Балаларды тазалыққа баулу және салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру
Ұйымдастырылған оқу қызметінің қысқаша мәліметі
Екінші кіші топқа арналған «Сөйлеуді дамыту» сабағының конспектісі. Сквозная тема: «Мамандықтың бәрі жақсы». Тақырыбы: «Бізге дәрігер қонаққа келді».
Білім беру саласы
Қатынас (Коммуникация)
Пән
Сөйлеуді дамыту
Педагогикалық технологиялар
- Денсаулық сақтау технологиясы
- Ойын әдісі
- Сұрақ–жауап
- Әңгімелеу
Мақсаттар
- 1 Тәрбиелік: дәрігер еңбегін құрметтеуге үйрету.
- 2 Дамытушылық: тазалыққа баулу және салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.
- 3 Оқыту: дәрігер мамандығының маңызын түсіндіру; ойын барысында қарапайым сөйлем құрап, оны түсіндіріп, қайталап айтуға үйрету.
Ресурстар
- Кейіпкерлер: дәрігер, қоян, қасқыр, аю
- Дәрігердің құрал-жабдықтары
Билингвалдық компонент
- дәрігер
- доктор
- мақта
- вата
- дәке
- бинт
- йод
- йод
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
Сабақ ойын түрінде өтеді: балалар қонаққа келген дәрігер Айболитпен бірге ормандағы аңдарға көмектесіп, денсаулыққа пайдалы әдеттерді бекітеді.
1) Ұйымдастырушылық кезең: «Ғажайып сәт»
Тәрбиеші: «Балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты. Бұл кім екен?»
«Кіріңіз, мейірімді дәрігер! Біз сізді асыға күттік!»
Балаларға дәрігер Айболиттің орманда ауырып қалған аңдарды емдейтіні айтылады. Билингвалдық компонент бекітіледі: дәрігер — доктор.
2) Негізгі бөлім: орманнан келген қонақтар
Қоян: «Ішім ауырады»
Дұрыс тамақтану және күн тәртібі туралы әңгіме.
Қоян жылап келеді: «Ой-ой-ой!»
Айболит: «Не болды саған, қоян досым?»
Қоян: «Ішім ауырады».
Дәрігердің сұрақтары:
- «Бүгін жаттығу жасадың ба?» — «Жоқ.»
- «Сумен шынықтың ба?» — «Жоқ.»
- «Тамақ іштің бе?» — «Жоқ.»
Тәрбиеші сұрағы: «Балалар, іш ауырмас үшін не істеу керек?»
Жеке жұмыс: «Амина, сенің ішің ауырғанда анаң не істейді?»
Айболит қоянды емдеп, пайдалы кеңес береді.
Аю: «Басым ауырып тұр»
Жарақат кезінде қауіпсіздік және алғашқы көмек.
Қорбаңдаған аю келеді: «Ой-ой-ой, басым!»
Аю: «Орманда жүріп тасқа сүрініп құладым. Басым тасқа тиді».
Айболит: «Онда жараңды байлап берейін».
Сұрақ:
«Балалар, жараны таңу үшін қандай құралдарды қолданамыз?»
Қауіпсіздік кеңесі: «Ата-анаңды тыңда. Далаға ата-анасыз шықпа».
Аю: «Енді түсіндім. Анаммен бірге қыдырамын».
Қасқыр: «Тісім ауырып тұр»
Тәттіні шектеу және пайдалы тағамды таңдау.
Арылдап қасқыр келеді: «Ой-ой-ой!»
Айболит: «Не болды саған, қасқыржан?»
Қасқыр: «Тісім ауырып барады».
Айболит: «Қандай тамақ жедің?»
Қасқыр: «Тәтті тоқаш пен кәмпит жедім».
Тәрбиеші сұрағы:
«Балалар, тәтті тоқаш пен кәмпитті көп жеуге бола ма?»
Айболит: «Тәттіні көп жесең, тісің ауырады. Ал көкөніс пен жеміс жесең, тісің сау болады».
Дидактикалық ойын: «Қажетін тап»
«Балалар, мына құралдардың ішінен тіс емдеуге арналған құралдарды тауып беріңдер».
Айболит қасқырдың тісін емдеп береді.
Қорытынды кеңестер (бекіту)
1-кеңес
Жаттығу жасау керек.
Шаршағаның басылады, денең сергиді.
2-кеңес
Күн, ауа, су — біздің нағыз досымыз.
Шынығу — денсаулықтың тірегі.
3-кеңес
Таңғы ас: ботқа және қара нан пайдалы.
Күніңді пайдалы тағаммен баста.
4-кеңес
Сәбіз жеу және томат шырынын ішу пайдалы.
Көкөніс — дәрумен көзі.
Доктор Айболиттің тілегі:
«Көңілді жүріңдер, ешқашан ауырмаңдар. Кеңестерімді орындап, денсаулықтарыңды күтіңдер. Сау болыңдар, балалар!»
3) Қорытынды бөлім: сұрақтар мен рефлексия
Талқылау сұрақтары
- «Бүгін бізге қонаққа кім келді?»
- «Дәрігер Айболит орманда нелерді емдейді?»
- «Дәрігер қандай кеңестер айтты?»
Қорытынды ой
«Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге ризамын. Сендерге тәтті дәрумендерім бар. Енді өзімізді таза ұстайық, ауырмайық және әрдайым көтеріңкі көңіл күйде болайық».