Кезектес салалас құрмалас

Сабақтың тақырыбы

Халықаралық пошта мен курьерлік қызметтер. Кезектес салалас құрмалас.

Сабақтың мақсаты

  • Халықаралық пошта мен курьерлік қызметтер туралы түсінік қалыптастыру, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту.
  • Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы мен өзіндік ерекшеліктері туралы білімді кеңейту және жетілдіру.

Күтілетін нәтиже

  • Халықаралық пошта және курьерлік қызметтердің маңызы, ерекшеліктері мен айырмашылықтары туралы түсінік алады.
  • Ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамытады; ауызша және жазбаша тілін жетілдіреді; сөздік қорын молайтады.

Міндеттері (білімдік)

Халықаралық пошта және курьерлік қызметтер туралы, олардың ерекшеліктері, өзара айырмашылықтары және маңызы жөнінде түсінік беру.

Міндеттері (дамытушылық)

Ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту; сөйлеу және жазба тілін жетілдіру; сөздік қорды молайту.

Міндеттері (тәрбиелік)

Мәдениеттілікке және әдептілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Постер қорғау, сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, мәнерлеп оқу және т.б.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, слайд, оқулық, плакат, стикерлер, кеспе қағаздар, кесте.

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс

  • Мәтінді оқиды.
  • Сұрақтарға жауап береді.

Қабілетті оқушылар

  • Сызба бойынша мәтін құрастырады.
  • Диалог құрастырады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызым мәңгі сені, Қуанышым, бақытым, дара тілім», — деп, қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Көңіл-күйді сұрау, бір-біріне сәттілік тілеу.

Топқа бөлу: фигуралар арқылы (1 минут).

II. Тақырып пен мақсатты таныстыру (2 минут)

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
  • Дәптерге күнін және тақырыпты жаздыру.

III. Жаңа сабақ

1) Сөздікпен жұмыс (5 минут)

Vocabulary
Жіберілім
посылка
Қауіп
опасность
Келеңсіз
непредвиденный
Сыйақы
вознаграждение
Кеден
таможня
Мемлекет игілігі
благо государства
Жеке меншік
собственность
Жедел жеткізу
срочно доставить
Қадағалау
контролировать
Бүліну
испортиться
Құн
плата
Өтеу
возмещение
Жеделдік
срочность
  • Мұғалім сөздерді оқиды.
  • 1–2 оқушыға оқытады.
  • Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.

2) Мәтінмен жұмыс және постер дайындау

Poster

«Халықаралық пошта және курьерлік қызметтер» тақырыбындағы мәтінді түсініп оқып, постер дайындау.

1-топ

Мемлекеттік пошта қызметі (5 минут)

2-топ

Халықаралық курьерлік қызметтер

3) Постерді қорғау (5 минут)

1-топ: Мемлекеттік пошта қызметі

  • Бағалары біршама арзан.
  • Кеден шаралары үшін сыйақы талап етпейді.
  • Мемлекет иелігінде.
  • Жіберілген заттың жолда жоғалып кету қаупі бар.
  • Жеткізу мерзімі ұзақ.

2-топ: Халықаралық курьерлік қызметтер

  • Жіберілімді өте тез жеткізеді.
  • Келеңсіз жағдайлар сирек кездеседі.
  • Кеден төлемін тұтынушыдан өндіріп алады.
  • Тарифтері әлдеқайда жоғары.
  • Қызмет түрлері көбіне жекеменшік компаниялар арқылы жүзеге асады.

4) Сергіту сәті (2 минут)

«Қаражорға» биі.

5) Кезектес салалас құрмаласты меңгерту

бірде біресе кейде

Бүгін салалас құрмалас сөйлемнің бір түрі — кезектес салалас құрмалас сөйлеммен танысамыз.

  • «Кезектес» сөзін қалай түсінеміз?
  • Бірінің артынан бірі келуі.
  • Іс-оқиғаның кезектесіп баяндалуы.

Мысал сөйлемдер

  1. Адамдар кейде мемлекеттік поштаға барады, кейде халықаралық пошта қызметін таңдайды.
  2. Мемлекеттік пошта біресе тарифтерді көтереді, біресе бағаны біршама тұрақты ұстайды.
  3. Мен бірде мемлекеттік поштаға барамын, бірде халықаралық поштаға барамын.

Ереже (оқушылармен бірге қорытындылау) — 5 минут

Құрамындағы жай сөйлемдері істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас құрмаластың түрі кезектес салалас деп аталады. Ол көбіне бірде, біресе, кейде сияқты кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.

6) Дәптермен жұмыс (3 минут)

Мысал сөйлемдерді дәптерге жазып алу.

IV. Білім бекіту

1-тапсырма (3 минут)

Practice

1-топтың тапсырмасы

Төмендегі сөйлемдерден кейде, біресе, бірде жалғаулық шылауларының жай сөйлемдегі бірыңғай сөйлем мүшелерін байланыстырып тұрғанын табу.

2-топтың тапсырмасы

Осы жалғаулықтар арқылы жасалған кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді табу.

Талдауға арналған сөйлемдер

  • Кейде ашумен, кейде айламен еп ойлады.
  • Не қулықпен, не сұмдықпен жұмысым жоқ.
  • Не қазан-ошаққа араласа алмайды, не серуенге шығар серік таппай, селтиіп жалғыз жүреді.
  • Баяу ескен жел бірде басылады, бірде толқып, жасыл шөптердің басын ақырын ғана ырғайды.
  • Жүргіншілердің оң жағынан кейде, сол жағынан қар жамылған жалаңаш төбелер кездеседі.
  • Хатты біресе кеудесіне тығады, біресе оған мейірі қанбағандай бетіне басады.

Қорытынды тақырыптық тірек

Халықаралық пошта мен курьерлік қызметтер. Кезектес салалас құрмалас.