Сары шар тобы

Коучинг

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған…

Бұл коучинг Ғабит Мүсіреповтың туғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылып, жазушының шығармашылығына шолу жасауға және «Ана» тақырыбындағы туындылары арқылы оқушылардың аналарға, жалпы адамзат анасына деген сүйіспеншілігін тереңдетуге бағытталады.

Мақсаты

  • Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.
  • «Ана» тақырыбында жазылған шығармаларының идеялық-көркемдік өзегіне назар аударту.
  • Оқушылардың бойында анаға құрмет, мейірім, ризашылық сезімдерін ояту.
  • Өз халқының салт-дәстүрін тануға, үлкенді сыйлауға, ана еңбегін ақтап, ардақтауға тәрбиелеу.

Коучинг барысы

Психологиялық ахуал

Сергіту сәті: «Екі өтірік, бір шындық» тренингі.

Топқа бөлу

Оқушылар 1, 2, 3 сандары арқылы үш топқа бөлінеді:

  • Қызыл шар тобы
  • Сары шар тобы
  • Көк шар тобы

Ой шақыру

«Ана монологы» клипін тамашалау арқылы тақырыпқа кіріспе жасау.

Негізгі бөлім: Ғ. Мүсірепов және «Ана» тақырыбы

Коучинг барысында Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, жазушының «Ана» туралы новеллалары сөз өнеріне әкелген көркемдік жаңашылдығы талқыланады. Алғашқы әңгімелерінде М. Горький сарыны сезілгенімен, ана бейнесі қазақы қасиеттерімен терең әрі шынайы өрнектеледі.

Ана образын сомдаған таңдаулы туындылар

Жазушы қаламынан туған Қапия, Ақлима секілді аналар бейнесі арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері сипатталады. «Ана» тақырыбына арналған новеллаларының саны — 8.

Ананың анасы (1933) Өлімді жеңген ана (1933) Ашынған ана Ананың арашасы (1934) Ер ана (1942) Ақлима (1944) Әмина Ана жыры

Атап көрсетілетін новеллалар

  • Адамның анасы
  • Өлімді жеңген ана
  • Ана кесімі айнымайды
  • Ашынған ана
  • Ананың арашасы
  • Ақлима

Ой толғаныс: топтық жұмыс

Оқушылар топ ішінде пікірлесіп, шығармашылық тапсырмалар арқылы ана туралы ойларын көркем тілмен жеткізеді.

1-топ: Топтастыру

«Анамның жылы сөздері» немесе «Анам мені қалай еркелетеді?» тақырыбында постерге ой жинақтау.

2-топ: Эссе

«Менің анам — әлемдегі ең сұлу жан» тақырыбында эссе жазу.

3-топ: Өлең

«Аман болсын, анашым!» тақырыбында өлең құрастыру.

Шығармашылық жұмыс

Әр оқушы түрлі түсті қағаздан гүл жасап, аналарға арналған ықылас белгісін дайындайды.

Рефлексия

Шаттық шеңбері

Оқушылар мен аналар шеңберге тұрып, оқушылар аналарына тілек жазылған құттықтау хатты және өз қолдарымен жасаған гүлді табыстайды.

Қорытынды

Оқушылар аналарымен бірге Қ. Нұртастың «Мама» әнін шырқап, жүрекжарды тілектерін білдіреді.

Ұйымдастырушы туралы

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектеп.

ІІ деңгей бойынша сертификатталған, І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Кисамиева Үлмекен Есқалиқызы.

Негізгі идея

Анаға құрмет — адамгершіліктің өзегі, ұлттық тәрбиенің алтын діңгегі.