Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
Сабақтың тақырыбы
Қолөнер. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.
Сабақтың мақсаты
- Қазақ халқының қолөнері және оның түрлері туралы мәліметтерді меңгерту.
- Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер арқылы сөздік қорды толықтыру; салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білу дағдысын дамыту.
- Қазақ халқының қолөнеріне қызығушылықты арттыру; эстетикалық талғамды тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап, әңгімелеу
- Пәнаралық байланыс
- Тарих, этнография, әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Түгелдеу.
Сыныппен әңгімелесу сұрақтары
- •Бүгін нешесі?
- •Аптаның қай күні?
- •Қазір қай жыл мезгілі?
- •Бүгін ауа райы қандай?
- •Қыс айлары қандай?
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Алаша» мәтінінің мазмұнын сұрау (бірнеше оқушыдан).
III. Жаңа сабақ
1) Кіріспе
Қазақ халқының қолөнері — халық тұрмысында кең қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер түрлерінің жиынтығы.
Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ию, мүйіз балқыту, металды өңдеп өрнектеу секілді ауыр кәсіппен де айналысқан. Сол себепті қолөнер дәстүрлі түрде еркектерге тән және әйелдерге тән жұмыстар болып бөлінеді.
Ерлерге тән қолөнер
Тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйым жасап, оны әсемдеу.
Әйелдерге тән қолөнер
Кесте тігу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, шілтер шалу, теріден киім тігу сияқты нәзік жұмыстар.
Ерекше өнер: зергерлік
Асқан шеберлікті қажет ететін қолөнердің бірі — зергерлік. Бұл өнер өте ерте заманнан келе жатыр. Археологиялық деректерде сәнді бұйымдар, қару-жарақ, ыдыс-аяқ, теңге-моншақтар, алтын-күміс пен асыл тастардан жасалған қымбат заттар халықтық мұра ретінде сақталған.
Халық зергерлері көбіне адамның өз бойын әсемдейтін заттарды жасаған: білезік, сақина, сырға, шолпы, алқа, қапсырма, сәукеле әшекейлері, түйреуіш, үзбе, түйме, кісе және т.б.
- Оқушыларға қолмен жасалған зергерлік бұйымдарды көрсету.
- Сурет арқылы әйелдер мен ерлер атқаратын қолөнер түрлерін ажырату.
2) Сөздік жұмыс
Сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөздік дәптерге жаздыру; дұрыс айтуға дағдыландыру; жаңа сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.
| Қазақша | Орысша |
|---|---|
| қолөнер | рукоделие |
| киіз басу | валять войлок |
| қанқа | каркас |
| зергер | ювелир |
| ыдыс-аяқ | посуда |
| соғу | ковать |
| тоқу | вязать |
| қару-жарақ | вооружение |
| кереге | остов, решетчатая часть юрты |
| бұйым | вещь |
| уық | спец. согнутые палки, на которых держится верхний круг юрты |
3) Мәтінмен жұмыс
Нұсқаулық
- Мәтінді түсініп оқыңдар.
- Мәтін бойынша сұрақтар дайындап, қасыңда отырған оқушыдан жауап алыңдар.
а)
Мәтінді іштей оқиды.
ә)
Тізбектеп, дауыстап оқып, аударады.
б)
Сұрақ дайындап, жұппен жауап алады.
4) Тапсырма
Жазылым
«Қолөнер» мәтіні бойынша төменде берілген сызбалар негізінде талғаулы салалас құрмалас сөйлемдер құраңдар. Бірнеше оқушыға қосымша тапсырмалар карточка түрінде беріледі.
Мысалы: салалас құрмалас сөйлемдерді аяқтап, олардың түрлерін ажыратыңдар.
IV. Сабақты бекіту
- Қазақ халқының ертеден келе жатқан қолөнер салаларын қалай атаймыз?
- Қазақ халқы немен шұғылданған? Қолөнер неше түрге бөлінеді?
- Зергерлік дегеніміз не?
- Әйелдер атқаратын жұмыстарды атаңдар.
V. Сабақты қорытындылау
- Бүгін сабақта не туралы айттық?
- Не үйрендіңдер?
- Сабақ сендерге ұнады ма?
VI. Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.
VII. Үй тапсырмасы
Жаңа сөздерді жаттау.