Сергіту жаттығуы
Ана тілі (4-сынып)
Сабақ тақырыбы: «Шыбын мен Көбелек»
Сабақтың мақсаты
- Мысалды оқи отырып, негізгі ойды анықтау.
- Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету; ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын дамыту.
- Шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілетін жетілдіру.
- Мысал арқылы адамгершілікке, инабаттылыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың жүру барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Топтарға бөліну арқылы сайыс сабақ өткізіледі.
Топ басшылары шығып, өз топтарын таныстырады.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Сапар мен Парта» мысалын сұрау.
Мысалды адам кейпіне келтіріп, сахналап (бейнелеп) көрсету.
III. Жаңа сабақ
1) Кіріспе
Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
2) Автор туралы қысқаша дерек
Автор: Сейітқұл Оспанов.
«Шыбын» мен «Көбелек» туралы әңгімелету.
Екеуінің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтату.
Шыбын мен көбелектің пайдасы мен зиянын айтқызу.
Тірек сызба арқылы мысалды талдату.
3) Суретпен жұмыс
Сурет бойынша шыбын мен көбелекке мінездеме беру.
IV. «Кім мықты?» сайысы
I-топ
«Шыбын» мен «Көбелекті» рөлге бөліп оқу.
II-топ
Мысалдағы негізгі ойды жазу.
III-топ
4 жолдан тұратын өлең құрастыру.
V. Сергіту сәті
Апта деген шал болыпты.
Оның жеті ұлы болыпты.
Дүйсенбі мен Сейсенбі,
Сәрсенбі мен Бейсенбі,
Жұма, сенбі, жексенбі —
Жетеуінің есімі.
VI. Тыңдалым
Үнтаспадан «Шыбын мен Көбелек» диалогын тыңдату.
VII. Қорытынды
Бекітуге арналған мақал-мәтелдер:
- Алтау ала болса, ауыздағы кетер; төртеу түгел болса, төбедегі келер.
- Еңбек — бәрін де жеңбек.
- Бірлік болмай, тірлік болмас.
- Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
VIII. Бағалау
Топтардың жұмысы мен белсенділігіне қарай бағалау.
IX. Үй тапсырмасы
Мысалды оқып келу және негізгі ойды қысқаша тұжырымдап жазу.