Табиғат туралы қанатты сөздер

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғатты аялайық»

Мақсаты

  • Оқушыларға туған өлке, оның байлығы және алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру.
  • Туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыра отырып, экологиялық мәселелері бар аймақтармен таныстыру.
  • Табиғатты қорғауға, аялауға және жауапкершілікпен қарауға үйрету.

Көрнекілігі

  • Қазақстан картасы (қызыл дөңгелекшелермен).
  • Табиғат көріністерінен стенд.
  • Табиғат туралы қанатты сөздер.
  • Әндер: «Саржайлау», «Туған жер», «Аққу», «Айгөлек».
  • Газет-журнал мақалалары мен суреттері.
  • Альбомдар: «Менің Қазақстаным», «Қазақстанның жануарлары», «Қазақстанның өсімдіктері», қорықтар туралы альбомдар.

Барысы

  1. Кіріспе.
  2. Әдеби монтаж.
  3. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар.

Қазақстанның орны және табиғаты

Батыста толқынды Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауларынан бастап, шығыстағы Алтай тауларына дейін; солтүстікте Орал өңірінен бастап, оңтүстіктегі тәңірлі тау атанған Тянь-Шань сілемдеріне дейін ұлан-ғайыр аумақты алып жатқан — табиғаты тұнған Қазақстан Республикасы.

Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,

Аспанымда аққудың әні қалқып.

Құшақтап бір өзіңді, туған далам,

Жатамын көк шалғында жаным балқып.

1-оқушы

Тасып жатқан өзендер жағасынан,

Сары белде сағымдар арасынан.

Тарайды дән жұпары бар әлемге,

Қазақтың қасиетті даласынан.

2-оқушы

Жүрекке жылы ұғым

1-бастаушы: Туған жер, өскен ел — жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен астасады. Қазақстанның табиғаты көз тартар көркем, бар сұлулықты бойына жинаған өлке.

2-бастаушы: Табиғат — адам баласын дүниеге әкеліп, махаббат пен мейірімді, күннің шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана.

Туған жер — алтын бесік, асыл анам,

Ауаңмен, ақ сүтіңмен асыраған.

Мен — дағы ұлың едім өзің тектес,

Алысқа несібесі шашыраған.

3-оқушы

Табиғат, қызығам сан суретіңе,

Бас ием сенің алып құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетіне.

4-оқушы

Табиғат — тіршіліктің тірегі

Сұлулық пен шипа

I-бастаушы: Табиғат адам бойына қуат, көңілге шабыт, сезімге ләззат ұялататын — сұлулық пен әсемдік әлемі. Ол — адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер.

Қойнауы қазына

II-бастаушы: Қазақстан қойнауында пайдалы қазбалар мол. «Жері байдың — елі бай» деген сөз тегін емес: көмір, мыс, алтын қоры — ел дәулетінің негізі.

Жер — басты байлық

I-бастаушы: Табиғаттың басты байлығы — Жер. Қазақстан аумағы шамамен 272 миллион гектар, оның 222 миллион гектары ауыл шаруашылығына жарамды. «Күте білсең — Жер жомарт» деген даналық — еңбек пен күтімнің қадірін аңғартады.

Топырақтан өмір иісі шығады,

Оны денең тиіп кетсе ұғады.

Еңбегіңді есесінен беретін,

Жақсылық та топырақтан шығады.

5-оқушы

Жасыл әлем

II-бастаушы: Табиғат байлығының бір бөлігі — жер бетінің сәулеті. Еліміздің дәулеті — жасыл әлем: орман-тоғай, құрақты өзен бойы, көк майса, түкті кілемдей көмкерілген дала мен жайлау.

Таза ауа

I-бастаушы: Тіршіліктің өмірлік өзені, аңсар арманы — таза ауа.

Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат!

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат, алатын дем қымбат.

6-оқушы

Тазалық — ортақ міндет

Бола алмас аспан ұя зауалына,

Жауларды тартар уақыт жауабына.

Бомбасын жер мен суда сынатпаймыз,

Улауға жол бермейміз ауаны да.

7-оқушы

Су — өмір көзі

I-бастаушы: Табиғаттың көркін айшықтап, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлықтың бірі — су.

Жануарлар әлемі

II-бастаушы: Табиғаттың тамаша туындыларының бірі — хайуанаттар әлемі. Халқымыз ежелден көптеген жануарды аялап, қамқорлыққа алған; оларды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы деп дәріптеген. Даланың ажары — ақбөкен, ән мен сәннің иесі — бұлбұл, су аруы — аққу, Алтайдың еркесі — марал және басқа да жануарлар табиғатқа көрік береді.

Бекіту: табиғатты қалай қорғаймыз?

Табиғатты қорғау — үлкен сөзден басталмайды. Ол күнделікті әдеттен, ұқыптылықтан, жауапкершіліктен басталады. Сынып болып мына сұрақтарға ой жүгіртейік: табиғатты қалай қорғаймыз? біздің қандай үлесіміз бар?

Туған жер туралы мақал-мәтелдер

  • 1. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
  • 2. Ел іші — алтын бесік.
  • 3. Ел — елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы.

Жұмбақтар

  1. Бар ма, жоқ па — оны анық білмейсің,

    Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

    Жауабы: Ауа

  2. Жылт-жылт еткен,

    Жырадан өткен.

    Жауабы: Су

  3. Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді,

    Қара шапан үстінен алты ай бойы түспейді.

    Жауабы: Қара жер мен қар

  4. Өсіп тұрған бұл не?

    Жаз болса жайнап.

    Саясында ән салып,

    Құстар жүрген сайрап.

    Жауабы: Ағаш