Қиярдың сөзін тауып оқы

Сабақ тақырыбы: «Жиырма тиын»

Бұл сабақ оқушылардың мәтінді түсінуін тереңдетіп, өмірмен байланыстыруға, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға тәрбиелеуге және сөздік қорын байытып, жылдам оқуға машықтандыруға бағытталған.

Мақсаттар

  • Негізгі идеяны ашу, өмірмен байланыстыру
  • Үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық
  • Сөздік қорды молайту, жылдам оқу

Көрнекіліктер

Ойын элементтері, кесте, сызба, ақша (жиырма тиын).

Әдіс-тәсілдер

Ойын, топтастыру, мағынаны тану, Венн диаграммасы.

I. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылар шеңберге жиналып, бір-біріне сәттілік тілейді. Сабақ ерекше форматта өтеді: әр оқушы өзіне ұнаған түсті таңдап, сол түске сәйкес «банкке» барып отырады.

Топтарға бөлу (банктер)

  • Халық банк Жасыл
  • Альянс банк Көк
  • Темір банк Қызыл
  • Нұрбанк Сары

Банк жұмыстары туралы қысқаша әңгіме

Кредит беру Айырбастау Ақша алу Ақша беру

Сабақ бойы «Бәйге» ойыны арқылы белсенділік бағаланып, дұрыс жауап берген топтың белгісі тақтаға қойылады.

II. Үй тапсырмасын тексеру («Бәйге»)

Сұрақтар деңгейленіп беріледі. Топтар ұпай жинап, үй тапсырмасы бойынша білімін көрсетеді.

1-бөлім: Мазмұн сұрақтары

  • 10Қияр нені қиялдайды?
  • 20Қияр не істеді?
  • 30Уақыт жеткенде қияр қандай күйге ұшырады?
  • 40«Қияр» бұл не?

2-бөлім: Мәнерлеп оқу, жатқа айту

  • 40Қиярдың сөзін тауып оқы.
  • 301–2 шумақты жатқа айт.
  • 203–4 шумақты жатқа айт.
  • 105–7 шумақты жатқа айт.

3-бөлім: Талдау және тәрбие

  • 20Мысал ұнады ма? Неліктен?
  • 30«Қалтарыс» сөзін қалай түсінесің?
  • 10Соңғы шумақ: мақал, мәтел, әлде нақыл сөз бе?
  • 40Абайдың бір нақыл сөзін айт. «Даңғойлық» қандай қасиет? Оған қарама-қарсы қандай қасиет бар?

Тәрбиелік қорытынды

Әр оқушы өз бойына тек жақсы қасиет пен пайдалы әдетті сіңіруге ұмтылуы керек.

III. Топтық жұмыс: Шифрды шешу

Әр топ тапсырманы орындап, шыққан сөздерді ретімен іліп, дәптерге жазады.

I топ: Халық банк

Сандарды ретімен қойып шық.

М Ы Ж И Р А

6 5 3 1 2 4

Шешуі: жиырма

II топ: Альянс банк

«А» әріптерін алып таста.

Таиаыана

Шешуі: тиын

III топ: Темір банк

«С» әріптерін алып таста.

Жсәснсісбсескс

Шешуі: Жәнібек

IV топ: Нұрбанк

Әр екінші әріпті сызып таста.

Каәорыбаонзтижн

Шешуі: Кәрбозин

Автор туралы қысқаша мәлімет

Жәнібек Кәрбозин 1933 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. 1954 жылы Киров атындағы университеттің филология факультетін тәмамдаған. Республикалық газет-журналдарда әдеби қызметкер болып жұмыс істеген. Алғашқы өлеңдер жинағы 1954 жылы жарық көрген. 1977 жылы Алматыда мектепте мұғалім болған.

IV. Жаңа сабақ: «Мағынаны тану»

Мәтін бөліктерге бөлінеді. Оқиғалар араластырып беріледі де, топтар жалғасын тауып, мәтінді ретімен орналастырады. Оқушылар мәтінге ат қойып, бір рет іштей оқып шығады, кейін сөздік жұмыс жүргізіледі.

Мәтін бөлімдері

  1. IАлтай — кенже бала
  2. IIҚанатпен кездесу
  3. IIIТиын іздеу
  4. IVҚайырымдылық

Тарихи байланыс: «жиырма тиын»

Көрнекілік ретінде Кеңес Одағы кезеңіндегі жиырма тиын көрсетіледі. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналымға енгізілді. Бұрын «сом, тиын» десек, қазір «теңге» қолданылады.

Ақша туралы топтастыру (сызбамен жұмыс)

Ел Ақша атаулары (мысал)
Қазақстан теңге
АҚШ доллар
Ресей рубль
Франция франк
Алжир динар
Германия марка
Сауд Арабиясы риал
Қытай юань

Ескерту: Кестеде оқушыларға түсінікті болу үшін кең тараған ақша атаулары мысал ретінде берілді.

V. Ой-толғау: Блум таксономиясы бойынша сұрақтар

Жетекші сұрақтар

  • Не болды?
  • Одан кейін не болды?

Түсіндіру және талдау

  • Қай жері қызықты болды?

Жинақтау

  • Оқиға неге бұлай аяқталды?
  • Басқаша аяқталса, не өзгерер еді?

Бағалау және кейіпкерлер

  • Кімнің ісі ұнады? Неліктен?
  • Кейіпкерлерді ата: Алтай, Қанат, Асан, апасы.

VI. Сергіту сәті: «Жарнама»

Әр топ өзін қысқаша таныстырып, «банк» ретінде жарнамалайды. Мақсаты — сөйлеу мәдениетін дамыту және топтық ынтымақтастықты күшейту.

VII. Қорытынды тапсырмалар

I топ: Кейіпкерлерді салыстыру

Кейіпкер Сипаттама
Алтай Мейірімді, қамқор бала
Асан Өз басын көбірек ойлайды
Қанат Қамқорлы дос, көмектеседі

II топ: Тақырыпқа сай мақал-мәтел

Мәтін мазмұнына сай қайырымдылық, достық, еңбексүйгіштік туралы мақал-мәтелдер тауып, мағынасын түсіндіру.

III топ: «Ақша» туралы сызба

  • Теңге — 1993 ж. 15 қарашада айналымға енді
  • Тауарға төленеді
  • Еңбекақы ретінде төленеді
  • Банкте сақталады
  • Еңбек етіп табасың

IV топ: Тәрбиелік мәні

Жақсы қасиеттер

Қайырымдылық, қамқорлық, көмектесу, жауапкершілік.

Жаман қасиеттер

Өзімшілдік, немқұрайлылық, бейжайлық.

Көрініс (банк қызметкерімен танысу)

Рөлдер: апасы, Алтай, Қанат, автор, менеджерлер.

  • Оқиға жылдың қай мезгілінде болған?
  • Қазір нан қанша тұрады?
  • Алтай қандай бала?
  • Осындай жағдайға тап болсаң, не істер едің?

Қорытынды: ұйқас құрау

Мәтінді оқыдық,
Ақша түрін таныдық.
Қайырымды, қамқор болуды
Үйреніп, ойға тоқыдық.