Қосу кестесін қолдан
ОҚО, Шардара ауданы • Алатау батыр ауылы
№3 «Қазақстан» бастауыш мектебі
Мұғалімі: Мырзаева Баян Адырбаевна
Сабақтың тақырыбы
9 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың қосу және азайту кестесі туралы түсінігін ойын арқылы қалыптастыру.
Дамытушылық
Зейінін және ойлау үрдісін дамыту, қиялын ұштау, қабілеттерін шыңдау, шығармашылыққа жетелеу.
Тәрбиелік
Оқушыны ізденуге, салыстыру жүргізе білуге, бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Көрнекіліктер
- Дидактикалық плакат
- Суреттер
- Қима қағаздары
Сабақтың түрі
Аралас, ойын сабағы.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Топтастыру әдісі
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Психологиялық дайындық.
- Математикалық тақпақтар.
Ұйымдастыруға арналған шумақ
Армысыздар, балалар,
Дайынбыз ба сабаққа?
Шебер, шешен өнері
Сай келейік талапқа.
Бар ма үйден дайындық?
Тапсырмамыз дұрыс па?
Оқымысаң уайым жеп,
Тығылмаймыз қуысқа.
Ойымызды айтайық,
Білімімізді бастайық.
Мына тұрған ұстаздар
Қалсын бір сәт марқайып.
II. Үй тапсырмасын сұрау
«Құстардың тапсырмалары» арқылы өткен тақырыпты пысықтау.
III. Психологиялық дайындық
Көп ойнаған бала болады,
Көп ойланған дана болады.
Қайталау сұрақтары
- Қосу амалының компоненттерін ата.
- Азайту амалының компоненттерін ата.
- Қосу амалының қасиеттерін ата.
IV. Жаңа сабақ
«Кім жылдам?» ойыны — 1-тапсырма
Қосылғыштарының бірі 9 болатын қосындыларды құрастыр. Мәндерін тап. Қосу кестесін қолдан.
Сергіту сәті
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
2-тапсырма
Есептің шартын толықтыр. Есепті қысқаша жазып, шығар.
7 — ?
2-еуі артық
Шешуі: 7 + 2 = 9
Жауабы: 9 қарақұс
3-тапсырма
- Гүлдегі тапсырмаларды орындау.
- Пойыздағы есептерді шығару.
V. Жұмбақтар және мақал-мәтелдер
Жұмбақ-есептер
- 5 алманың біреуін досың сұрап алады. Айтшы, сонда өз қолыңда нешеуі қалады? 4
- Алма ағашта 5 алма. Бесеуін де жеп қойсам, қалады онда неше алма? 0
- Табақта 4 өрік, қолымда 2 өрік. Қосқанда барлығы неше өрік болады? 6
- Көлден 7 қаз ұшты, қайтып 2 қаз қонды. Қонбағаны нешеу? 5
- Алдында 3 балапан, артында 3 балапан. Ақ тауық пен балапандар — барлығы нешеу? 8
Мақал-мәтелдер
- Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
- Білімді — мыңды жығады.
- Мектеп — кеме, білім — теңіз.
- Ана — өмір гүлі.