Өлеңнен теріп жазу

Сабақтың тақырыбы

Зейнолла Шүкіров — «Ақша қар».

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Зейнолла Шүкіровтің «Ақша қар» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Қысқы табиғат құбылыстары туралы түсінікті кеңейту, адам мен жануар өмірімен байланысын ұғындыру.

Дамытушылық

Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту, ойды жинақтап, жүйелеп, қорытынды жасай білу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік

Табиғаттың сұлулығын сезіне білуге, табиғатты аялауға және қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Түсіндіру, іздену, топтастыру
  • «Түртіп алу» стратегиясы
  • Венн диаграммасы
  • Шығармашылық жұмыс

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, дүниетану.

Көрнекіліктер

Қыс келбеті бейнеленген сурет, автор портреті, сызбалар.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Психологиялық дайындық.

Психологиялық дайындық (өлең жолдары)

Күн жарқырап аспанда,

Жарқын нұрын шашады.

Барлық әлем жылынып,

Көңілдерін ашады.

Жылы шуақ шашады.

Оқушылар бір-біріне жылы лебіз, тілек жазып береді. «Тілектеріңіз орындалсын!»

II. Үй тапсырмасын тексеру

М. Жұмабаевтың «Балапан қанат қақты» мәтінін мазмұндау.

Қызығушылықты ояту

Сұрақтар арқылы жаңа тақырыпқа бағыттау:

  • Жыл мезгілдерін атаңдар.
  • Қандай тарауды бастадық?
  • Қазір қай мезгіл?
  • Қыс айларын атаңдар.
  • Қыстың қандай ерекшеліктері бар?

Қыс мезгілінің белгілері

Күн қысқарады.

Түн ұзарады.

Қар жауады.

Боран соғады.

Аяз болады.

Шаңғы, шана тебіледі.

Жаңылтпаштармен жұмыс

Интербелсенді тақтадан жаңылтпаштарды тыңдатып, жатқа айтқызу. Мағынасын талқылау.

Топтастыру

Жаңылтпашта кездескен қар түрлерін анықтап, топтастырамыз:

Сұр қар Құрғақ қар Кір қар Қырбық қар

Бүгінгі жаңа сабағымызда Зейнолла Шүкіровтің «Ақша қар» өлеңімен танысамыз. Оқушылармен бірге сабақтың күтілетін нәтижесін айқындаймыз: бүгін біз өлеңді тыңдаймыз, оқимыз, талдаймыз, негізгі ойды табамыз және шығармашылық жұмыс орындаймыз.

Автор туралы қысқаша мәлімет

Зейнолла Шүкіров (1927–1979) — кеңестік кезеңдегі қазақ ақыны, жазушы. Ол 1927 жылдың 16 ақпанында Арал ауданы, Бөген ауылында дүниеге келген. Алғашқы жинақтары: «Менің достарым», «Теңіз жырлары», «Арал дәптері», «Сағыныш» және т.б.

Қызылорда қаласында З. Шүкіров атындағы көше бар, қала орталығында ескерткіші орнатылған.

Өлеңмен жұмыс

1) Тыңдау

«Ақша қар» өлеңін интербелсенді тақтадан тыңдату.

2) Тізбектей оқу

Өлеңді оқушыларға тізбектей оқыту, түсініксіз сөздерді нақтылау.

3) Мағынасын ашу

Өлеңнің негізгі ойы мен көркемдік тәсілдерін талдау.

Дәптермен жұмыс

Ақын «ақша қарды» неге теңейді? Өлеңнен теріп жазу.

Ақ мамықтай Ақ қанаттай Ақ жібектей

Қорытынды сұрақ: бүгін біз кімнің шығармасымен таныстық?

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалысқа арналған қысқа жаттығулар орындау.

Шығармашылық жұмыс

Тапсырма

Берілген сурет бойынша «Қыс» тақырыбына шағын шығарма жазу.

Сурет көрмесі

Оқушылардың жұмыстарын көрсетіп, мазмұны мен көркем тілін талқылау.

Қорытынды: Венн диаграммасы

Венн диаграммасы арқылы қыс пен көктем мезгілдерін салыстыру, ортақ белгілерін табу.

Қыс

  • Суық, аяз.
  • Қар жауады.
  • Боран соғады.
  • Ағаштар жалаңаштанады.

Ортақ белгілер

  • Екеуі де — жыл мезгілі.
  • Әрқайсысы 3 айдан тұрады.
  • Күн, жер, аспан сияқты ортақ табиғи ұғымдармен байланысты.

Көктем

  • Жылы.
  • Жаңбыр жауады.
  • Ағаштар бүршік атады.
  • Құстар қайтып келеді.

Рефлексия

  • Сабақ ұнады ма?
  • Не үйрендік?
  • Не білдік?

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, талдауы және шығармашылық жұмысы бойынша бағалау.

Үй тапсырмасы

«Ақша қар» өлеңін жаттау.