Сыбайлас бұрыштар
Алға ауданы · Ақырап негізгі мектебі
Математика пәні мұғалімі: Есетова Дарига Темирбековна
Тақырыбы
«Математикалық поле – чудес»
Форматы
- Түрі: ойын
- Формасы: ойын технологиясы және АКТ қолдану
- Көрнекілігі: слайд
- Құралдар: интерактивті тақта
Мақсаты
1) Білімді жүйелеу
Оқушыларды математика саласындағы тарихи деректермен таныстыру, алгебра және геометрия бойынша білімдерін жүйелеу.
2) Ой-өрісті дамыту
Логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетті арттыру, математика пәніне қызығушылықты күшейту.
3) Тәрбиелік мақсат
Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Кіріспе
Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер. «Математикалық поле – чудес» ойынын бастаймыз. Белсенділіктеріңіз бен алғырлықтарыңыз ойынның сәнін келтіріп, оны қызықты, мазмұнды әрі есте қаларлықтай өткізуге көмектеседі.
Ойынға залда отырған оқушылардың барлығы қатыса алады.
Ойын ережелері
Құрылымы
- Ойын 3 турдан тұрады. Әр турға 3 ойыншы қатысады.
- Ойыншылар залдан сұрақ қою арқылы іріктеледі.
- Үш турдың жеңімпаздары финалға шығады.
Тәртібі және ұпай
- Залда отырғандар ойыншыларға көмектеспеуі керек.
- Ойыншылар кезекпен әріп атайды. Дұрыс болмаса, кезек келесі ойыншыға өтеді.
- Әр дұрыс табылған әріп үшін 1 ұпай беріледі.
- Жауапты білсе де, ойыншы кезегі келгенше айта алмайды.
Ақтық мәре (ерекше ереже)
Жеңімпаз ақтық мәреге шығады: қолында 3–4 ұпай болса, 1 әріпті, ал 5 және одан көп ұпай болса, 2 әріпті ашуға құқылы.
Ойын барысы
Экранда слайдтар көрсетіледі. Әр тур басталар алдында ойыншылар іріктеу тапсырмалары арқылы таңдалады.
І тур
Іріктеу тапсырмалары
-
1. Дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем қалай аталады? Жауабы: аксиома
-
2. Суретте қанша квадрат бейнеленген? Жауабы: 14
-
3. y = ax² функциясының графигі қалай аталады? Жауабы: парабола
Негізгі сөзді табу
Бұл термин әдебиетте де, математикада да кездеседі. Әдебиетте заттың әсерін күшейту, әсірелеу, дәріптеу үшін қолданылады. Математикада кері пропорционалдық функциясының графигін білдіреді.
ІІ тур
Іріктеу тапсырмалары
-
1. Көбейту кестесіне аты берілген ежелгі грек ғалымы кім? Жауабы: Пифагор
-
2. Суретте көрсетілген бұрыштар қалай аталады? Жауабы: сыбайлас бұрыштар
-
3. Ақиқаттығы дәлелденетін сөйлем қалай аталады? Жауабы: теорема
Негізгі сөзді табу
Бұл термин «атқаратын қызмет, міндет» дегенді білдіреді. Ал математикада бір айнымалының екінші айнымалыға тәуелділігін сипаттайды.
ІІІ тур
Іріктеу тапсырмалары
-
1. «Геометрия» сөзінің тікелей аудармасы қандай? Жауабы: жер өлшеу
-
2. Суретте көрсетілген бұрыштар қалай аталады? Жауабы: вертикаль бұрыштар
-
3. Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі қалай аталады? Жауабы: планиметрия
Негізгі сөзді табу
Бұл термин тіл білімінде, математикада және биологияда кездеседі. Сөзде, өсімдікте және теңдеуде болатын ортақ атау қай сөз?
Финал
Адамдар санауды ерте заманнан үйренген. Сандарды бейнелеу үшін ағашқа, тасқа таңба қалдырған. Күрделі есептеулер жүргізу қажеттілігінен цифрлар пайда болған.
Сұрақ: Адамдар сандарды алғаш рет не арқылы бейнелеген және алғашқы санау құралы не болған?
Ақтық мәре
Сұрақ: Сұқ саусақ пен бармақтың арасындағы қашықтық қалай аталады?
Жеңімпазды марапаттау
Ойын соңында жеңімпаз анықталып, марапатталады.