Ойын Сөз ойла, тез ойла
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Автор
Убайтжанова Айсулу
Ақтөбе қаласы, №8 орта мектеп
Пән / бөлім
Сауат ашу
Тақырып
Ы дыбысы мен әрпі
Баспа және жазба түрі, бас әріп пен кіші әріп
Негізгі идея
Оқушыларға Ы дыбысы мен әрпін меңгерту, оқу және жазу дағдыларын дамыту.
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларды Ы дыбысы мен әрпімен таныстыру (айтылуы, жазылуы, қолданылуы).
- Баспа және жазба түрін, бас әріп пен кіші әріпті ажырата білуге үйрету.
- Оқу дағдысы мен жазу икемділігін қалыптастыру, оқу әрекетіне бейімдеу.
Күтілетін нәтиже
- Байланыстыра сөйлеу тілі дамиды, сөздік қоры молаяды.
- Суреттеу, баяндау, пікір айтуға сәйкес монологтік сөйлеуді меңгереді.
- Байланыстыра жазуға дағдыланады.
Ресурстар
- Презентация
- Интербелсенді тапсырмалар
- Электронды оқулық (1-сынып, «Әліппе»)
Әдістер
- Кластер
- Түсіндіру
- Проблемалық оқыту
Дереккөздер
Негізгі материалдар
- Оқытуға арналған әдістемелік нұсқау
- «Әліппе» оқулығы
- «Әліппе серігі» материалдары
- Оқушы анықтамалығы
Тапсырмалар түрі
- Кеспе әріптер мен буындардан сөз құрау
- Сұрақтарға жауап беру
- Постер дайындау және қорғау
Сабақ барысы: мұғалім мен оқушы әрекеті
1) Психологиялық ахуал
Топқа бөлу және ынтымақтастық
Мұғалім әрекеті
Түрлі түсті қағаздар арқылы оқушыларды топқа бөледі.
Оқушы әрекеті
Өзіне ұнаған түсті таңдап, көңіл күйін таңдаған түс арқылы білдіреді.
2) Білу
Қайталау және бекіту
Мұғалім әрекеті
Ш, Й, О, Қ, Д, М, Б, С дыбыстарын қайталатады.
Оқушы әрекеті
Дәптерде тапсырманы орындайды, сөздік диктант жазады.
3) Түсіну
Тақырыпқа кіріспе және интерпретация
Мұғалім әрекеті
Жұмбақ жасырады:
Шыны, кесе, пиала,
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?
Электронды оқулықпен жұмыс ұйымдастырады және Ы дыбысы мен әрпінің айтылу, жазылу ерекшелігін түсіндіреді.
Оқушы әрекеті
Жұмбақтың шешуін табады: ыдыс.
Жеке жұмыс жасайды: сөздер мен мәтінді тізбектей оқиды.
4) Қолдану
Жаңа білімді практикада қолдану
Мұғалім әрекеті
Кеспе әріптер мен буындардан буын және сөздер құрауды ұсынады. Ойын: «Сөз ойла, тез ойла!»
Оқушы әрекеті
Постерде жұмыс орындайды, құрастырған сөздерін ұсынады.
5) Талдау
Дыбыстық талдау және ойды дамыту
Мұғалім әрекеті
Үлгі дәптермен жұмыс жүргізеді. «Ыдыс», «қамыс» сөздеріне дыбыстық талдау жасатады.
Оқушы әрекеті
Тапсырмаларды орындайды, дыбыстарды анықтайды және талдайды.
Сергіту сәті
Музыкалық қимыл-қозғалыс
Мұғалім әрекеті
Музыкалық сергіту ұйымдастырады.
Оқушы әрекеті
Әуен ырғағымен қимылдар жасайды.
6) Жинақтау (Синтез)
Проблемалық тапсырма арқылы қорытындылау
Мұғалім әрекеті
П, Қ дыбыстарынан кейін Ы дыбысын жалғау арқылы дыбыстық өзгеріс туралы талдау жасатады.
Проблемалық сұрақ:
- Тауық — ...
- Топ — ...
- Тарақ — ...
- Доп — ...
Оқушы әрекеті
Сауат ашу дәптерінде тапсырмаларды орындайды, жауаптарын ұсынады.
7) Бағалау
Қатысу белсенділігі бойынша бағалау
Бағалау тәсілі
Топтағы оқушылардың қатысуына қарай «құнды қағаздар» арқылы бағаланады:
- 20 $
- өте жақсы
- 10 $
- жақсы
- 5 $
- орта деңгей
Мақсаты
Оқу материалының маңызын анықтау, өзіндік пікір айту, таңдау жасап, шешім қабылдауға ынталандыру.
8) Рефлексия
«Телеграмма» әдісі
Тапсырма
Өтілген жаңа дыбыс бойынша 3 сөз жазу ұсынылады. Оқушылар стикерге жазып, «бағалау экранына» жапсырады.
Талдау сұрақтары
- Не сәтті өтті? Топтық жұмыста жаңа сөздер құрау, рефлексия.
- Не сәтсіз өтті? Бағалау мақсатын нақтылау қажет.