Білімпаз топтар өздерін таныстырсын

Сабақ туралы мәлімет

Пән мұғалімі

Мухаметжанова Индира Ерболатқызы

Сыныптар

8, 9, 10

Тақырып

Тіл – жанымның тірегі

Мақсаты

Оқушылардың үш тілге деген қызығушылығын арттыру, дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін дамыту және танымдық-білім дағдыларын қалыптастыру.

Форматы мен әдістері

Сабақтың түрі
Зияткерлік сайыс
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, ізденушілік
Көрнекілігі
Тақырып жазылған плакат, тіл туралы нақыл сөздер

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім сөзі: Армысыздар, құрметті оқушылар мен аяулы ұстаздар! Бүгін сіздер 8, 9, 10-сынып оқушылары арасында өтетін «Тіл – жанымның тірегі» атты зияткерлік сайыстың куәгері боласыздар.

Сайысымыздың ерекшелігі — қатысушылар жеке емес, топ болып білім мен өнерін сынайды. Ойынды бастамас бұрын, әр кезеңнің есебін шығарып, қорытындысын жариялайтын қазылар алқасымен таныстырамыз.

Сайыс кезеңдері

  1. 1 Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады.
  2. 2 Өнерпаз болсаң... Әр топтан бір оқушы жатқа өлең оқиды.
  3. 3 Кино әлемі. Фильм үзіндісін танып, атауын, түсірілген жылын және басты кейіпкерлерін атайды.
  4. 4 Тапқыр полиглот. Жұмбақты шешіп, жауабын орыс және ағылшын тілдеріне аударады.
  5. 5 Көрініс қою. Қажет болса, топ мүшелерінен бөлек оқушылар да қатыса алады.
  6. 6 Сен білесің бе? Сұрақ-жауап кезеңі.

Кіріспе шумақ

Өнер мен білімде —
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде —
Өзіндік менің үнім бар.

Ендеше білімпаз топтар өздерін таныстырсын.

II. Негізгі бөлім

1-кезең. Таныстыру

Әр топ өздерін таныстырады: топтың аты, ұраны, төсбелгісі.

2-кезең. «Өнерпаз болсаң...»

Әр топ атынан бір оқушы шығып, жатқа өлең оқиды.

8-сынып

Тұрсынов Нұрболат — М. Шаханов, «Төрт ана»

9-сынып

Оразалина Жанель

10-сынып

Түктібаева Жадыра

3-кезең. «Кино әлемі»

Әр топқа бір фильмнен үзінді көрсетіледі. Оқушылар фильмнің атын, түсірілген жылын және басты кейіпкерлерін атауы керек. Егер таба алмаса, қарсылас топ жауап беріп, ұпайын толықтыра алады.

8-сынып

«Менің атым Қожа»

  • Жылы: 1963
  • Режиссер: А. Қарсақбаев
  • Кейіпкерлер: Нұрлан Санжар (Сегізбаев), Бикен Римова, Гүлнар Қарабаева

9-сынып

«Жаужүрек мың бала»

  • Жылы: 2012
  • Режиссер: А. Сатаев
  • Кейіпкерлер: А. Төлепов, А. Өтепберген, Ә. Әнуарбек

10-сынып

«Көшпенділер»

  • Жылы: 2005
  • Түрі: қазақ-француз фильмі
  • Кейіпкерлер: Джей Эрнандес, Аянат Есмағанбетова, Досхан, Ерік Жолжақсынов, Дильназ Ахмадиева, Куно Беккер, Марк Дакаскос

4-кезең. «Тапқыр полиглот»

Қазақ және орыс тілдерінде берілген жұмбақтарды шешіп, жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару.

1

Тұрады ылғи сөреде, іші толы өнеге.

Жауабы: кітап / книга / book

2

Везёт, а не лошадь. Летит, а не птица. Жужжит, а не пчела.

Жауабы: самолёт / ұшақ / plane

3

Үлкен алтын табақтан әлемге нұр таратқан.

Жауабы: күн / солнце / sun

4

Упадет — поскачет, ударишь — не плачет.

Жауабы: мяч / доп / ball

5

Қырда жүрер ол жортып, іні де жоқ бармайтын. Құйрығымен бұлтартып, қандай аң ол алдайтын?

Жауабы: түлкі / лиса / fox

6

Тебе дано, а люди им пользуются.

Жауабы: есім / имя / name

7

Жеміс-жидек жегенім, балды жақсы көремін.

Жауабы: аю / медведь / bear

8

Кругом вода, а с питьем беда.

Жауабы: мұхит / море / sea

9

Қоймасын қыс ақтарып, жерді жапты ақ мамық.

Жауабы: қар / снег / snow

10

Мы день не спим, мы ночь не спим, и день и ночь стучим, стучим.

Жауабы: сағат / часы / clock

5-кезең. Көрініс қою

Көрініске қажет болған жағдайда топ мүшелерінен бөлек оқушылар да қатыса алады.

8-сынып: «Қазақ тілі мен үш би»

Оқушы (сахна сыртынан дауыс)

Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын?

Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім? Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды.

Бір күндері мені мүлде жоқ қылғысы келгендер де болды. Өліде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Жылы сөзді, алдымен «айналып кетейін» дегенді осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім.

Төле би

Жасыма! Уа, халқым! Көсіле шабар жерің бар! Тау көтерген елің бар, қол бастайтын ерің бар. Атадан қалған сара жолың бар. Сөз қадірін біліңдер!

Оқушы (сахна сыртынан дауыс)

Төңкеріске дейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара қазақ менен айырылатын да шығар деп едім. Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім.

Молдалардың, тілмаштардың қолжаулығы болудан құтылдым ғой деп ойлаушы едім. Оның үстіне қазақ тілі — мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке жеткендей болды. Бірақ... не керегі бар, босқа қуанған екенмін.

Қазыбек би

Налыма! Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!

Оқушы (сахна сыртынан дауыс)

Жанның бәрі теңдік алып жатқан кеңес өкіметі тұсында менің бұтымды бұт, санымды сан қылып, кім көрінген созғылай бастады. Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейтін Білім кеңесі де мені аямады.

Әйтеке би

Тамыры суда тұрса да, уақыты жеткенде қурамайтын құрақ жоқ. Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

6-кезең. «Сен білесің бе?»

Қорытынды сұрақ-жауап кезеңі. Оқушылардың білімін жинақтап, жылдам ойлауын және тілдік-танымдық қабілетін бағалауға бағытталады.