Бірыңғай сөйлем мүшелерді айтқызу
Сабақ туралы мәлімет
Пәні
Қазақ тілі (4-сынып)
Тақырыбы
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақ түрі
Жарыс сабақ
Сабақ формасы
Жаппай, топпен, жұппен, жеке
Әдіс-тәсілдер
Көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, іздендіру, жүйелеу
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, тірек-сызбалар, оқулық суреттері
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатынын түсіндіру; бірыңғай мүшелердің ерекшеліктерін сипаттау; оқушылардың жеке тұлғалық құзыреттілігін дамыту.
2) Дамытушылық
Таным көкжиегін кеңейту, материалды жылдам қабылдауға жағдай жасау, өз пікірін айтуға дағдыландыру; ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл мәдениетін дамыту.
3) Тәрбиелік
Өзіне деген сенімділікті күшейту, Отанға сүйіспеншілікті арттыру. Елорда — Астана туралы мағлұмат беру.
Сабақтың барысы
I. Мотивациялық кезең
1) Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық дайындық
Армысың, туған жер!
Армысың, Жер-ана!
Армысың, алтын күн!
Армысың, сен!
Армысың, мен!
2) Қызығушылықты ояту
Әңгіме сұрақтары арқылы басталады:
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
- Республикамыздың астанасы қай қала?
- Астана туралы не білесіңдер?
Ойын желісі
Бүгін біз Астана қаласындағы тамаша нысан — Бәйтерек монументіне «сиқырлы басқыштармен» жоғары көтерілеміз. Әр басқышта тапсырма орындалады. Тапсырманы жақсы орындаған оқушыларға топ ұпайы ретінде геометриялық фигуралар беріледі. Сабақ соңында көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанып, туға ие болады.
Топ атауы: «Алғырлар»
Бірі — бәрі үшін, бәрі — бір үшін.
Топ атауы: «Тапқырлар»
Жеңімпаз болып өсеміз, азамат болып өсеміз.
1-кезең. Өткенге шолу
Поэзия минуты
«Көкшетау» (І. Жансүгіров) өлеңінен үзінді мәнерлеп оқылады. Тапсырма: сын есімнен жасалған дара және күрделі мүшелерді табу.
Үй тапсырмасын тексеру және қайталау
- Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз не? Мысал келтір.
- Сөйлемнің күрделі мүшесі дегеніміз не? Мысал келтір.
- 5-жаттығу: күрделі мүшелерді тауып белгіле.
2-кезең. Ой ашу (жаңа тақырып)
Түсіндіру (өмірмен байланыстыру)
Бірыңғай мүшелерді түсіндіру үшін оқушы партасына оқу құралдарын қояды. Мұғалім дәптер, кітап, қалам, қарындаш, сызғышты көрсетіп, олардың бәрі бір оқушыға (мысалы, Айымға) тиесілі екенін аңғартады. Содан кейін мына сөйлем құрастырылады:
Айымда кітап, дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш бар.
Мұндағы бес сөздің бәрі бір сұраққа (Не?) жауап береді және сөйлемде бір қызмет атқарады. Сондықтан бұлар — бірыңғай мүшелер. Бірыңғай мүшелердің орнын ауыстырып қолдануға болады.
Мысал–дәлел
Біз табиғатты қорғаймыз.
Дара сөйлем мүшесінен құралған сөйлем.
Біз орманды, көлді, өзенді қорғаймыз.
Сөздер бір сұраққа жауап беріп, бір мүшемен байланысып тұр (бірыңғай мүшелер).
Интерактивті тақтадағы сөйлемдер
- Орманда қайың, тал, терек, үйеңкі өседі.
- Жылыжайда ақ, көк, қызыл, сары гүлдер өсірілуде.
- Ақ қайың, құба тал, көк теректер өседі.
- Өзен, көлдер — елдің, жердің берекесі.
- Бидай мен арпа, жүгері мен күріш және тары — дәнді дақылдар.
- Алтайдың қарлы шыңдарында бүркіттер де, ұларлар да мекендейді.
Тапсырма: тірек-сызбаны оқушылармен бірге толтыру; сабақтың тақырыбы мен мақсатын кесте арқылы белгілеу.
Ережелер (күтілетін жауап)
1-ереже
Бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшелері деп аталады. Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.
2-ереже
Бірыңғай мүшелер жеке сөзден де, сөз тіркесінен де құралуы мүмкін.
3-ереже
Қосымша бірыңғай мүшелердің соңғы сөзіне ғана немесе әрқайсысына жалғанады.
4-ереже
Бірыңғай мүшелер мен/бен/пен шылаулары арқылы байланысса, үтір қойылмайды. Ал да/де/та/те шылаулары қайталанып келсе, олардың арасына үтір қойылады.
3-кезең. «Кім сауатты?»
1-жаттығу (ауызша)
- Әр топ өз сұрақтарына сұрақ қояды.
- Сөз табын анықтайды.
- Артық сөзді табады, неге артық екенін дәлелдейді.
Тақтамен жұмыс ұйымдастырылады.
2-жаттығу (жазбаша)
Бірдей сұраққа жауап беретін сөздердің сөйлемнің қай мүшесімен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсету.
Сергіту сәті
Кәне, қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
4-жаттығу (сурет бойынша)
- Сурет бойынша сөйлем құрап жаз.
- Сөйлемде бірыңғай мүшелер болсын.
- Бірыңғай мүшелер сөйлемнің қай мүшесі екенін анықта.
- Неге бірыңғай мүшелер бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқаратынын түсіндір.
4-кезең. «Адасқан әріптер»
1-тапсырма
ЕҚАШНА ӨКТРІІ АТЙПА.
2-тапсырма
БІЛМЕНІҢГЕДІ — БІЛНЕНГЕН СРҰА
5-кезең. «Кім шапшаң?»
Пирамида құрастыр
A Ана А — А -------------- Алма А — — А -------------- Артта А — — — А -------------- Астана А — — — — А -------------- Айдында А — — — — — А -------------- Атырауда А — — — — — — A -------------- Айдынында А — — — — — — — A -------------- Айшолпанда
6-кезең. «Жұмбақты математика»
Мысал 1
Қосылғыштар: картоп, сәбіз, қызылша, қызанақ. Қосындысында не болады?
Қосынды: көкөністер.
Мысал 2
Қосылғыштар: орындық, үстел, шкаф, диван. Қосындысында не болады?
Қосынды: үй жиһаздары.
Тапсырма: сөйлемдерден бірыңғай мүшелерді тапқызу.
7-кезең. «Аукцион» ойыны
Оқушыларға жауаптары үшін фишкалар (ұпайлар) беріледі. Интерактивті тақтада сұрақтар көрсетіледі:
- Сабақта нені өттік?
- Сабақтың мақсатына жеттік пе?
- Бірыңғай сөйлем мүшелері деген не?
- Оның қандай ерекшеліктері бар?
Геометриялық фигураларды санап, жеңімпаз топ анықталады. Жеңімпаздарға ту тапсырылады.
Ойын-жаттығу: «Күн шуағы»
«Аспан көгіндегі күн болсаңдар, адамдарға қандай жылы сөздер сыйлар едіңдер?» — сол сөздерді күннің шуағына жазу.
Оқушылар жауаптарын плакатқа маркермен жазады.
Үй тапсырмасы
- 5-жаттығу: өлеңді оқып, көшіріп жаз. Бірыңғай мүшелердің астын сыз.
- Бірыңғай мүшелер қай сөз табынан жасалғанын анықта.
- Отырар қаласы туралы не білесің?