Ұстаздық жолы

Ұстаз бейнесі – шәкірт жүрегінде

Бұл материал «Ұстаздық – ұлы құрмет, ұстаз еңбегі – ұлы еңбек» тақырыбындағы оқушылардың аудандық ғылыми-тәжірибелік конференциясына арналған. Негізгі өзек — ардагер ұстаз Ташматова Гүлжамила апайдың өнегелі ғұмырын өскелең ұрпаққа үлгі ету.

Ұстаз болу – жүректің батылдығы,
Ұстаз болу – сезімнің асылдығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның парасаты.

Өзектілігі

Ж. Ж. Руссо: «Ұстаз болу – өз бақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деп айтқандай, шынайы ұстаз өз білгенін аямай бөлісіп, өзгелердің жетістігіне қуана білетін жан. Мектеп қабырғасындағы әр бала үшін ол — екінші ана, ал болашақ жолын айқындауда — сенімді ақылшы.

Мейірімге толы жүрегі шәкірттердің талай ағаттығын кешіріп, парасаттылығы мен даналығы арқылы әр оқушының жүрегіне жол таба білген Ташматова Гүлжамила апайдың ұстаздық өмір жолын кейінгі шәкірттерге насихаттау — осы жұмыстың басты мәні.

Мақсаты

Ардагер ұстазымыз Ташматова Гүлжамила апайдың ерен еңбегін өскелең ұрпаққа үлгі ретінде насихаттау.

Міндеттері

  • Білім саласына еңбегі сіңген Гүлжамила апайдың есімін көпшілікке таныстыру.
  • Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа Гүлжамила апайдың игі істерін үлгі ретінде тарату.
  • Ұстаз еңбегімен таныстыру арқылы елжандылық рухы жоғары, сауатты әрі білімді тұлға қалыптастыруға ықпал ету.

Мазмұны

1

Кіріспе

Тақырыптың мәні, зерттеу бағыты және ұстаз бейнесінің тәрбиелік маңызы айқындалады.

2

Негізгі бөлім: «Өмірі ұрпағына өнеге»

Ардагер ұстаз Ташматова Гүлжамила апайдың ұстаздық өмір жолымен таныстыру.

1.1. Ұстаздың өмірбаяны

Өмірдерегі мен қалыптасу кезеңдері.

1.2. Тәрбиелі отбасы

Гүлжамила апайдың жанұясы, өнегелі орта.

1.3. Ұстаздық жолы

Еңбек жолы, кәсіби ұстанымы.

1.4. Ізбасар шәкірттері

Шәкірттері мен тәрбиелік ықпалы.

1.5. Білім саласындағы ұлағатты істері

Қоғамға, мектепке қосқан үлесі.

1.6. Ұстаз жетістіктері

Марапаттары, нәтижелері, еңбегінің бағалануы.

3

Қорытынды бөлім

Қорытынды ойлар, ұстаз еңбегінің мәні және өскелең ұрпақ үшін өнегенің маңызы түйінделеді.

4

Пайдаланылған әдебиеттер

Зерттеу барысында қолданылған дереккөздер тізімі.

Түйін

Ұстаз еңбегі — ұлы еңбек. Ұстаздың мейірімі мен парасаты шәкірт жүрегінде мәңгі сақталады.