Тәуелсіздік көкбайрағы

16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне арналған сабақ жоспары

«Тәуелсіздік көкбайрағы» тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы «Біз — тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне ұсынылады.

Білім саласы

Коммуникация

Білім бөлімі

Көркем әдебиет

Оқу мақсаттары

  1. Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру; Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін бекіту және оларды құрметтеуге тәрбиелеу. 16 желтоқсанның Тәуелсіздік күні екенін түсіндіру.
  2. «Тәуелсіз», «егемен» сөздерінің мағынасын ұғындыру арқылы сөздік қорын толықтыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  3. Бүлдіршіндердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақ мақсаттары (деңгейлері)

Барлығы

Сөйлеу арқылы тақырыпты түсінгенін көрсетеді.

Көбі

Өлеңді жатқа айтады, сөйлем құрайды.

Кейбірі

Суреттер бойынша сөйлем құрайды.

Күтілетін нәтиже

  • Отанды сүю, құрметтеу, мейірімділік туралы түсінік қалыптастырады.
  • Сурет бойынша сөйлем құрап, мазмұндай алады.
  • Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады.

Жетістік критерийлері

  • Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталайды.
  • Нақты сөйлеу арқылы тақырыпты түсінгенін көрсетеді.

Ресурстар

  • Интерактивті тақта
  • Отан, табиғат, Президент, рәміздер, Желтоқсан құрбандары, Астана қаласының суреттері
  • Видеороликтер

Тілдік құзыреттілік

Термин

Рәміз

символ

Термин

Ту

флаг

Термин

Елтаңба

герб

Термин

Әнұран

гимн

Сабақ барысы

Мотивациялық-қозғаушылық

Қуанайық, шаттанайық, балақай!
Аспанда күн жарқырайды, алақай!
Атқан таңға иіліп бір сәлем беріп,
Бақыт тілеп бір-бірімізге осылай.

Ұйымдастыру-ізденушілік

Кіріспе

Өткен сабақтағы «Қыс» өлеңін еске түсіру. Сұрақ-жауап арқылы өткен материалды пысықтау:

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қыс айлары қандай айлар?
  • Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

Жарайсыңдар!

Видеоролик

«Тәуелсіздік күні»

Балалар, біздің республикамыздың ұлан-асыр жері бар. Осы кең байтақ қазақ жері бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады, яғни бұл — егемен мемлекет.

Сөздік жұмысы

Тәуелсіз
Толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес.
Егемен
Өз билігі өзінде, бас бостандығы бар.
16 желтоқсан
Еліміздің ең үлкен әрі ең басты мерекелерінің бірі — Тәуелсіздік күні.

Тарихи дерек

1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Тәуелсіздік жолындағы ерлік — Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанова сынды қаһарман ұл-қыздарымыздың қайсарлығының айғағы. Олардың ерлігі — біз үшін өнеге.

Ойын

«Күннің шуағы»

Сұрақтарға жауап беру арқылы күн шуағын тақтаға жапсырамыз:

  • Отан дегеніміз не?
  • Біз қай мемлекетте тұрамыз?
  • Еліміздің астанасы қай қала?
  • Қазақстан Республикасының Президенті кім?
  • Республикамыздың рәміздерін білеміз бе?

Рәміздермен қатар Конституция, заң және төл теңге туралы түсіндіру жүргізіледі.

Музыкалық бөлім

Әнұран орындалады.

Саяхат

Астана қаласына саяхат

Бүгінгі сабағымызда Астана қаласына саяхатқа шығамыз. Тез барып-қайту үшін ұшаққа отырайық.

1) Ұшақ ішінде тапсырма

«Қазақстан», «егемен», «тәуелсіз» сөздерімен сөйлем құрау.

2) Әңгімелеу

«Мен өскенде кім болам?» тақырыбында қысқаша әңгіме құрау.

Қайтар жол

Жолымызды қысқарту үшін ән тыңдайық: «Көк тудың желбірегені».

Сергіту сәті

«Әли мен Айя» қимыл-қозғалыс жаттығулары.

Тәуелсіздік туралы ән (өлең жолдары)

Бүгін — шаттық, ұлы күн,
Бабаларым көксеген.
Азат елдің ұлымын,
Теңесетін көкпенен.

Мейірімді екен даласы,
Жері шүйгін, суы бал.
Азат елміз, қарашы,
Елтаңбасы, туы бар.

Дәптермен жұмыс

Н. Мұқатов — «Тәуелсіздік көкбайрағы»

1) Автормен таныстыру

Орта ылғи от жайнады,
Тірлік ырғағы тоқтай ма әлі?
Тас төбемде желбіреші...

2) Өлеңді жаттау

«Тәуелсіздік көкбайрағы» — жаттату, жатқа айту.

Көрініс

«Тәуелсіздік деген не?»

Рефлексивті-түзетушілік

1) Мақал-мәтел мағынасын ашу

«Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» — адам туған үйінен, ауылынан, қаласынан немесе елінен алыста жүрсе, уақыт өте туған жерін сағынады. Өз еліндегі әр күнін, әр сәтін қимайды.

2) Талқылау

«Халықтың ортақ үйі — Отан» дегенді қалай түсінесіңдер? Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің ортақ үйі, ортақ Отаны — Қазақстан Республикасы.

3) Саяхат әсері

«Қайда бардым? Не көрдім?» сұрақтары бойынша қысқаша ой бөлісу.

4) Шығармашылық жұмыс

2017 жылы елімізде ЭКСПО көрмесі өтеді. Сол көрмеге біз де үлес қосайық: Тудың суретін бояу.

5) Бағалау және мадақтау

Балалардың жұмыстарын тексеру, жетістіктерін атап өту, кері байланыс беру.