Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық - гигиеналық талаптарын орындату
«Үздік информатик» сайысы
Бұл материал «Үздік информатик» атты сабақ-сайысты ұйымдастыруға арналған. Мақсат — оқушылардың информатикаға қызығушылығын арттырып, білімін жүйелеу және практикалық дағдыларын дамыту.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: XXI ғасырдағы жаңа технологиялар мен ақпараттандыру бағыттарын меңгерту, информатика пәніне қызығушылықты арттыру.
- Дамытушылық: білімді жетілдіру, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, жаңа материалға қызығушылықты дамыту.
- Тәрбиелік: тиянақтылыққа баулу, өзін-өзі талаптандыру, қауіпсіздік техникасы мен санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.
Сабақтың форматы
- Сабақтың түрі
- Өтілген тараулар бойынша қайталау. Сабақ жарыс-сайыс түрінде өткізіледі.
- Көрнекілігі
- Слайд, таратпа материал, компьютер.
Жоспар
- I Бәйге
- II Дода көкпар
- III Тіл – өнер
- IV Жеті жұмбақ
- V Ғажайып алаң
Өтілу барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сайысқа шақыру.
- Сайыстың өткізілу бағдарламасымен таныстыру.
- Әділқазылар алқасымен таныстыру.
- Қорытынды жариялау және марапаттау.
Жүргізуші I
Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,
Достарым, отырсың ба елеңдесіп.
Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.
Бүгін сіздермен бірлесе отырып, «Үздік информатик» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігімен, тапқырлығымен және алғырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырамыз.
Төраға мен қазыларға әділдік пен парасат тілей отырып, сайысымыздың 1-кезеңі — «Бәйгені» бастаймыз.
Жүргізуші II
Ұстаздар аман ба екен, құрбы-құрдас,
Сыныптас, бірге оқып болған сырлас.
Жақсы ма денсаулығың, хал-жағдайың,
Отбасында аман ба мал менен бас.
Әділ халқым, берерсің әділ баға, өнері мен өренін салыстырып. Ендеше, осы ойында әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
I кезең — «Бәйге»
Сайыскерлерге 16 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
| Сұрақ | Жауап |
|---|---|
| Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас | Интерфейс |
| Аты бар бірқатар байттар тізбегі | Файл |
| Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал | Компьютер |
| ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? | 60–70 см |
| 1694 жылы Лейбниц ойлап тапқан, арифметикалық амалдарды орындайтын машина | Арифмометр |
| Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы | Сканер |
| Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі | Процессор |
| Принтердің түрлері нешеу? | 3 |
| 1012 екілік саны ондық жүйеде қандай сан? | 5 |
| Логикалық көбейту амалы қалай аталады? | Конъюнкция |
| Компакт-диск оқу құрылғысы | CD-ROM |
| Дүниежүзілік компьютерлік желі | Интернет |
| Компьютер «ауруы» | Вирус |
| Windows деген не? | Терезе; операциялық жүйе |
| Alt + F4 пернелер комбинациясының қызметі | Терезені жабу |
| Компьютердің «атасы» | Ч. Бэббидж |
1-тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушыға алғыс білдіреміз: «Ойында жеңілсең де, өмірде жеңілме». Қошеметпен шығарып салайық.
II кезең — «Дода көкпар»
Әр оқушыға практикалық тапсырма беріледі: Paint графикалық редакторында сурет салу.
2-тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушымен қоштасатын сәт туады.
III кезең — «Тіл – өнер»
«Ана тілім — арым бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», — деп Қадыр Мырзалиев айтқандай, жас қырандардың тіл білімін тамашалайық.
Ереже
- 10 жасырын сөз оқылады.
- Сөзді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтса — 20 ұпай.
- Екі тілде айтса — 10 ұпай.
Жасырын сөздер
Ақпараттың қайнар көзі
Қазақша: табиғат
Орысша: природа
Ағылшынша: nature
Фонограф бағдарламасы қандай мәліметтерді өңдейді?
Қазақша: дыбыс
Орысша: звук
Ағылшынша: sound
Ас — адамның арқауы, ал компьютердің «асы»…
Қазақша: ток
Орысша: ток
Ағылшынша: current
Бағдарламадағы немесе мәтіндегі кемшілік
Қазақша: қате
Орысша: ошибка
Ағылшынша: error (mistake)
Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер
Қазақша: ақпарат
Орысша: информация
Ағылшынша: information
Жіпке ілдім мен өзін, кіп-кішкентай күн көзін
Қазақша: шам
Орысша: лампочка
Ағылшынша: lamp
Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы
Қазақша: тышқан
Орысша: мышка
Ағылшынша: mouse
Логикалық көбейтудің атауы
Қазақша: және
Орысша: и
Ағылшынша: and
Сәлем ненің патшасы?
Қазақша: сөз
Орысша: слово
Ағылшынша: word
Кітап ненің бұлағы?
Қазақша: білім
Орысша: знание
Ағылшынша: knowledge
Ескерту: Сұрақтарды мұқият тыңдап, жауапты анық әрі дұрыс айту ұсынылады.