Бастауыш пен баяндауыштың сұрақтары
Сабақтың тақырыбы
Бастауыштан кейін қойылатын сызықша
Мақсаты
- Білімділік: тұрлаулы мүшелерді ажыратуға үйрету; бастауыштан кейін сызықша қойылатын жағдайларды түсіндіру; сөйлем мүшелері туралы білімді кеңейту; бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалғанын анықтауға дағдыландыру.
- Дамытушылық: ой-өрісті дамыту; танымдық белсенділікті арттыру; есте сақтау қабілетін, сөйлеу мәдениетін және тіл байлығын жетілдіру; көркем жазу дағдысын қалыптастыру.
- Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, таза әрі сауатты жазуға, адамгершілікке және тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың форматы
- Сабақтың түрі
- Сайыс сабақ
- Әдістері
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, баяндау
- Көрнекіліктері
- Сызбалар, кестелер, үлестірмелі дидактикалық материалдар, слайд, бағалау парақшалары
Топтарға бөлу
Сынып 4 топқа бөлінеді:
- І топ Фонетика
- ІІ топ Лексика
- ІІІ топ Морфология
- ІV топ Синтаксис
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сынып оқушыларымен сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа назарын аударту.
- Сыныпты 4 топқа бөлу.
II. Өткенді еске түсіру: «Бәйге» ойыны
Әр топқа сұрақтар қойылады. Мақсат — бұрынғы білімді жедел еске түсіру және тілдік ұғымдарды нақтылау.
«Фонетика» тобының сұрақтары
- Есімдік қандай сөз табы?
- Сан есімнің мағыналық түрлері нешеу?
- «Пунктуация» сөзінің этимологиясы қандай?
- Байланысудың неше тәсілі бар?
- Бастауыш пен баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
«Лексика» тобының сұрақтары
- Шылау қандай сөз табы?
- Сын есімнің мағыналық түрлері нешеу?
- Фонетика ғылымының зерттеу нысаны қандай?
- Байланысудың неше түрі бар?
- Пысықтауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
«Морфология» тобының сұрақтары
- Оқшау сөздерді ата.
- Есімдіктің неше түрі бар?
- Көп нүкте қандай жағдайларда қойылады?
- Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін ата.
- Толықтауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
«Синтаксис» тобының сұрақтары
- Сұраулы сөйлемнің жасалуына қарай түрлерін ата.
- Етістіктің шақтарын қандай жұрнақтар жасайды?
- Нүкте қай орындарда қойылады?
- Төл сөз бен автор сөзіне байланысты қандай тыныс белгілері қойылады?
- Анықтауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
III. Қызықты сөзжұмбақ
Әліпби реті бойынша орналастырып, жаңа сабақтың тақырыбын табады:
IV. Ереже қорыту (әдеби үзінділер арқылы)
Әр топқа әдеби шығармадан үзінді беріледі. Тапсырма: үзіндінің қай шығармадан алынғанын және авторын анықтау; сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалғанын ажырату; сызықшаның қолданылуын негіздеу.
Ашу — дұшпан, ақыл — дос, ақылыңа ақыл қос.
Әуелеп ұшқан алты қаз,
Етің — шекер, сорпаң — баз!
Атайын десем оғым аз.
Қонар болсаң, жануар,
Міне — майдан, міне — саз.
Жай жүргенде, оны ешкім де елемейді. Ән салса, ол өзін-өзі ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі. Ол — тәтті үн үшін жаралған адам.
Араның ауа сусылдатқан ызыңы тыйылып, енді шаңқ-шаңқ еткен тажал дауыс шыға бастады. Тасқа тигендей тайып кеткен балта бірде Қабасақалдың тобығына қадала жаздады. Оның бар ойы — шынарды түбінен шалу.
Аянның асыға күтетін шағы — күн ұясына қонған шақ. «Күн ұясына қонды» дегенше-ақ жүзі жадырап: «Келіңдер, мен бүгін кешегіден де қызық ертегі айтып беремін», — деп еліктіре жөнеледі.
V. Жаңа сабақты бекіту
198-жаттығу
- Мәтінді оқып шығу.
- Жаттығу мәтінін 4 бөлікке бөліп беру.
- Сызықша қойылған сөйлемдерді көшіріп жазу.
- Сызықшаның қойылу себебін түсіндіру.
- «Абайды білемін бе?» — ой толғау.
- Мәтіннен тірек сөздерді тауып, синонимдік қатар құрастыру.
Нақыл сөз
Кемеңгерлікті танудың үш жолы бар. Бірінші жолы — ойға салып пайымдау. Бұл — негізгі жол... Ал үшіншісі — тәжірибе жолы. Бұл — ең қиыны.
Нақыл сөз
Ақыл ісі — аңдау, қиял иесі — меңзеу, көңіл ісі — түю, толғау.