XXI ғасыр - химия ғасыры
Интеллектуалды сайыс: «ХХІ ғасыр — химия ғасыры»
Бұл интеллектуалды сайыстың басты мақсаты — оқушылар арасынан химия ғылымына ынталы, талапты, алғыр оқушыларды анықтау және оларды ізденіске, жылдам ойлауға, тапқырлыққа баулу. Сонымен қатар химия пәнінен алған білімдерін сынау, пәнге қызығушылықтарын арттыру, ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз ойын жүйелі әрі еркін жеткізуге үйрету көзделеді.
Сайыс оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағытталған. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Қатысушылар мен қазылар алқасы
Қатысушылар
Қатысушылардың тізімі: __________
Әділқазылар
Әділқазылар алқасымен таныстыру: __________
Сайыс кезеңдері
- 1 Бәйге
- 2 Дода
- 3 Полиглот
- 4 Тұлғаны таны
- 5 Ғажайып жетілік
- 6 Жорға
- 7 Шешендік өнер
Ендеше, сайыскерлер дайын болса — іске сәт!
I бөлім — Бәйге
«Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз, шәкірттерге әділ шешім беріңіз. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар бәйгені көріңіз» — деп, алғашқы кезеңді бастаймыз.
Ереже: әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
- 1. Металдың бұзылуы — коррозия.
- 2. Мұнайдан бензин алу қай құбылысқа жатады? — химиялық.
- 3. «Химиялық элемент» ұғымын енгізген ғалым — Р. Бойль.
- 4. Денсаулық үшін ең қажетті өмір өзегі — ауа.
- 5. Темір таңбасының оқылуы — феррум.
- 6. Ядросында протон саны бірдей атомдар түрі — химиялық элемент.
- 7. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл — йод.
- 8. Электролиттердің иондарға ыдырауы — диссоциация.
- 9. Азот бөлме температурасында қандай элементпен әрекеттеседі? — тек литиймен (Li).
- 10. Ерітінділерде түсін өзгертетін заттар — индикаторлар.
- 11. Ең қиын балқитын металл — вольфрам (W).
- 12. Ең жеңіл газ — сутек.
- 13. Фосфордың салыстырмалы атомдық массасы — 31.
- 14. Тұз қышқылының салыстырмалы молекулалық массасы — 36,5.
- 15. Ең қатты металл — хром (Cr).
- 16. Ең ауыр металл — осмий (Os).
- 17. Сұйық металл — сынап (Hg).
- 18. Сұйық бейметалл — бром (Br).
- 19. Азот газы тыныс алуға жарамды ма? — жарамсыз.
- 20. Авогадро саны — 6,02 × 10²³.
II бөлім — Дода
«Мәңгі бақи есте қалар ғажайып бір сайыс болар. Білімдірек шәкірт озар, қиынырақ сұрақ болсын» — келесі кезеңге өтеміз.
Ереже 1
Қатысушыларға екі пәннен 10, 20, 30 ұпайлық сұрақтар ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы пәнді және ұпайды өзі таңдайды. Таңдау кезегі бірінші кезеңде көп ұпай жинаған ойыншыға беріледі.
Ереже 2
Дұрыс жауап берген ойыншының ұпайына таңдалған сұрақтың ұпайы қосылады. Егер ойыншы жауап бере алмаса, басқа ойыншыларға жауап беру мүмкіндігі беріледі.
Ереже 3
Екі кезең бойынша ең көп ұпай жинаған 5 ойыншы келесі кезеңге өтеді.
Сұрақтар банкі (үлгі)
10 ұпай • Биология
Бұл өсімдік ұзақ уақыт ботаникалық бақтарда өсірілген. Гүлдерін ханымдар әсемдік үшін шаштарына таққан. Тек 200 жылдан кейін ғана шаруалар оны бақшаға егіп, азық ретінде пайдалана бастаған. Ресейге ең алғаш I Петр әкелген. Қандай өсімдік?
Жауабы: картоп.
20 ұпай • Биология
АҚШ-та ақбас бүркітті, Ресейде қоңыр аюды, қазақ халқы аққу мен үкіні қасиетті санайды. Ал Үндістанда қай жануар қасиетті саналады?
Жауабы: сиыр.
30 ұпай • Биология
Бұл құс түйеқұстардың ішіндегі ең кішкентайы: дене сіңірінің ұзындығы 50–80 см, салмағы 2–4 кг. Қорегін көбіне иіс сезу арқылы табады. Ерекшелігі — түнде белсенді. Құрттармен, жәндіктермен, жидектермен қоректенеді. 1921 жылдан бері қатаң қорғауда, Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген. Жаңа Зеландияның ұлттық символы. Бұл қандай құс?
Жауабы: киви.
10 ұпай • Биология
Аяқсыз, жылан тәрізді кесіртке. Ұзындығы 1–2 м. Жыланнан айырмашылығы — қабақтары бар және көзін жыпылықтата алады. Күндіз белсенді, зиянсыз бауырымен жорғалаушы. Бұл не?
Жауабы: сары жылан (сары бауыр).
20 ұпай • Химия
Табиғатта таралуы бойынша бірінші орын алатын металл қайсы?
Жауабы: алюминий.
30 ұпай • Химия
Неліктен темір «аспан тасы» деп аталған?
Жауабы: метеорит құрамында темір кездесетіндіктен.
10 ұпай • Химия
Бұл заттың 0,9% ерітіндісі «физиологиялық ерітінді» деп аталады және көп қан жоғалтқанда көктамырға құйылады. Тұрмыста тағам дайындауға да қолданылады. Бұл заттың химиялық атауы қандай?
Жауабы: NaCl — натрий хлориді.
20 ұпай • Химия
Тайқазан 7 металдан құйылған. Ол қандай металдар?
Жауабы: темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын.
30 ұпай • Биология
Теріні ультракүлгін сәуледен қорғайды. Молекуласы оттектің үш атомынан тұрады. Бұл не?
Жауабы: озон.
III бөлім — Полиглот
Бұл бөлімде жұмбақ сипатындағы тапсырмалар беріледі. Қатысушы жауапты үш тілде айта білуі керек: қазақша, орысша, латынша.
Ұпайлау
- Бір тіл — 10 ұпай
- Екі тіл — 20 ұпай
- Үш тіл — 30 ұпай
Іріктеу
Ұпай санына қарай 4 оқушы келесі кезеңге өтеді.
Тапсырмалар
- Ауада 21% болатын газ — оттек / кислород / Oxygen (Oxygenium).
- Гемоглобин құрамына кіретін металл — темір / железо / Ferrum.
- «Ел іші — ……… бесік» — алтын / серебро / Argentum.
- Сұйық металл — сынап / ртуть / Hydrargyrum.
- Өзі ауыр металға жатады, емшілер «қорықтық құюға» қолданады — қорғасын / свинец / Plumbum.
IV бөлім — Тұлғаны таны
Бағалау: дұрыс жауапқа 10 ұпай.
Мен ағылшын биофизигі әрі генетигімін. Молекулалық биология саласында зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Дж. Уотсонмен бірге ДНҚ құрылымының моделін жасадым. ДНҚ молекуласының құрылымдық моделін жасағаным үшін 1962 жылы Нобель сыйлығына ие болдым. Мен кіммін?
Жауабы: Френсис Крик.
Мен тірі организмдердің біртіндеп даму теориясының негізін салған философ әрі жаратылыстанушы зерттеушімін. Табиғаттың қарапайымнан күрделіге қарай өзгеретінін дәлелдедім. Мен кіммін?
Жауабы: Аристотель.
Мен алғашқы эволюциялық теорияның негізін қалаушы француз жаратылыстанушысымын. Организмдердің бейімделушілік қасиетін сыртқы орта жағдайларымен байланыстыра зерттедім. «Зоология философиясы» атты еңбегім бар. Мен кіммін?
Жауабы: Жан Батист Ламарк.
Мен органикалық дүние эволюциясының негізін салған ағылшын ғалымымын. Эволюцияның себептері мен заңдылықтарын аштым. Мен кіммін?
Жауабы: Чарлз Дарвин.
V бөлім — Ғажайып жетілік
Бұл кезеңде 7 пән бойынша әрқайсысынан 3 сұрақ қойылады. Әр оқушы өзі таңдаған пән бойынша жауап береді.
Бағалау: әр дұрыс жауапқа 10 ұпай. Ұпай санына қарай 2 оқушы келесі кезеңге өтеді.
Химия
- 1. Қандай ұннан нан пісіруге болмайды? — фосфор ұны.
- 2. Элемент атомының басқа элемент атомдарының белгілі санын қосып алу қасиеті — валенттілік.
- 3. Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан ғалым — Пруст.
Биология
- 1. Жасушаны зерттейтін ғылым — цитология.
- 2. Күнбағыс қай тұқымдасқа жатады? — күрделі гүлділер.
- 3. «Ақ маржан» аталатын дәнді дақыл — күріш.
Физика
- 1. Марганец тұзының суда еруі қандай құбылыс? — диффузия.
- 2. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты? — Ньютон.
- 3. Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді? — Архимед күші.
География
- 1. Жердің қатты қабығы — литосфера.
- 2. Амудария мен Сырдария аралығындағы шөл — Қызылқұм.
- 3. АҚШ-тың солтүстік штаты — Аляска.
Тарих
- 1. Тәуелсіз Қазақстан тұңғыш рет Н. Ә. Назарбаевты президент етіп қай жылы сайлады? — 1991 жылы.
- 2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды? — 1993 жылы, 30 тамыз.
- 3. ҚР Елтаңбасы, Әнұраны, Туы туралы заң қашан қабылданды? — 1992 жылы.
Математика
- 1. Геометрияның жазықтықтағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі — планиметрия.
- 2. Үшбұрыштың қабырғалары 10, 15, 7 болса, периметрі — 32.
- 3. «Миллион» сөзін қазақ арасына жеткізген ағартушы — Ы. Алтынсарин.
Информатика
- 1. Компьютердің негізгі бөліктері — жүйелік блок, монитор, пернетақта.
- 2. Вирустың кері әсерін жоятын бағдарлама — антивирус.
- 3. Microsoft компаниясының атақты басшысы — Билл Гейтс.
VI бөлім — Жорға
Бұл кезең жылдамдық пен алғырлықты талап етеді: 1 минут ішінде қанша сұраққа дұрыс жауап берсе, сонша ұпай жинайды. Бір ойыншы сыныптан шығып тұрады. Ұпайы ең жоғары оқушы соңғы кезеңге өтеді.
Жылдам сұрақ-жауап (тізім)
- 1. Натрий — сілтілік металл.
- 2. Авогадро саны — 6,02 × 10²³.
- 3. Лакмус — индикатор.
- 4. Катализатор — реакцияны жылдамдатады.
- 5. Оттегі — газ.
- 6. Ас тұзы — NaCl.
- 7. Ингибитор — реакцияны тежейді.
- 8. Метан — қаныққан көмірсутек.
- 9. «Қара алтын» — мұнай.
- 10. Аргон — инертті газ.
- 11. Алмаз бен графит — көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері.
- 12. KOH — сілті.
- 13. Кальцийдің салыстырмалы атомдық массасы — 40.
- 14. HCl — қышқыл.
- 15. Иіс газы — CO.
- 16. Ferrum — темірдің латынша атауы.
- 17. Мырыштың валенттілігі — II.
- 18. Кремнезем — SiO₂.
- 19. Судың мольдік массасы — 18 г/моль.
- 20. Менделеев болжаған 3 элемент — галлий, скандий, германий.
VII бөлім — Шешендік өнер
Тақырып
«ХХІ ғасыр — химия ғасыры».
Бұл бөлімде мағынаны ашу, сөз байлығы және ойды жүйелі жеткізу бағаланады.
Ұпай
30
Мағынаның ашылуы мен сөз саптауы үшін.
Сайыста жеңіп шыққан оқушы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атанып, марапатталады.
«Ең алдымен мен қасиетті жерімді сақтап, бізге мирас етіп, жаңа заман табалдырығында балаларымен, немерелеріне тіршілік тағылымдарын дарытып жатқан әкелеріміз бен аналарымызға; білім сынды баға жетпес құндылықты сақтап қалған, алдағы арайлы күндерден үмітін үзбеген ұстаздарымызға, ғалымдарымызға, дәрігерлерімізге, инженерлерімізге бас иемін!»
— Н. Ә. Назарбаев