Мұқағали МақатаевҚажып тұрмын, несіне жасырайын, Әкелші, ата, бар болса насыбайың

Мұқағали Мақатаев

Қажып тұрмын, несіне жасырайын,
Әкелші, ата, бар болса насыбайың.
Азан - қазан шулаған қапақ бастан
Құрып кеткір даң - дұңды қашырайын.
Айтшы, ата, әкемді көріп пе едің?
Ол да меңдей жан ба еді желікпелі?
Ол да мендей шақшаңа құмар болып,
Сергіп бір қайту үшін келіп пе еді?
Ол да мендей шолжаңдап жүріп пе еді?
Саяқ па еді, болмаса күлік пе еді?
Болмаса дүйім елді дүбірлеткен
Бағзы біреулердей бүлік пе еді?
Мұрагері емес пе ем арт жағында,
Әкеме тарттым ба, ата, тартпадым ба?
Ата көрген оқ жонар деуші еді ғой
Байырғы атамыздың салттарында.
Айтшы, ата, әкемді көріп пе едің?
Ақыл - кеңес оған да беріп пе едің?
... Оу, ата, мұның қалай, жарамайды
Несіне көз жасыңа ерік бердің?!
Көрсетпе көз жасынды, жасымаймын,
Әкем өлсе, мен бармын несі уайым!
Әкемдей бір атайын шертіп тұрып,
Әкелші, тәуір екен насыбайың.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Қабанбай батыр туралы аңыздар
Мұқағали Мақатаев лирикасының өміршеңдігі
Мұқағали Мақатаев жайында
Мақатаев социализм дәуірінің төл перзенті
М. Мақатаевтың азаматтық тұлғасын өзінің өлеңдері мен поэмалары арқылы сомдау
Мұқағали поэзиясындағы ішкі сезім иірімдері
Қазақ елінің ұлттық идеясы– Мәңгілік Ел!
Ыбырай мен Мұқағали ұқсастығы
Ұлықбек Есдәулет поэзиясының поэтикасы
Қазақ өлеңдеріндегі табиғат тақырыбы (М.Мақатаев, К.Мырзабеков өлеңдері негізінде)
ЖАМАҚҰЛЫ БЕЙБАРЫС
БАРАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕК
ҚР-дағы мұнай нарығының даму заңдылықтары және тенденциясы «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ
ӘЛІБЕКҰЛЫ СЫПАТАЙ
ТАЙМАНҰЛЫ ИСАТАЙ
Нидерланды еліне экономикалық сипатама
Есет Көтібаровтың хиуалықтарға қарсы күресі
Локомотив құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және жаңаша жабдықтау «Жолбарыс» ЖШС-не қысқаша сипаттама туралы
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
Оңтүстік Корея Республикасының дамыған елдер қатарына қосылудағы мемлекеттік шараларының рөлі