Барлығы неше ойыншық
Сабақ тақырыбы
Математика: «Пысықтау» (саяхат-сабақ форматы).
Сабақтың мақсаты
а) Білімділік
Оқушылардың алған білімін пысықтау: санды өрнектердің мәнін табу, сандарды салыстыру, есеп шығару және білім-білік дағдыларын бекіту.
ә) Дамытушылық
Есте сақтау, ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту. Ойша және ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
б) Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу; тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға баулу.
Ұйымдастыру мәліметтері
- Сабақ түрі
- Саяхат сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік
- Көрнекіліктер
- Өрнектер, карточкалар, интерактивті тақта, қала суреттері, бейнероликтер (Астана), сергіту сәті (Айя мен Әли санамақ).
- Пәнаралық байланыс
- Дүниетану, Ана тілі
Психологиялық дайындық
Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде.
Математиканы оқимыз,
Миымызға тоқимыз.
Оқушылар топқа бөлініп отырады.
Үй тапсырмасын тексеру
«Жұлдызқұрттағы» өрнектердің мәнін тексеру (2 оқушы орындайды):
- 1) 8 − 5 + 6 − 2 + 3 − 7 + 5
- 2) 3 + 7 − 8 + 7 − 5 + 6 − 7
Үй тапсырмасын бекіту
Жедел сұрақтар
- 1) 4 және 6 сандарының көршілес сандары.
- 2) 2 мен 4 сандарының қосындысы.
- 3) 7 мен 3 сандарының айырмасы нешеге тең?
- 4) 9 санының құрамын табу.
- 5) A + 3 қосындысы қандай өрнек?
Дәптермен жұмыс (2 минут)
Балалар өрнектерді көшіріп жазып, мәнін табады:
Бағалау критерийі (өзара бағалау)
- Қате жоқ — жұлдызша.
- 1–2 қате — төртбұрыш.
- 3 және одан көп қате — үшбұрыш.
Пысықтау: «Саяхат» сценарийі
Сабақты Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастаймыз: «Бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман».
Жыл мезгілі — көктем. Көктемнің соңғы айы — мамыр. Алда жайдарлы жаз, жазғы демалыс және саяхат күтіп тұр.
Бүгін көліктерді пайдаланып, қалаларға «саяхат» жасаймыз. Әр тапсырма орындалған сайын пазлдың бір бөлігі ашылады. Соңында қай қалаға келгеніміз анықталады.
1-көлік: Поезд
Алдымен поезбен жолға шығамыз. Тапсырмалар жеңіл, ауызша орындалады (№1, №4). Кітаппен жұмыс жүргізіледі.
Нәтижесінде біз Ақтөбе қаласына келеміз. Мұғалім қала туралы қысқаша мәлімет береді.
2-көлік: Автобус (әуежайға дейін)
Әуежайға бару үшін автобусқа отырамыз. Автобустың тапсырмасы — теңдеу шешу (№2). 3 оқушы тақтада орындайды, қалғаны дәптермен жұмыс істейді.
Теңдеу 1
9 − x = 9
x = 9 − 9 = 0
Тексеру: 9 − 0 = 9
Теңдеу 2
x − 3 = 4
x = 4 + 3 = 7
Тексеру: 7 − 3 = 4
Теңдеу 3
100 − x = 10
x = 100 − 10 = 90
Тексеру: 100 − 90 = 10
Есеп (№3)
Қант — 5 кг.
Ұн — қанттан 3 кг артық.
Шешуі: 5 + 3 = 8
Жауабы: 8 кг ұн.
Болды — 8 кг.
Жұмсады — 2 кг.
Қалды — ?
Шешуі: 8 − 2 = 6
Жауабы: 6 кг ұн қалды.
Осы тапсырмалардан кейін пазлдың екінші бөлігі ашылады.
Сергіту сәті
«Айя мен Әли» санамағы бейнеролигі қосылады.
3-көлік: Ұшақ (топтық жұмыс)
Ұшақпен 1–2 сағатта ұшып жетеміз. Бұл кезеңдегі тапсырмалар күрделірек: 3 топқа есеп беріліп, оқушылар постер қорғап, тақтада түсіндіреді.
І топ
Әселде 9 ойыншық бар. Оның 6-уы — текше. Әселде неше доп бар?
Шешуі: 9 − 6 = 3
Жауабы: 3 доп.
ІІ топ
Әселде 9 ойыншық бар. Оның 3-еуі — доп. Әселде неше текше бар?
Шешуі: 9 − 3 = 6
Жауабы: 6 текше.
ІІІ топ
Әселде 6 текше және 3 доп бар. Барлығы неше ойыншық?
Шешуі: 6 + 3 = 9
Жауабы: 9 ойыншық.
Үшінші пазл бөлігі ашылады. Суретке қарап, қай қалаға келгенімізді анықтаймыз: Астана.
Астананың көрікті жерлері көрсетілген бейнеролик көрсетіледі. Оқушылар көргені бойынша қысқаша әңгімелейді.
Қорытынды: қызықты есептер
Ұшақпен Орал қаласына жеткенше, қызықты есептер шығарамыз:
Көлден ұшты 7 қаз, қайтып қонды 2 қаз. Қонбағаны нешеу?
Жауабы: 5
Беспайда 5 іні, Естайда 2 іні. Қоссаң 5 пен 2-ні, нешеу болады?
Жауабы: 7
Атамда 5 алма, апамда 5 алма. Барлығын қоссақ, неше алма?
Жауабы: 10
Алма ағашта 5 алма. Бесеуін де жеп қойсақ, неше алма қалады?
Жауабы: 0
Екі тышқанның құлағы нешеу?
Жауабы: 4
Екі мысықтың аяғы нешеу?
Жауабы: 8
Бес тырнаның мойны нешеу?
Жауабы: 5
Табақта 4 өрік, қолымда 2 өрік. Барлығы неше өрік?
Жауабы: 6
5 алманың біреуін досың сұрап алды. Өз қолыңда неше алма қалады?
Жауабы: 4
Үйге тапсырма
№1 тапсырма.
Бағалау
Кімде смайлик көп жиналса, сол бойынша баға қойылады: 5 — «5», 4 — «4», 3 — «3».