Араласып кеткен оқиғалар
Сабақ жоспары
Химия • Су
Судың химиялық қасиеттері
Бұл сабақта судың химиялық қасиеттері және оның әртүрлі заттармен әрекеттесуі қарастырылады. Оқушылар реакция теңдеулерін құрастырып, нәтижелерін талдайды және топтық жұмыс арқылы өзара үйрету дағдыларын дамытады.
Мақсаты
Судың химиялық қасиеттерін және оның қандай заттармен әрекеттесетінін меңгерту.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар судың химиялық қасиеттері туралы толық мағлұмат алып, негізгі реакция теңдеулерін жаза алады.
Құралдар мен әдістер
- Көрнекілік: слайдтар, карточкалар, есептер
- Әдістер: Кубизм, ассоциация, «араласып кеткен оқиғалар», деңгейлік тапсырмалар
Міндеттері
1) Мазмұндық
Оқушылар судың металдармен, бейметалдармен және оксидтермен әрекеттесуін сипаттап, реакция теңдеулерін жаза алады.
2) Сыни ойлауды дамыту
Сутек пен оттектің әрекеттесуі нәтижесінде су түзілетінін, ал судың оксидтермен әрекеттесуі арқылы негіздер мен қышқылдар түзілетінін түсінеді.
3) Топтық жұмыс
Оқушылар бір-бірін оқытып, пікір алмасады және «су басқа қандай заттармен әрекеттесе алады?» деген сұрақтарға дәлелді жауап береді.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгелдеу
II. Үй тапсырмасын сұрау (Кубизм әдісі)
Оқушылар тапсырманы әр қырынан қарастырып, қысқаша жауап береді:
1. Суретте
Нысанды сипаттап бер.
2. Салыстыр
Ұқсастық пен айырмашылықты тап.
3. Қолдан
Қайда және қалай пайдаланылады?
4. Сарала
Құрамын немесе бөліктерін талда.
5. Ойыңмен байланыстыр
Өмірден мысал келтір.
6. Қарсылас
Басқа көзқарасты дәлелде.
III. Қызығушылықты ояту
- Ассоциация әдісі
- Сұрақ-жауап: «Су қандай заттармен әрекеттесуі мүмкін?»
IV. Мағынаны тану
Су келесі заттармен әрекеттесуі мүмкін: белсенді металдар, орташа белсенді металдар, бейметалдар, негіздік оксидтер және қышқылдық оксидтер.
1) Белсенді металдар
2Na + 2H2O → 2NaOH + H2
Нәтижесінде сілті және сутек газы түзіледі.
2) Орташа белсенді металдар
Zn + H2O → ZnO + H2
Тиісті оксид және сутек түзіледі.
3) Бейметалдар
C + 2H2O → CO2 + 2H2
Көміртек су буымен әрекеттескенде газтәрізді өнімдер түзіледі.
4) Негіздік оксидтер
Na2O + H2O → 2NaOH
Сумен әрекеттесіп негіз (сілті) түзеді.
5) Қышқылдық оксидтер
SO3 + H2O → H2SO4
Сумен әрекеттесіп қышқыл түзеді.
V. Ой толғаныс
1) «Араласып кеткен оқиғалар» әдісі
Оқушыларға берілген фрагменттерден дұрыс реакция теңдеулерін құрастыру ұсынылады:
- KOH + H2 = …
- … + Al2O3 + Al = …
- … + H3PO4 + P2O5 = …
- K2O + H2O = 2KOH
2) Деңгейлік тапсырмалар
А деңгей
Төмендегі заттардың қайсысы сумен әрекеттеседі?
K, P2O5, C, BaO, HCl, ZnCl2
В деңгей
Реакция теңдеулерін аяқта:
- Li2O + H2O → …
- SO2 + H2O → …
- 2Li + 2H2O → …
С деңгей
Есеп: массасы 31 г натрий оксиді сумен әрекеттескенде қанша грамм натрий гидроксиді түзіледі?
VI. Қорытындылау
Су — көптеген заттармен әрекеттесетін маңызды қосылыс. Оның металдармен, бейметалдармен және оксидтермен реакциялары арқылы сутек, негіздер және қышқылдар түзілуі қорытындыланады.
VII. Үй тапсырмасы
Төмендегі элементтердің сумен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңыз:
Li, Ca, K, Ba, Al
VIII. Бағалау
Оқушылардың теңдеу құрастыру дәлдігі, түсіндіру сапасы және топтық жұмысқа қатысуы бойынша бағаланады.
Автор туралы мәлімет
- Білім беру ұйымы
- А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектеп
- Өңір
- Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
- Пән мұғалімі
- Г. Дегенбаева