аясында ойын түрінде өтеді. Мақсат — оқушылардың тілдік қорын байыту, ойлауын дамыту және ұлттық құндылықтарға сүйіспеншілігін арттыру.

Білімділік

Білімді одан әрі дамыту, тереңдету, ізденімпаздықты арттыру және ой-өрісті кеңейту.

Дамытушылық

Тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, сауаттылықты арттыру, шығармашылық қабілетті дамыту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу; Отанға, туған жерге, тілге деген сүйіспеншілікті ояту.

Сабақтың түрі

Ойын сабағы (сайыс форматы).

Әдіс-тәсілдер

Іздестіру, салыстыру, мәтін құрастыру.

Көрнекілік

Интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті.

Сабақтың барысы (сайыс құрылымы)

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, сабаққа алдын ала дайындық.
  • Сабақтың тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ».
  • Сынып екі топқа бөлінеді, ұпай жинау арқылы бағаланады.

1-топ: «Тілші»

Ұраны: «Қане, тауып берші!»

2-топ: «Тапқыш»

Ұраны: «Білейік, кім айтқыш!»

1-айналым: Топтық тапсырма

Әр топқа тірек сөздер беріледі. Сол сөздер қатысатын мақал-мәтел айтыңыздар.

1-топқа тірек сөздер

жолдас, бата, еңбек, халық, еріншек, жер

2-топқа тірек сөздер

ақыл, өнер, сөз, жалқаулық, білім, жігіт

2-айналым: Мақал-мәтелді аяқтау

  1. Білімсіз өмір ...
  2. Отансыз адам — ...
  3. Туған жердей жер болмас, ...
  4. Отан үшін отқа түс — ...
  5. Не ексең, соны ...
  6. Оқу — білім бұлағы, ...
  7. Жақсыға сөз ілеседі, ...
  8. Туған жердің қадірін, ...
  9. Бал тамған тілден, ...
  10. Жылы-жылы сөйлесең, ...
  11. Ерінбеген етікші ...

3-айналым: Қазақша баламасын табу

Орыс тіліндегі мақал-мәтелдердің қазақ тіліндегі баламасын айтыңыздар.

  1. Труд человека кормит.
  2. Добрый сын — родителям радость.
  3. Хлеб всему голова.
  4. Глаза бояться, руки делают.
  5. Труд украшает жизнь.
  6. Сила в знаниях — знание в книгах.

4-айналым: «Кім тапқыр?» (антонимдермен толықтыру)

а)

Ашу ...................., ақыл ....................

ә)

.................... сөз — көмір, .................... сөз — алтын.

б)

.................... еңбектен — .................... нан.

в)

.................... қорқақ, қол ....................

5-айналым: 7 және 3 саны қатысатын тіркестер, ырым-тыйымдар

7 және 3 саны қатысатын тұрақты тіркестерді, халықтық ырым-тыйымдарды айтып, тыйым сөздердің мәнін түсіндіріңіздер.

  • Қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды.
  • Тізеңді құшақтама.
  • Үйде ысқырма.
  • Үйдегі жан басын санама.
  • Нанды бір қолыңмен үзбе.
  • Аққуды атпа.
  • Малды теппе, ақты төкпе.

6-айналым: Аралас сөздерден мақал құрастыру

  1. Атандырады, ер, еңбек.
  2. Ыстық, оттан да, Отан — .
  3. Ер, болар, сүйген, елін.
  4. Қазғандай, құдық, оқу —, инемен.

7-айналым: «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» (ай аттары)

Тақтаға жазылған қате жазуларды дұрыс жазып шығыңыздар (қазақша ай аттары).

1-топқа

пақна, мазыт, деліш, суірә

2-топқа

мысума, зақан, арқаша, рыкүқыйке

8-айналым: Сурет бойынша мақал-мәтел құрастыру

Берілген ұғымдар бойынша мақал-мәтел құрастырыңыздар.

ұстаз ат нан көз бас қол

9-айналым: Жұмбақтарды шешу

  1. Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ желеді, аузы жоқ ұлиды.
  2. Иір-иір ізі бар, құлағы жоқ, көзі бар.
  3. Аузы жоқ, қолы жоқ, ұшқан құстан озады.
  4. Күндіз бар, түнде жоқ.
  5. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.
  6. Кішкентай ғана бойы бар, қабат-қабат тоны бар.
  7. Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды.
  8. Басында таяғы бар, төрт аяғы бар, иегінде сақалы бар.
  9. Темір тілді, күміс үнді.
  10. Түк білмей барасың, тәлімін аласың. Есейіп кетсең де, қарыз болып қаласың.
  11. Суға батпайды, отқа жанбайды.

10-айналым: Тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіру

  1. Иығынан су кету —
  2. Тонның ішкі бауындай —
  3. Ат шаптырым жер —
  4. Таяқ тастам жер —
  5. Екі көзі төрт болу —
  6. Тайға таңба басқандай —
  7. Ит өлген жер —
  8. Тілді үйіреді —
  9. Көз шырымын алу —
  10. Қоян жүрек —

11-айналым: Мақалды жалғастыр (1 минут)

1-топқа

  1. Адамнан үлкен ат жоқ, ...
  2. Жасық адам жасына жетпей, ...
  3. Атаңның баласы болма, ...
  4. Күлме досыңа, ...
  5. Оқусыз білім жоқ, ...

2-топқа

  1. Отан — от басынан, ...
  2. Ағаш — тамырымен, ...
  3. Ел — елдің бәрі жақсы, ...
  4. Білегіңе сенбе, ...
  5. Мектеп — кеме, ...

Қосымша тапсырма

Төмендегі орысша жұмбақтарды қазақ тіліне аударып, шешуін табыңыздар.

  1. На дворе горой, а в избе водой.
  2. Без рук, без ног, а рисовать умеет.
  3. Зимой и летом одним цветом.
  4. Не лает, не кусает, а в дом не пускает.

Сабақты бекіту және бағалау

Оқушылардың білімі төмендегі өлшемдер бойынша бағаланады: шапшаңдық, сөздік қор, логикалық ойлау, мәнерлі сөйлеу, ойды анық жеткізе білу.

Марапаттау

«Тілші» тобының үздіктеріне — «Озат тілші», ал «Тапқыш» тобының үздіктеріне — «Тапқыш ұлан» атағы беріледі.

Нәтиже

Сайыс оқушылардың мақал-мәтел, жұмбақ, тұрақты тіркес қорын кеңейтіп, тіл мәдениетін практикалық әрекет арқылы шыңдауға бағытталған.