Сыр сандық III асу

Қазақ тілі • 2-сынып

Интеллектуалдық ойын: «Білімділер әлемі»

Ғылым күніне арналған бұл сабақ-ойын оқушылардың білімін тексеруге, ойлауын дамытуға және бірлесе жұмыс істеу дағдыларын нығайтуға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру және жүйелеу.
  • Дамытушылық: сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру.
  • Тәрбиелік: ұйымшылдыққа және жан-жақтылыққа баулу.

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, бейнелеу өнері

Формат

Командалық интеллектуалдық ойын

Қатысушылар және командалар

I команда

Сұңқар

II команда

Қыран

III команда

Бүркіт

Жүргізушінің кіріспе сөзі

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар және балалар! Ғылым күніне арналған «Білімділер әлемі» атты интеллектуалдық ойынға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Бүгінгі интеллектуалдық ойын бес кезеңнен тұрады. Әр кезең — бір асу. Сәттілік тілейміз!

Сабақ барысы: бес асу

I асу

Бәйге

Сұрақ-жауап

Әр командадан 5 оқушы шығып, киіз үй ішінен сұрақтарды суырып алады және жауап береді.

Үлгі сұрақтар

  • Бір аптада неше күн бар?
  • Үшінші күн қай күн?
  • «Мыло» сөзінің аудармасы қандай?
  • Оқу құралдарын ата.
  • Сен нешінші сыныпта оқисың?
  • «Учебник» сөзін аудар.
  • Қазір қай мезгіл?
  • «Оқулық» өлеңін жатқа айт.
  • «Сегодня, вчера, завтра» сөздерін аудар.
  • «Шампунь» сөзін аудар.
  • Тісті немен тазалайды?
  • Сен қай мектепте оқисың?
  • Сен қай қалада тұрасың?
  • Сен неше жастасың?
  • Бесінші күн қай күн?

II асу

Сыр сандық

Әр командадан бір оқушы шығып, сандықтан бір зат алып, оны атайды, санын айтады және түсін сипаттайды.

Бағалау өлшемі

  • Дұрыс атауы
  • Санын дәл айтуы
  • Түсін дұрыс сипаттауы

III асу

Ойлан, тап

Жылдамдық

Берілген сөздерге тиісті әріпті қойып, сөзді толық жазамыз және аудармасын айтамыз. Дайын жауап тақтадан көрсетіліп, тексеріледі. Қай топ жылдам? Іске сәт!

Жиынтық 1

ж...ма, с...лгі, ...алам, сыз...ғыш, тара...

Жиынтық 2

к...тап, к...ше, мысы..., си...р, жыл...ы

Жиынтық 3

...оян, а...та, о...ушы, к...н, күндел...к

Сергіту сәті

«Қызыл өрік» әні (үнтаспа), жаттығу түрінде.

IV асу

Жұбын тап

Үш командаға үш түрлі тақырып бойынша суреттер мен сөздер беріледі. Оқушылар оларды сәйкестендіреді.

1-топ

Киімдер

2-топ

Оқу құралдары

3-топ

Азық-түліктер

V асу

Сөзжұмбақ

Қорытынды кезең

Оқушылар тақырыпқа сай сөзжұмбақ шешіп, жаңа сөздерді бекітеді және орфографиялық дағдыларын дамытады.

Мұғалім

Абилмажинова Венера Рахымбекқызы