Армысың көк аспан, Армысың жан досым
Білім беру саласы және оқу іс-әрекетінің мазмұны
Білім беру саласы
Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тіл дамыту
Тақырып
Түлкінің туған күні (сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру)
Мақсаты
- Суреттерге қарап, 5–6 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыру және әңгімені жүйелі түрде жалғастыруға үйрету.
- Жабайы аңдар туралы бұрынғы білімдерін еске түсіру.
- Зат есім, сын есім, етістіктерді дұрыс қолдануға және сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру.
- Аңдарға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Түрі
Жаңа материалды меңгерту
Көрнекілігі
Схемада салынған суреттер: түлкі, аю, қоян, кірпі, шарлар.
Жаңа сөздер және билингвизм
Жаңа сөздер
Билингвизм
- Түлкі
- лиса
- Қасқыр
- волк
- Аю
- медведь
- Кірпі
- ёжик
Сабақтың барысы
1) «Жылулық шеңбері»
Балалар, іс-әрекетімізді бастамас бұрын бір-біріміздің жылуымызды сезінейік.
Армысың, алтын күн!
Армысың, асыл жер!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым.
Балалар, айтыңдаршы, сендер үшін отбасыңдағы ең қуанышты күн қай күн? Адамдардың өміріндегі ең сүйікті мерекелердің бірі — туған күн. Өйткені дәл осы күні туған күн иесінің қасына туған-туыстары жиналып, сыйлық беріп, дастархан жайылады. Туған күнде жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылады.
2) Тақырыпқа кіріспе
Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде «Түлкінің туған күні» тақырыбында әңгімелесеміз және сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастырамыз.
Жұмбақ
Өзі қу, жүрген жері шу.
Жауабы: түлкі
Түлкі қандай ертегілерде кездеседі?
Суретте түлкі неліктен көңілді деп ойлайсыңдар?
Түлкі бүгін туған күнін атап өтуде. Ол ормандағы достарын шақырып, дастархан әзірлеген.
3) Сюжетті сурет бойынша сұрақ-жауап
Талқылау сұрақтары
- Түлкі туған күніне қандай аңдарды шақырды?
- Оны қайдан білдіңдер?
- Үстел үстіне нелерді дайындап қойыпты?
- Бұл тағамдарды қандай аңдар жейді?
Нақтылау сұрақтары
Қасқыр не жейді?
Аю не жейді?
Қоян не жейді?
Кірпі не жейді?
Түлкі өзіне қандай тағам дайындады?
Түлкі қонақтарды қалай қарсы алды және қалай күтті?
4) Әңгіме құрастыру
Балалар сюжетті суретке қарап, 5–6 сөйлемнен тұратын қысқа әңгіме құрайды. 2–3 баланың әңгімесі тыңдалады, сөйлем құраудағы дәлдік пен сөздердің дұрыс қолданылуына назар аударылады.
Бағдар
- Кімнің туған күні?
- Қандай қонақтар келді?
- Дастарханға не қойылды?
- Қонақтар қалай көңіл көтерді?
- Түлкі қонақтарды қалай шығарып салды?