Қобыз қандай аспап

Сабақтың тақырыбы

Қобыз. Сын есім жасайтын жұрнақтар (презентациямен).

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік

  • Тақырып аясында оқушылардың лексикалық қорын байыту.
  • Қобыз туралы білімін жаңа мәліметтермен толықтыру.
  • Сын есім жасайтын жұрнақтарды қайталау.

2) Дамытушылық

  • Ой белсенділігін арттыру.
  • Шығармашылық қабілетін дамыту.

3) Тәрбиелік

  • Қазақ халқының мәдениетін таныту.
  • Ұлттық мәдениетке жағымды көзқарас қалыптастыру.

Әдістер мен көрнекіліктер

Әдістер

  • сұрақ-жауап
  • көрнекілік
  • интерактивті жұмыс

Көрнекіліктер

  • үнтаспа
  • Қорқыт ата суреті
  • музыкалық аспаптардың суреттері
  • қобыз

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлықты тексеру.

II. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Мұғалім: «Сәлеметсіңдер ме, балалар!»

Кезекшілік сұрақтар (тақта бойынша):

  • — Мынау не? — Бұл балалайка.
  • — Мынау не? — Бұл домбыра.
  • — Балалайка қай халықтың ұлттық аспабы?
  • — Домбыра қай халықтың ұлттық аспабы?
  • — Ал мынау не? (мұғалім қобызды көрсетеді)

Бүгінгі сабақтың мақсаты — қазақтың ұлттық аспабы қобыз туралы білімдеріңді кеңейту, жаңа мәліметтер алу, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріп, олармен сөйлем құрастыруға үйрену.

Сөздікке назар аударамыз (слайд).

III. Жаңа сабақ

Сөздікпен жұмыс

Сөздікті мұғалім оқиды, кейін оқушыларға оқытады.

Қазақша

Орысша

ғасырлар бойы

на протяжении веков

қуанышы мен мұңын шерту

повествовать радость и печаль

құлпырған

цветущий

көктемгі дала тынысы

весеннее дыхание степи

жібек желдің сыбдыры

шорох прохладного ветра

аңыз бойынша

по легенде

ойлану, толғану

думать, колебаться

Мәтінмен танысу

Үнтаспадан қобыздың әуені тыңдалады. Одан кейін мәтінмен жұмыс жүргізіледі: мәтінді оқыту және (қажет болса) екінші абзацты жатқа айту. Екінші абзацта Қорқыт атаның суреті көрсетіледі.

Мәтін: «Қобыз»

Тыңдаңызшы...

Бұл — ғасырлар бойы дала қазағының қуанышы мен мұңын шерткен қобыз үні! Қобыз үнінде құлпырған көктемгі дала тынысы бар. Даладағы жібек желдің сыбдыры бар.

Аңыз бойынша қобызды жасаған Қорқыт ата дейді. Ол: «Өмірде не мәңгілік?» — деп көп ойланады. Көп ойланып, толғанып, қобыз жасап, күй шығарады.

(7-сынып «Қазақ тілі» оқулығы, 128-бет)

Мәтінге байланысты тапсырмалар

  1. 1. Мәтіннен сөздікте кездескен сөз тіркестерін тауып, оқыңдар.
  2. 2. Сұрақтарға жауап беріңдер:
    • Қобыз деген не?
    • Қобыз қандай аспап?
  3. 3. Сызбаны толықтырыңдар: «Қобыз үнінде не бар?»
    қуаныш пен мұң дала тынысы желдің сыбдыры
  4. 4. Сын есім жаса:

    Зат есім

    мұң

    Зат есім

    қуаныш

    Зат есім

    музыка

    (Үнтаспадан домбыраның мұңлы және көңілді әуені тыңдалады. Сұрақ: «Мынау қандай музыка?» Жауап: «Мұңлы, қуанышты».)

  5. 5. Мәтіннен септік жалғауы бар зат есімдерді атаңдар.
  6. 6. Деңгейлік тапсырмалар:

    III деңгей

    Мәтін бойынша диалог құрастыру.

    II деңгей

    Сөз тіркестерін аудару

    Повествовал радость и печаль; голос кобыза; шорох ветра; дыхание степи; цветущая весенняя степь; по легенде; что в мире вечно?; сочинил кюй.

    I деңгей

    Мәтінді қалпына келтіру

    Қобыз
    Тыңдаңызшы... Бұл — ................................ дала қазағының .................. мен .................. шерткен қобыз үні!
    Қобыз үнінде .................. көктемгі дала .................. бар.
    Даладағы жібек желдің .................. бар.
    Аңыз бойынша қобызды жасаған .................. дейді.
    Ол: «Өмірде не мәңгілік?» — деп, .................. ойланады.
    Көп ойланып, толғанып, .................. жасап, .................. шығарады.

Диалог (оқу)

  • — Сәлем, Әлия!
  • — Сәлем, Азамат!
  • — Кешір, сен қайда барасың?
  • — Мұражайға.
  • — Сен қандай мұражайға барасың?
  • — Ұлттық аспаптар мұражайына.
  • — Мұражай қай көшеде орналасқан?
  • — Зенков көшесінде.
  • — Мұражайда қандай ұлттық аспаптар бар?
  • — Домбыра, сазсырнайлар, жетіген, қобыз.

Бұл музыкалық аспаптарды ұлттық аспаптар мұражайынан көруге болады. Ықылас атындағы ұлттық аспаптар мұражайына қош келдіңіздер!

Жағдаят: «Мұражайға келе жатқанда»

Диалогты толықтырыңдар.

Нұсқа 1

  • — Сәлем, Әлия! — ................................
  • — Кешір, сен қайда барасың? — ................................
  • — Сен қандай мұражайға барасың? — ................................
  • — Мұражай қай көшеде орналасқан? — ................................
  • — Мұражайда қандай ұлттық аспаптар бар? — ................................

Нұсқа 2

  • — ................................! — Сәлем, Азамат!
  • — ................................? — Мұражайға.
  • — ................................? — Ұлттық аспаптар мұражайына.
  • — ................................? — Зенков көшесінде.
  • — ................................? — Домбыра, сазсырнайлар, жетіген, қобыз.

IV. Бекіту

«Музыкалық аспаптар мұражайына саяхат» тақырыбы бойынша әңгіме: домбыра, сазсырнай, жетіген және қобыз туралы не білетіндерін сұрау.

Тест

  1. 1. Музыкалық аспап
    а) күй   ә) ұлттық аспап   б) қобыз
  2. 2. Қобыз үнін...
    а) -да   ә) -те   б) -де
  3. 3. Қорқыт ата
    а) домбыраны жасаған   ә) қобызды жасаған   б) жетігенді жасаған
  4. 4. «Шорох» сөзінің аудармасы
    а) тыныс   ә) жел   б) сыбдыр
  5. 5. Қобыз
    а) қуаныш пен мұңды шерткен   ә) қуанышты шерткен   б) мұңды шерткен
  6. 6. «... дала тынысы, желдің сыбдыры бар.»
    а) қобыз үнінде   ә) қобыз үнінде   б) қобыз үнінді
  7. 7. «Құлпырған көктемгі ...»
    а) дала тынысы   ә) желдің сыбдыры   б) қуаныш пен мұң

Ескерту: 6-сұрақта дұрыс нұсқа ретінде «қобыз үнінде» қолданылады.

V. Қорытынды

  1. 1. Қандай музыкалық аспаптарды білесің?
  2. 2. Қазақ ұлттық аспаптарын ата.
  3. 3. Қобызды кім жасаған?
  4. 4. Қобыздың үні қандай?
  5. 5. Қандай композиторларды білесің?
  6. 6. Музыкалық аспаптарды қайдан көруге болады?
  7. 7. Қобыз туралы кім қысқаша әңгімелеп береді?

VI. Үй жұмысы

129-бет, 5-тапсырма.

VII. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының толықтығы және тапсырмаларды орындауы бойынша бағалау жүргізіледі.