Мағжан Жұмабаев Бесік жыры
Сабақтың мазмұны
Тақырып
Ыбырай Алтынсарин — «Бұл кім?», Мағжан Жұмабаев — «Бесік жыры».
Түрі мен типі
- Сабақтың түрі: дәстүрлі
- Сабақтың типі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер
- Ы. Алтынсариннің суреттері
- Тірек-сызбалар
- Электронды көрме
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Оқушыларға Ыбырай Алтынсарин мен Мағжан Жұмабаевтың өмірі туралы мәлімет беру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру және түсінгенін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету.
2) Дамытушылық
Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, шығармашылық қиялын жүйелеу және байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.
3) Тәрбиелік
Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке және тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмысқа бағыттау.
II. Психологиялық дайындық
Өлеңді 2–3 рет қайталау ұсынылады.
Ана келбетінде ұлылық,
Даладай кең пейілі.
Ана деген – жылылық,
Ана деген – мейірім.
Сұрақтар
- Өлеңде не туралы айтылған?
- «Ана» сөзін естігенде қандай сезім пайда болады?
Шығармашылық жұмыс (көркем ой)
Ана — ардақты, мейірімді, кең жүректі.
Ананы жырламаған ақын-жазушы жоқ. Ендеше бүгін Ыбырай атамыздың «Бұл кім?» өлеңімен танысамыз.
III. Жаңа сабақ: Ыбырай Алтынсарин
Ы. Алтынсарин — қазақтың тұңғыш ұстазы. Ол қазақ балалары үшін алғаш рет мектеп ашып, өзі ұстаздық етті. Сондай-ақ «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық жазды. Ыбырай атамыз балаларды оқу-білімге шақырып, өлеңдер, ертегілер, әңгімелер шығарды.
Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді дауыстап оқу
- Мазмұнын талдау және түсіндіру
Сергіту сәті (қимылмен)
Апам үшін күнде де,
Отын-ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.
Сыпырамын үй ішін,
Жуам аяқ-табақты.
Апам бірақ мен үшін,
Оқымайды сабақты.
Ой ашар: болжау стратегиясы
Үнтаспадан бесік жырына байланысты әуен тыңдатылады.
Сұрақ
Бұл қандай әуен деп ойлайсың?
Күтілетін жауап: бесік жыры.
Сұрақ
Бұл әуен саған нені еске түсіреді?
Күтілетін жауап: ананың әлдиі, ананың мейірімі.
Осылайша бүгін Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңімен танысамыз.
IV. Мағжан Жұмабаев: өмірбаяны (кластер)
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Сасықкөл өңірінде дүниеге келген. Әкесі Мағжанды ерте жастан ауыл мұғаліміне беріп, хат танытқан. 1905 жылы Қызылжардағы медресеге түсіп, 1910 жылы оны үздік үлгеріммен тәмамдайды.
Мағжан жеті жасынан «Қисасул әнуба» кітабын толық оқып, пайғамбарлар өмірін жатқа білгені айтылады. Кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінде дәріс алады.
Шығармалары
Өлеңмен жұмыс
- Өлең мазмұнын халық ауыз әдебиетімен салыстыра отырып түсіндіру
- Оқулықпен жұмыс
- Ребус (ауызша шешу)
V. Сабақты бекіту (топтық жұмыс)
1-топ: «Бес жол өлең» құрастыру
- Кім? — ана
- Қандай? — 2 сын есім
- Не істеді? — 3 етістік
- Бір сөйлем
- Бірінші сөздің синонимі
2-топ: Ой толғаныс (Венн диаграммасы)
«Бұл кім?» және «Бесік жыры» өлеңдерін салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңдер.
3-топ: Топтастыру стратегиясы
Мағжан Жұмабаев туралы не білесіңдер? Негізгі мәліметтерді тірек сөздер арқылы топтастырыңдар.
VI. Сабақты қорытындылау
Қазақтың ұлттық ойыны «Хан талапай» арқылы қорытынды жасалады: Ыбырай Алтынсарин мен Мағжан Жұмабаев туралы алған білімдер ортаға салынады.
Қайталау сұрақтары
- Ыбырай Алтынсарин кім?
- Ы. Алтынсариннің қандай шығармаларын білесің?
- Мағжан Жұмабаев кім?
- М. Жұмабаевтың ана туралы қандай өлеңдерін білесің?
- «Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы» деген сөздің мәні қандай?
VII. Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады. Оқушыларға анимациялы парақшалар таратылып, әрқайсысы өз бағасын көреді.
VIII. Үй тапсырмасы
- «Бұл кім?» өлеңін жаттау
- «Бесік жыры» өлеңін мәнерлеп оқу
- Өлеңдерге байланысты сурет салып келу
- 135-беттегі 4-тапсырма
Өлең мазмұны бойынша сурет (таңдау)
- Схема түрінде
- Пейзаж түрінде
- Өлең мазмұнына сай нақты сурет түрінде