Сұр жыланның арбауы

Сабақтың тақырыбы

Тақырып

«Торғай» (Жүсіпбек Аймауытов)

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Әдістер

  • Топқа бөлу
  • Сұрақ–жауап
  • Тапсырмалар
  • Әңгімелеу

Көрнекіліктер

  • Слайд
  • Үнтаспа
  • Оқулық
  • Суреттер

Мақсаттар

Білімдік

Жүсіпбек Аймауытов туралы мағлұмат бере отырып, мәтінді түсініп оқуға, ойлы сөйлеуге және ойын толық жеткізуге үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, дәлелдеп сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Мейірімділікке, кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеу; табиғатқа жанашыр көзқарас қалыптастыру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді, жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Сабақты жүректегі осы жылумен бастаймыз.

Бүгінгі сабақта оқушылар 4 топқа бөлінеді. Ана тілі сабағында үнемі танысатын ақын-жазушылардың есімдерімен топтасамыз.

I топ

С. Сейфуллин

II топ

А. Құнанбаев

III топ

А. Байтұрсынов

IV топ

Ы. Алтынсарин

Мақал-мәтелдер айтқызу арқылы көшбасшы тағайындалады.

Топ ережелері

  1. 1Мұғалімді мұқият тыңдау.
  2. 2Сабақта тыныш отыру.
  3. 3Бір-бірімізді дұрыс тыңдау.
  4. 4Топпен белсенді жұмыс жүргізу.
  5. 5Толық әрі нақты жауап беру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып: Ы. Алтынсарин, «Өзен».

1-тапсырма

  • I топ: Автор туралы мәлімет беру.
  • II топ: «Өзен» өлеңін мәнерлеп оқу.
  • III топ: Өлеңнің мағынасын ашу.
  • IV топ: Қазақстанда қандай өзендер бар?

2-тапсырма

  • I топ: 3-сыныпта Ы. Алтынсариннің қандай шығармаларын оқыдың?
  • II топ: Өзеннің қандай пайдасы бар?
  • III топ: Сусыз тіршілік бола ма?
  • IV топ: Адамдар суды неге құрметтейді?

Әр заттың өзіне тән үні болады. Өзеннің сарқырап, дүркіреп ағатынын білдік. Енді мына дыбысты тыңдап көрейік: бұл ненің дауысы?

(Үнтаспадан құстардың дауысы тыңдатылады.)

Факт

Елімізде құстардың шамамен 480–500 түрі бар.

III. Қызығушылықты ояту

Құстарға байланысты сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпқа шығамыз.

  1. 1) Көктемгі еңбек туралы жырлаған өлеңді ата.

    Жауабы: Қ. Аманжоловтың «Көктем» өлеңі.

  2. 2) С. Сейфуллиннің қайыңға, терекке, желге қатысты қандай өлеңі бар?

    Жауабы: «Орман».

  3. 3) «Қуанышты күннің, жаңа жылың құтты болсын, қазақ!» деген жолдарда қандай мейрам айтылған?

    Жауабы: Наурыз.

  4. 4) Бізді қоршаған ортаны қалай атаймыз?

    Жауабы: Табиғат.

  5. 5) «Көктем сәні» ертегісінде «Көктем сәні – жасыл желек» деген сөз қай кейіпкерге тиесілі?

    Жауабы: Ақбөкен.

  6. 6) «Жаңбыр» өлеңінің авторы кім?

    Жауабы: Бейімбет Майлин.

Ерекше торкөздерден шыққан сөз — «Торғай». Торғай туралы не білесіңдер? Ендеше, бүгін Ж. Аймауытовтың «Торғай» мәтінімен танысамыз.

IV. Жаңа сабақ

Жүсіпбек Аймауытов туралы қысқаша мәлімет

Жүсіпбек Аймауытов (1889–1931) — қазақтың аса көрнекті жазушысы. Ол Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау өңірінде дүниеге келген. Алғашқы өлеңін 13 жасында жазған.

1914 жылы Павлодар қаласындағы орысша-қазақша екі сыныптық мектепті бітіріп, Семейдегі мұғалімдер семинариясына түсіп, 1918 жылы аяқтайды. Кейін Шымкент педагогика техникумында директор қызметін атқарған.

Негізгі шығармалары

  • «Қартқожа»
  • «Ақбілек»
  • «Күнекейдің жазығы»
  • «Жаман тымақ»
  • «Шернияз»
  • Психология еңбектері және шығармалар жинағы

V. Оқулықпен жұмыс

Мәтін төрт бөлікке бөлінген. Оқушылар мәтінді тізбектеп оқиды.

Әр топ бір бөлікті оқып, түсінгенін айтады және бөлімге ат қояды.

  • I «Торғайдың шырылы»
  • II «Сұр жыланның арбауы»
  • III «Ақбілектің көмегі»
  • IV «Ақбілектің қуануы»

VI. Ой қозғау

1) Кейіпкерлер

Мәтінде үш кейіпкер бар.

2) Пікірталас

Ақбілектің сұр жыланды өлтіруі дұрыс па? Әр топтан бір оқушы өз пікірін дәлелдеп айтады.

3) Суретпен жұмыс

Суреттен не көріп тұрсың? Суретке сүйеніп, жыланнан қорыққан торғайды сипатта.

VII. Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс арқылы оқушылардың зейінін сергіту, сабақ ырғағын жаңарту.

VIII. Дәптермен жұмыс

А) Шығармашылық тапсырма

Кейіпкерлерге хат жазу:

  • Ақбілекке
  • Сұр жыланға
  • Торғайға

Ә) Жұптық тапсырма

Кейіпкерлерге мінездеме беру:

Ақбілек

Іс-әрекеті, мінезі, дәлелі

Сұр жылан

Әсері, қылығы, сипаты

Торғай

Күйі, әрекеті, сезімі

Б) Топтық жұмыс

Құстар туралы постер жасап, топтастырып қорғау:

  • I топ: Үй құстары
  • II топ: Жабайы құстар
  • III топ: Қыстап қалатын құстар
  • IV топ: Жыл құстары

IX. Қорытынды және кері байланыс

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын «Білемін — Білдім — Білгім келеді» тәсілімен жинақтайды:

  1. 1Білемін: бұрыннан білетінім.
  2. 2Білдім: бүгін меңгергенім.
  3. 3Білгім келеді: келесі қадам, сұрақтарым.

Кері байланыс: «Сабақ ұнады ма?»

Оқушылар орындықтарының артындағы алмаларды алып, «ұнады» немесе «ұнамады» деп жазып, тақтадағы көңілді немесе көңілсіз смайликке жапсырады.

«Ұнады» «Ұнамады»

X. Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқу.
  • Әңгімелеу.
  • Мәтін бойынша сурет салу.

Бағалау

Топтық және жеке жұмыс нәтижесі, жауаптың толықтығы мен белсенділік деңгейі бойынша бағаланады.