Ертегілер еліндегі ханшайымға

Мақсаты

  • Оқушылардың ертегілер туралы білімін тереңдету; ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге, сөз мәнерін сақтап, қимыл-қозғалыспен ойнауға үйрету.
  • Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.
  • Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу; жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуге баулу.

Көрнекілігі

  • «Ертегілер еліне саяхат» плакаты
  • Шарлар
  • Ертегі кейіпкерлерінің суреттері

Барысы

Мұғалімнің сөзі

Құрметті қонақтар! Сіздер қазір мектебіміздің 2-сынып оқушыларының өнері мен білімін тамашалайсыздар. «Ертегі еліне саяхат» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер!

(Сахнаға ертегі кейіпкері — Ханшайым шығады.)

Ханшайымның қарсы алуы

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Мен — ертегілер әлемінің ханшайымымын. Бүгін сіздермен жүздескеніме қуаныштымын!

Маған кеше бір үлкен хат келді. Сол хатпен сіздерді таныстырайын:

Хат

«Ертегілер еліндегі ханшайымға! Ханшайым, біз сізбен кездескіміз келеді. Сіздің ғажайып әлеміңізге барып, біліміміз бен өнерімізді көрсеткіміз келеді. Сіз қалай қарайсыз? Жауап күтеміз! 2 “А” сынып оқушылары.»

Мен оларға қарсы емес екенімді айтып, жауап хат жолдадым. Қазір менің әлеміме 2 “А” сынып оқушылары келе жатыр. Бәріміз бірге қарсы алайық!

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің ғажайып әлеміме қош келдіңдер! Мен — ханшайыммын.

Жүргізушілердің таныстыруы

1-жүргізуші

Сәлеметсіз бе, ханшайым! Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Бүгін сіздермен ғажайып ертегілер әлемінде қауышқанымызға қуаныштымыз!

2-жүргізуші

Ханшайым! Біз сіздің ғажайып ертегілер әлеміңізге құр келмедік. Тақпақтар айтып, жұмбақтар шешіп, оқыған ертегімізден сахналық қойылым көрсетуге дайындалып келдік.

Сұрақ-жауап: ертегі туралы түсінік

Ханшайым балаларға сұрақ қояды:

  • Ертегіні жақсы көресіңдер ме?
  • Ертегіні алғаш кімнен, қайдан естідіңдер?
  • Өздерің ертегі туралы не білесіңдер?

1-оқушы

Балалар, ертегі деген шынымен-ақ ғажап емес пе? Осы күнге дейін ертегіні біреулерің ата-әжелеріңнен, енді біреулерің ата-аналарыңнан тыңдап, оқып, теледидардан көріп келесіңдер.

2-оқушы

Ертегі ерте заманнан бері адамзатпен бірге жасап келеді және мәңгі жасай бермек. Ұлы ақын-жазушылардың бәрі бала кезінде біз сияқты ертегі тыңдап өскен. Қазақ ертегілерін академик Мұхтар Әуезов үш топқа бөледі.

3-оқушы

Қиял-ғажайып ертегілер. Мұндай ертегілер ойдан, қиялдан туындайды.

4-оқушы

Жан-жануарлар туралы ертегілер. Мұндай ертегілердің желісі хайуанаттар бейнесі арқылы өрбиді.

5-оқушы

Шыншыл ертегілер. Мұндай ертегілер шынайы өмірге жақын әңгімелер негізінде құрылады.

6-оқушы

Ертегі ақылды әрі мейірімді болуға, өмір сүруді және достасуды үйретеді. Көп жағдайда «барлық іс ақылмен атқарылуы керек» деген ой айтылады.

7-оқушы

Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеті арқылы адамның түрлі қасиеттері айқын көрінеді: қайырымдылық, батылдық, көмектесуге дайын болу, достық, қарапайымдылық, еңбекқорлық.

8-оқушы

Ал жағымсыз қасиеттер жалқаулық, қорқақтық, дөрекілік сияқты қылықтар арқылы көрсетіледі.

Ханшайым:

Балалар, сендер ертегі туралы көп біледі екенсіңдер. Өте тамаша!

Жұмбақтар бөлімі

1-жүргізуші

Ханшайым, Нұрила екеуміздің балаларға дайындап келген жұмбақтарымыз бар еді. Сол жұмбақтарды жасыруға рұқсат бересіз бе?

Ханшайым

Әрине! Жұмбақтарыңды жасыра қойыңдар, бәріміз бірге тыңдайық.

2-жүргізуші — жұмбақ

Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ — бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол — алдайтын?

Жауабы: түлкі

1-жүргізуші — жұмбақ

Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.

Жауабы: қоян