Қызықты сабақ - қиялға қанат

І. Ұйымдастыру кезеңі

Нақты әрекеттер

  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Назарды сабаққа аудару: бір-біріне жылы лебіз айту.
  • Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Рефлексия үлгісі

Бағдар

«Білмеймін — Білгім келеді — Білдім»

ІІ. Кіріспе сөз

Халқымның ұлы ғалымы,
Артық туған дарынды.
Атқарған істері алымды —
Өзіне тартар бәріңді.

ІІІ. «Қызықты сабақ — қиялға қанат»

Оқушылар жеке тапсырма орындайды. Перфокартамен жұмыс барысында үш тұлғаның өмірі мен еңбектеріне қатысты деректерді сәйкестендіреді.

Ыбырай Алтынсарин

  • Қыздарға арналған тұңғыш мектеп ашқан.
  • Оны атасы Балқожа тәрбиелеген.
  • «Қазақ хрестоматиясын» жазған.
  • Орыс тілінің мұғалімі болған.
  • «Дала ұстазы» атанған.

Ахмет Байтұрсынұлы

  • «Тіл-құрал» еңбегінің авторы.
  • Әкесі 15 жылға Сібірге сотталған.
  • Орынбор қаласына жер аударылған.
  • Әкесі «оқы» деп өсиет қалдырған.

Шоқан Уәлиханов

  • «Жоңғария очерктерінің» авторы.
  • Саяхатшы, зерттеуші.
  • Қазақтың көне дінін зерттеген.
  • Оны орыс патшасы II Александрдың өзі қабылдаған.
  • Черняевтың әскери экспедициясына қатысқан.

Тексеру сұрақтары

  • «Тіл-құрал» атты еңбекті кім жазды?
  • Кім «Дала ұстазы» деп аталады?
  • Көкшетау университетіне кімнің есімі берілген?

IV. «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап»

Рефератты қорғау тақырыбы: «Мақсатым — тіл ұстартып, өнер шашпақ» (Абай)

Ахмет Байтұрсынұлы

1873–1937

Көрнекті тілші-ғалым, дарынды аудармашы, ағартушы, оқу құралдарының авторы.

Шоқан Уәлиханов

1835–1865

Әйгілі зерттеуші, тарихшы, ғалым, этнограф.

Ыбырай Алтынсарин

1841–1889

Ағартушы, педагог, қоғам қайраткері, жазушы.

Бұл бөлім зерттеушілік жұмыс ретінде ұйымдастырылады: оқушылар деректерді дәлелмен ұсынып, тұлғалардың еңбегін қазіргі біліммен байланыстырып қорғайды.

V. «Талдау — табыс кілті»

Сабақтас құрмалас сөйлем

Құрылымы: бағыныңқы сөйлем + басыңқы сөйлем.

Шартты бағыныңқы

-са, -се (мысалы: барса)

Қарсылықты бағыныңқы

-са да, -ғанмен (мысалы: барса да, барғанмен)

Мезгіл бағыныңқы

-ғанда, -ғанша, -ғаннан (мысалы: барғанда, барғанша, барғаннан)

Себеп бағыныңқы

-ғандықтан, -ған соң (мысалы: барғандықтан, барған соң)

Мақсат бағыныңқы

-у үшін, -мақ (мысалы: бару үшін, бармақ болып)

Қимыл-сын бағыныңқы

-ып, -іп, -п, -а, -е, -й (мысалы: барып, бара)

Сөйлем мүшесіне қарай талдау (мысалдар)

  • Шоқан қазақ, қырғыз, ноғайлы әдебиетінің жазба мұраларын, тарихи шежірелерді жинап, бір жүйеге келтіріп, олар жөнінде ғылыми талдаулар жасады.
  • Ол межелі уақытта келе алмай, біз біраз кешігіп қалдық.
  • Бүгін қара жел басылысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады.
  • Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуір айында қайтыс болды.
  • Ыбырай халқын мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандап, бар өнерін сол жолға арнады.
  • Ыбырай мектеп бітіргеннен кейін, атасы Балқожа бидің хатшысы болды.
  • Ахмет ұзақ жылдар бойы ұстаздықпен айналысып, бала оқытты.
  • Ол Голощекиннің саясатына қарсы болғаны үшін 1937 жылы екі рет саяси репрессияға ұшырады.

VI. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма: «Ғалымға хат жолдау»

Әр топ өзіне бекітілген тұлғаға арнап хат жазады: еңбегін бағалау, бүгінгі ұрпаққа берер өнегесін атап өту, жеке пікірін дәлелмен жеткізу.

1-топ

Ахмет Байтұрсынұлы

2-топ

Ыбырай Алтынсарин

3-топ

Шоқан Уәлиханов

VII. Қорытындылау

Ыбырай Алтынсарин (1841–1889)

Ағартушы, аса көрнекті педагог, ақын, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы. Орта жүздің қыпшақ руынан.

Ахмет Байтұрсынұлы (1873–1937)

Тілші, ағартушы, ақын, оқу құралдарының авторы. Орыс-қазақ мектебін бітірген, мұғалімдер мектебінде білім алған; қазақ баспасөзіне де үлес қосқан.

Қорытынды ой: бұл тұлғалардың барлығы да — елдің оқу-ағарту ісін алға сүйреген, ғылым-білімді насихаттаған, қоғамға қызмет еткен көрнекті қайраткерлер.

VIII. Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

  1. Қазақ халқының басқа да ғалымдары туралы әңгімелеу.
  2. Салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдердің ережелерін қайталау.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен жұмыстары тапсырмаларды орындау сапасы, дәлел келтіруі, тілдік нормаларды сақтау және белсенділігі бойынша бағаланады.