Менің туған жерім Қарағанды қаласы

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың Отан, ел туралы түсініктерін кеңейту; тақырып бойынша тиянақты әрі нақты жауап беруге үйрету; өз ойларын ауызша жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері

  1. Тақырып бойынша толық түсінік беру, мәтіндерді талдау арқылы жаңа сабақты жан-жақты меңгерту.
  2. Пәнге қызығушылықты арттыру, есте сақтау мен ойлау қабілеттерін дамыту.
  3. Отанын сүйетін, еліне-жеріне қамқор болатын патриот азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгерту

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, аударма, баяндау, тексеру, ізденіс.

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, тарих.

Ұйымдастыру кезеңі

Кезекшінің міндетін тексеру үшін қысқа сұрақтар қойылады:

  • Бүгін сыныпта кім кезекші?
  • Сыныпта кім жоқ?
  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қыстың қай айы?
  • Айдың нешесі?

Үй жұмысын тексеру

  • 1) Өткен сабақта үйренген сөздерді жатқа айту.
  • 2) Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастыру:
    мемлекет тәуелсіз қонақжай рәміздер салт-дәстүр халық
  • 3) Берілген сөздер арқылы «пирамида» құрастыру:
    Отан менің Қазақстан тәуелсіз көпұлтты
  • 4) Сұрақтарға жауап беру:
    • Қазақстан қандай мемлекет?
    • Қазақстан Республикасының Президенті кім?
    • Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
    • Қазақ халқы қандай халық?
  • 5) Мәтінді мазмұндау.

Кіріспе әңгіме

Мұғалімнің сөзі: «Қазақстан — біздің Отанымыз. Ол — біздің үлкен Отанымыз.» Оқушыларға: «Отан» сөзін қалай түсінетіндері туралы сұрақ қойылады.

Туған жер туралы өлең жолдары

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл даланы анам жаспен суарған.

Бұл далаға өзім жылап келіп қуанғам.

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Сұхбат үлгісі (Қарағанды)

Мұғалім: Настя, сенің туған жерің қай жер?

Оқушы: Менің туған жерім — Қарағанды қаласы.

Мұғалім: Дұрыс. Кристина, сен қалада тудың ба?

Оқушы: Мен Қарағанды қаласында тудым.

Мұғалім: Балалар, Қарағанды қаласы қандай?

Қорытынды: Адамның үлкен Отаны да, кіші Отаны да болады. Біздің кіші Отанымыз — туған қаламыз, өзіміз тұрған орта.

Сабақтың тақырыбы және негізгі ой

Бүгінгі тақырып: Отан. Сабақ барысында Отан тақырыбына қатысты жаңа сөздермен танысып, әртүрлі тапсырмалар орындап, шағын әңгіме құрастырамыз.

Сабақтың ой қазығы

«Отан — оттан да ыстық» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ойын: «Кім көп сөз біледі?»

Әр топқа «Отаным» сөзі жазылған плакат беріледі. Осы сөзден мүмкіндігінше көп сөз құрастыру қажет.

от отан он тон нота таным тым ым мына там атым отым ынта отын

Тыңдалым және жаңа сөздер

Жаңа сөздер

Кіші Отан
малая Родина
Тұрған үйі
дом, в котором живет
Бақытты
счастливый
Көршілер
соседи
Табиғат
природа
Қорғау
защищать
Қажет
нужен

Сөз тіркестері

Отанды сүю табиғатты қорғау тату көршілер бақытты балалар қорғау қажет

Сурет бойынша сөйлем құрастыру

Қазақстан табиғаты туралы суреттерге сүйене отырып, төмендегі сөйлем үлгілерімен жұмыс жүргізіледі:

  • Қазақстанның табиғаты бай.
  • Қазақстанның жері үлкен.
  • Мынау — Қазақстанның табиғаты.
  • Қазақстанда бидай өседі.
  • Қазақстанда биік таулар, қалың ормандар, ұзын өзендер бар.
  • Құлпырған гүлдер өсіп тұр.

Айтылым: мақал-мәтелдер сайысы

Отан — оттан да ыстық.

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

Туған жер — алтын бесік.

Өз елім — өлең төсегім.

Отан отбасынан басталады.

Тақпақ айту

Оқушылар Отан туралы білетін тақпақтарын айтады.

Оқылым: мәтінмен жұмыс

Мәтін

Отан — адамның туып-өскен жері. Қазақстан Республикасы — біздің ортақ Отанымыз. Балыққа су, құсқа ауа, жануарға орман, дала, тау қажет. Ал адамға Отан керек. Табиғатты қорғау дегеніміз — Отанды қорғау. Адамның кіші Отаны да болады. Ол — тұрған үйі, ауласы, көшесі, ауылы, мектебі, достары, көршілері. Отанды сүйе білген адам бақытты. Отанды сүю отбасынан басталады.

Сергіту сәті

Биік, биік таулары бар,

Орманы бар, көлі бар.

Кең даласы құлпырған,

Отанымыз — Қазақстан!

Мәтін бойынша сұрақтар

  1. Отан деген не?
  2. Қазақстан Республикасы кімдердің Отаны?
  3. Қандай адам бақытты?
  4. Отанды сүю неден басталады?

Жазылым тапсырмалары

Буынға бөлу және буын түрін анықтау

Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп, буын түрін анықтаңдар:

адамның Қазақстан Отаны болады ауласы достары бақытты отбасынан

Жуан және жіңішке сөздер

Берілген сөздерді жуан және жіңішке болып екі бағанға бөліп жазыңдар:

Жуан сөздер

  • Отан
  • жер
  • Қазақ
  • ата-ана

Жіңішке сөздер

  • ел
  • кіші
  • аула
  • үй

Грамматикалық тапсырма (тәуелдік жалғауы)

Есімдік Отан Жер Табиғат
Менің Отаным жерім табиғатым
Сенің Отаның жерің табиғатың
Сіздің Отаныңыз жеріңіз табиғатыңыз
Оның Отаны жері табиғаты

Ойын: «Кубик лақтыру»

Бір оқушы есімдіктер жазылған кубикті келесі оқушыға лақтырады. Кубикті қағып алған оқушы сол есімдікті берілген сөзбен тәуелдеп айтады.

Мысалы: менің жерім, сенің жерің, сіздің жеріңіз, оның жері.

Сөйлемдердің сәйкестігін тап

Бөлік 1

  • Отанды сүю
  • Жануарға
  • Адамға
  • Табиғатты қорғау дегеніміз —
  • Адамның кіші Отаны —

Бөлік 2

  • орман, дала, тау қажет.
  • Отан керек.
  • Отанды қорғау.
  • отбасынан басталады.
  • тұрған үйі, ауласы, көшесі, мектебі, достары.

Шағын әңгіме жазу

Тақтадағы Қазақстан туралы суреттерге қарап, Отан және туған жер туралы шағын әңгіме жазыңдар (сыныпта баяу әуен қосуға болады).

Тілдесім және қорытынды

Қайталау

  • Жаңа сөздерді қайталау.
  • Сөз тіркестерін қайталау.

Сабақты қорытуға арналған сұрақтар

  • Бүгін қандай тақырыпты өттік?
  • Отан деген не?

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай білімдері бағаланады.

Үй жұмысы

Мәтінді мазмұндау және жаңа сөздерді жаттау.