Сансызбай Сарғасқаевтың қандай шығармаларын өттік
Сабақтың тақырыбы: Б. Бұлқышев «Ана»
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, «ана» деген есімнің ұлылығын және ананың адам өміріндегі ерекше орнын түсіндіру.
Дамытушылық
Сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту; шығармашылықпен және топпен жұмыс істеуге, өз ойларын дәлелді түрде тұжырымдауға үйрету.
Тәрбиелік
Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту; ананы құрметтеуге, қадірлеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі
Дәстүрлі ашық сабақ.
Әдіс-тәсілдер
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
- Топпен жұмыс
- Тірек-сызба, топтастыру
- Ойын элементтері
Көрнекіліктер және пәнаралық байланыс
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Баубек Бұлқышевтың портреті
- Шығармалары
- Ананың, апаның суреттері
Пәнаралық байланыс
- Ана тілі
- Әдебиет
- Сурет
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақты «Шаттық шеңбері» арқылы бастау: оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
Оқушылар хормен
Сыныптас біз ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Сыйластықпен өмір сүріп,
Тек жақсылық ойлаймыз.
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым,
Амансыз ба, қонақтар!
Амансыз ба, ұстазым!
Сіздерді көріп қуанам.
Топқа бөлу
Гүлдер арқылы екі топқа бөлу: «Раушан» және «Қызғалдақ».
II. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сұрақ-жауап жұмысы жүргізіледі.
Сұрақтар
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
- Сансызбай Сарғасқаев кім?
- Ол қай жерде дүниеге келген?
- Қандай шығармаларын өттік? («Сынған аквариум», «Шыбық»)
- Қандай оқулықтары бар? («Достар», «Көңілді балалар», «Тәмпіш танау», «Бір көшенің балалары»)
III. Жаңа сабаққа кіріспе
Мұғалім сөзі
«Бала, бала, бала!» — деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған —
Бұл кім? Ана!
Сабақта Зейнолла Қабдоловтың «Жалын» романынан алынған үзінді негізінде ананың мейірімі мен ұлылығын талдау жоспарланады.
Мәлімет
- Оқу орны
- Гранитогор санаториялық мектеп-интернаты
- Сынып жетекші
- Нұран А. О.