Физика табиғат туралы ғылым

Пәні

Физика және астрономия (презентациясымен)

Тақырыбы

Табиғат және адам. Физика — табиғат туралы ғылым. Астрономия — аспан денелері туралы ғылым.

Сабақ сипаттамасы
  • Сабақтың типі

    Жаңа сабақ

  • Сабақтың түрі

    Аралас сабақ

  • Әдісі

    Оқулықпен жұмыс

  • Көрнекілігі

    Оқулық, суреттер

Пәнаралық байланыс

География, биология, химия

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Оқушыға табиғат пен адам арасындағы байланысты түсіндіру; «физика», «астрономия» терминдерінің мағынасын ашу; қазіргі заманғы жаңа технологиялардың дамуына негізгі үлес қосқан ғылым ретінде физиканың рөлін таныту.

2) Тәрбиелік

«Табиғат және адам», «физика — табиғат туралы ғылым», «астрономия — аспан денелері туралы ғылым» тақырыптарын меңгерту арқылы оқушыны табиғатты аялауға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

3) Дамытушылық

Табиғат туралы түсінік бере отырып, оқушының танымдық деңгейін арттыру, ой-өрісін кеңейту және бақылау дағдыларын дамыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Сәлемдесу.
  2. 2 Оқушының құрал-жабдығын тексеру.
  3. 3 Оқушының назарын сабаққа аудару.

II. Оқушы білімін жан-жақты тексеру

Сұрақ

Біз терезеге қарағанда нені көреміз?

III. Жаңа түсінік беру

Тарихи негіз

Физика табиғат туралы ғылым ретінде алғаш рет гректің ұлы ойшылы, тарихта «бірінші ұстаз» атанған Аристотельдің еңбектерінде жүйелі түрде баяндалды.

Терминнің шығуы

«Физика» сөзі грек тіліндегі physis — «табиғат» деген мағынаны білдіреді.

Ғылыми мағынаны байыту

Бұл ұғымның ғылыми мазмұнын тереңдетуге тарихта «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегі зор. Ал орыс тіліне «физика» терминін енгізген — М. В. Ломоносов.

IV. Жаңа түсініктер мен іс-әрекет тәсілін қалыптастыру

Сабақ барысында төмендегі негізгі ұғымдармен жұмыс жүргізіледі:

  • Астрономия
  • Физика
  • Физикалық құбылыстар
  • Галактика
  • Біздің ғалам
  • Жұлдыздар
  • Ғарыш әлемі

V. Проблемалық және ақпараттық сұрақтар

1-сұрақ

«Табиғат» сөзінің мағынасын қалай түсінесің?

2-сұрақ

«Табиғат құбылыстары» деп нені айтамыз?

3-сұрақ

Күннің тұтылуын қалай түсіндіресің?

VI. Жаңа түсінікті тексеру

  • 1)

    Қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктері қандай?

  • 2)

    «Физика» атауы нені білдіреді?

  • 3)

    Физиканың мақсаты неде?

  • 4)

    Астрономия пәні нені зерттейді?

  • 5)

    Ғаламға нелер кіреді?

VII. Бекітуге арналған тапсырмалар

1-тапсырма

Табиғат пен адам бірлігіне байланысты қандай нақыл сөздер, мақал-мәтелдер білесің?

2-тапсырма

Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болды деп ойлайсың?

VIII. Қорытындылау

Қазіргі астрономия бірнеше өзге салаларды да қамтиды. Аспан денелерінің пайда болуы мен дамуын зерттейтін астрономия тармағы космогония деп аталады.

IX. Оқушының еңбегін бағалау

Оқушының сабаққа қатысуы, жауаптарының толықтығы және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.

X. Үй тапсырмасы (шығармашылық)

Тақырып

«Табиғат және адам. Физика — табиғат туралы ғылым. Астрономия — аспан денелері туралы ғылым.»

  • 1 Табиғат пен адам бірлігіне байланысты қысқа әңгіме құрастыру.
  • 2 «Физика» және «Астрономия» сөздеріне сөзжұмбақ құрастыру.