Пойыз сөзін атау, сөйлем құрау
Сабақтың мақсаты
-
1
Оқушыларды П дыбысы мен П әрпімен таныстыру, дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру, көркем әрі сауатты жазуға үйрету.
-
2
Дүниетанымды кеңейту, шығармашылық тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорды молайту және тіл байлығын арттыру.
-
3
Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа және кітап оқуға баулу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, құралдарын даярлау, сыныптың жұмысқа дайындығын тексеру.
II. Үй жұмысын тексеру: «Ойлан, тап»
- 1 Берілген суреттерді атап, Ү дыбысының сөздегі орнын анықтау және сөздерді буынға бөлу.
- 2 Сурет бойынша сөйлем құрастыру.
- 3 Өткен сабақта танысқан әріпті еске түсіру: Үү.
III. Жаңа сабақ: П дыбысы мен әрпі
Дыбыстық талдау
«Парта» суретін пайдаланып дыбыстық талдау жасау. Барлығы бірге қайталау: П — п — п.
Дыбыстың сипаты
- Қалай айтылады? (Дұрыс артикуляцияға назар аударту.)
- Қандай дыбыс? Қатаң дауыссыз дыбыс.
- Қандай түспен белгіленеді? (Дыбыс таңбасын ілу.)
Әріппен таныстыру
Пп әрпінің баспа және жазба түрлерін көрсету, салыстыру және есте сақтауға бағытталған қысқа жаттығулар орындау.
IV. Суреттермен жұмыс
«Пойыз» сөзін айту, дыбысын анықтау, осы сөзге байланысты сөйлем құрастыру.
V. Оқулықпен жұмыс
1) Буындарды оқу
Шарларда жазылған буындарды хормен және жеке-жеке оқыту.
2) Сөздерді оқу және буынға бөлу
Ескерту: сөздерді оқу барысында П дыбысының сөздің басында, ортасында, соңында келуін байқату.
3) Мәтінді оқу және талдау
Берілген мәтінді хормен оқыту, мазмұнын талдау және негізгі ойды анықтау.
4) Жұмбақ шешу
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
Жауабы:
Кітап
Осыған сүйене отырып, оқылған мәтіннің атауын анықтау.
VI. Сергіту сәті
Өсеміз біз күліп-ойнап,
Он саусақтың саласындай.
Өсеміз біз күліп-ойнап,
Бір адамның баласындай.
VII. Логикалық тапсырма: «Менің орным қайда?»
Тірек суреттерді пайдаланып сөзді толық айту, дыбыстың сөздегі орнын анықтау.
VIII. Дәптермен жұмыс
- 1 Пп әрпінің жазылуын ауада жазып жаттықтыру.
- 2 Дәптердегі «Тапқышбектің тапсырмасын» орындау.
- 3 Мақалды мәнерлеп оқу және мағынасын түсіндіру:
Кітап — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.
IX. Тақтамен жұмыс
П дыбысын көркем жазу. «Піл», «дәптер» сөздерін жаздырып, дыбыстық талдау жасату.
X. Мазмұнды суретпен жұмыс
Тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыру.
Тірек сөздер
XI. Сергіту сәті
Топ-топ, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап?
Бір, екі дегенде,
Жаттың шоршып еденде.
XII. Бекіту: ойын «Қай буынды жоғалттым?»
Мысал 1
Қол — …
Жауабы: ғап
Мысал 2
Кір — …
Жауабы: пі
XIII. Қорытынды
- Не үйрендік, не білдік?
- Бүгін қандай әріппен таныстық? П
- П қандай дыбыс? Қатаң дауыссыз
Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан.
Жауабы:
Піл
П дыбысы бар сөздерді атату (мысалы: парта, пойыз, піл, дәптер, кітап).
XIV. Бағалау
Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, қызыл, жасыл, сары жұлдызшалармен бағалау.
XV. Үй тапсырмасы
Оқулықтағы П әрпіне байланысты тапсырмаларды орындау: буындарды қайталау, сөздерді оқу, мәтінді мәнерлеп оқу және жазу үлгілерін бекіту.