Сүйікті баласына арнаған өлеңі

Сыныптан тыс шара

Тақырыбы

«Үздік абайтанушы»

Мақсаты

  • Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру.
  • Оқылған шығармаларды еске түсіру арқылы білімді тереңдету.
  • Өлең мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, мағынасын ашу.

Күтілетін нәтиже

  • Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты білім қалыптастырады.
  • Өлеңдерді талдап, мазмұны мен тақырыптық аясын меңгереді.
  • Өз бетінше жұмыс істеуге және өзін-өзі реттеуге дағдыланады.

Кіріспе сөз

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Үздік абайтанушы» атты зияткерлік ойынға қош келдіңіздер!

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Бізбенен осы күнге тілдескен кім?

Ол — қазақ халқының ұлы ақыны, поэзияның пайғамбары Абай Құнанбаев. Бүгінгі сыныптан тыс шарамыз Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналады.

Ортаға дана да дара Абай атамыздың ізбасарларын шақырамыз. Сайыскерлердің білім-білігін сарапқа салатын қазылар алқасымен таныстырамыз.

Өткізу тәртібі

Ұйымдастыру кезеңі

Ең алдымен, қатысушылар өздерін қысқаша таныстырады.

Сайыс кезеңдері

  1. 1 I айналым: «Мықты болсаң, тауып көр» (суреттер сыр шертеді).
  2. 2 II айналым: «Ұшқыр ойдан — ұтымды жауап» (әр ойыншыға сұрақ қойылып, жылдам жауап беріледі).

II айналым: сұрақтар банкі

Әр сыныпқа арналған сұрақтар төменде берілген. Жауап беру уақыты шектеулі, сондықтан нақты әрі қысқа жауап қажет.

6-сынып

  1. Абай қай жылы дүниеге келді?
  2. Әжесінің аты кім?
  3. Абай қай медреседе оқыды?
  4. 13 жасар Абайдың ауылына келген ақын қонақтар кімдер?
  5. Абайдың қанша қара сөзі бар?
  6. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» жолдары қай өлеңінен алынған?
  7. Абайдың анасы кім?
  8. «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңіндегі көркемдік тәсілді ата.
  9. «Ит жегенше ... кім жесін, құр жібер мына антұрған кәрі шалды» — көп нүктенің орнына тиесілі сөзді тап.
  10. Бес асыл іс пен бес дұшпанды ата.

7-сынып

  1. Абайдың туған жері қай өңір?
  2. Жеңгелері Абайды қалай атаған?
  3. Абайдың ең алғаш жазған өлеңі қалай аталады?
  4. Өлеңдерін кімнің атынан жариялап отырған?
  5. Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін ата.
  6. «Ғылым таппай мақтанба...» — ары қарай жалғастыр.
  7. Абайдың қандай әндері бар?
  8. Орыс әдебиетінен кімдерді аударды?
  9. Абайдың шын есімі кім?
  10. «Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға...» — қай өлеңінен алынған үзінді?

8-сынып

  1. Абай қай рудан?
  2. Көкше өңірінен Абай мен Әйгерімнің ауылына келген ақын кім?
  3. Абайдың ақын інісі кім?
  4. Сүйікті баласына арнаған өлеңін ата.
  5. «Қыс» өлеңінде қолданылған көркемдік тәсілді ата.
  6. «Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын, Қазақтың келістірер қай баласы» — қай өлеңінен алынған? (Жауап: «Өлең — сөздің патшасы»)
  7. «Тәкаппар, жалған онда жоқ, айнымас жүрек, күлкі — бал» — көркемдік тәсілдің қай түрі?
  8. «Қараңғы түнде тау қалғып...» — кімнен аударған өлеңі?
  9. Абайдың бірінші әйелі кім?
  10. Абай орысша қанша жыл оқыды?

9-сынып

  1. Әкесі Абайды не үшін оқудан шығарып алды?
  2. Құнанбай кім болған?
  3. Абайдың алғашқы махаббаты кім?
  4. «Талаптың мініп тұлпарын...» — кімге арналған өлең?
  5. «Құлақтан кіріп бойды алар...» — жалғастыр.
  6. Абай кімнің мысалдарын аударған?
  7. «Дем алысы — үскірік, аяз бен қар, кәрі құдаң — қыс келіп әлек салды» — көркемдік тәсілдің қай түрі?

Ескерту

Сұрақтар білімді жүйелеуге, мәтінді талдауға және әдеби-теориялық ұғымдарды қолдануға бағытталған. Әр жауапта нақты дерек, дәлел және әдеби терминдерді дұрыс қолдану құпталады.