Тригонометрияның шығу тарихымен таныстыру

Қызылорда қаласы • Аграрлық-техникалық колледжі

Математика пәні оқытушысы: Амантайқызы Айгерім

Сабақтың тақырыбы

Тригонометрияның негізгі формулалары

Сабақ форматы

Түрі
Практикалық сабақ
Типі
Іскерлік, білік-дағдыны қалыптастыру
Технология
Деңгейлеп саралап оқыту (ДСОТ), сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың мақсаттары

Білімділік мақсаты

  • Әрбір оқушыға сапалы әрі терең білім беру, ой-өрісін кеңейту.
  • Интерактивті тақта мүмкіндіктері арқылы меңгерілген білімді жаңарту.
  • Тригонометрияның шығу тарихымен таныстыру.
  • Бір тригонометриялық функцияның мәні арқылы қалғандарының мәнін табуға арналған есептерді шығаруға үйрету.

Дамытушылық мақсаты

  • Ойлау және есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
  • Шығармашылық ізденісін дамыту.
  • Өзіндік шешім қабылдауға, жүйелі ой қорытынды жасауға бағыттау.

Тәрбиелік мақсаты

  • Меңгерген білімнің өмірлік маңызын түсіндіру.
  • Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
  • Логикалық ойлауға, жүйелі жұмыс істеуге, өзіндік еңбектенуге баулу.
  • Өзін-өзі бағалауға және білімін тиянақтай білуге үйрету.

Әдістер, стратегиялар және ресурстар

Сабақтың әдістері

  • Түсіндірмелі
  • Репродуктивті
  • Сұрақ–жауап
  • Ой қозғау
  • Миға шабуыл

Қолданылатын стратегиялар

  • Топтастыру
  • Ой толғаныс

Көрнекілігі және ресурстар

  • Деңгейлік тапсырмалар жазылған таратпалар
  • Компьютер, интерактивті тақта
  • Тірек-сызбалар
  • Білімді бағалау парағы

Пәнаралық байланыс

Информатика, математика және физика пәндерімен байланыста жүргізіледі.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (қызығушылықты ояту)

1) Ұйымдастыру жұмыстары

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Топқа бөлу

  • 1-топ: «Синустар»
  • 2-топ: «Косинустар»
  • 3-топ: «Тангенстер»

Әр топта топ басшысы тағайындалады.

2) Зейінді шоғырландыру: викториналық сұрақтар (миға шабуыл)

  1. Сызғыштың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады?

    Жауабы: 5 бұрыш.

  2. Сыныпта 24 оқушы бар. Оның 18-і қыз. Қыздар барлық оқушылардың неше пайызын құрайды?

    Жауабы: 75%.

  3. Қандай үш санның көбейтіндісі олардың қосындысына тең?

    Жауабы: 1, 2, 3.

  4. «Нөл» ұғымы алғаш қай елде пайда болды?

    Жауабы: Үндістанда (шамамен V ғасыр).

  5. Отырардан шыққан ұлы ойшыл, ғалым-математик кім?

    Жауабы: Әл-Фараби.

  6. 100 санын бес 1-мен, бес 3-пен, бес 5-пен қалай жазуға болады?

    1-лермен: 111 − 11 = 100.

    3-термен: (33 × 3) + (3 ÷ 3) = 100.

    5-термен: (5 × 5 × 5) − (5 × 5) = 100.

Соңында сабақтың мақсат-міндеттері оқушыларға таныстырылады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Оқушылар тақтада есептер шығарады.
  • Үй тапсырмасы интерактивті тақтада «Домино» ойыны арқылы тексеріледі.
  • «Топтастыру» стратегиясы бойынша сұрау жүргізіледі.

1-топ тапсырмасы

«Жұптасып сурет салу» стратегиясы бойынша: логарифмдік функция.