БББ кестесі
Сабақтың бағыты мен мақсаттары
Тақырып
Тұлғаның адамгершілік негіздері
Мақсат
Оқушылардың белсенділігін арттыру және білімін жетілдіру.
Тәрбиелік ұстаным
Тарихи санасы қалыптасқан, ұлттық рухы жоғары жеке тұлға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсат
Оқушыларды топқа бөліп, тапсырмалармен жұмыс жасату арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Сабақ түрі мен әдістері
- Сабақ түрі: жаңа сабақ
- Әдістер: түсіндіру, топпен жұмыс, «Қос жазба күнделігі», топтастыру
- Стратегиялар: «Кубизм», «Бес жолды өлең», БББ кестесі
Көрнекіліктер және пәнаралық байланыс
Көрнекіліктер: постерлер, тірек-сызбалар, стикерлер және слайд материалдары.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, геометрия.
Сабақтың барысы
-
I. Шаттық шеңбер
Бір-бірімізге сәттілік тілейміз.
-
II. Топқа бөлу
Топ басшысын сайлау, топ басшысының көмекшісі ретінде спикерді таңдау.
-
III. Үй тапсырмасын тексеру
Слайд арқылы тест сұрақтарына жауап беру.
-
IV. Жаңа сабақ
Негізгі ұғымдарды талдау және топтық тапсырмалар орындау.
-
V. Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу және эссе жазу.
-
VI. Бағалау
БББ кестесі арқылы кері байланыс және топтық нәтижені қорытындылау.
Сынып мәдениеті: «Алтын ереже»
Топтық жұмыстың нәтижелі болуы үшін ортақ келісім ережелері ұсынылады (плакатта күн бейнесі арқылы көрсетіледі).
-
1
Бір-біріміздің пікірімізді тыңдаймыз.
-
2
Уақытты үнемдейміз.
-
3
Топпен ақылдасып жауап береміз.
-
4
Ойымызды ашық әрі нақты жеткіземіз.
Топ атаулары
Жаңа сабақтың мазмұндық жоспары
Негізгі тақырыптар
- Рухтандырушылық пен адамгершілік
- Тұлғаның адамгершілік қағидалары
- Жақсылық пен жамандық
- Парыз бен ар-ұят
- Моральдық мұрат
- Отансүйгіштік және азаматтылық
- Тәрбие мен білімнің адамгершілік қызметтері
Жұмыс форматы (жарыс ережесі)
- 1 «Қос жазба күнделігі»
- 2 Топтастыру («Тұлға» ұғымы бойынша)
- 3 «Кубизм»
- 4 «Бес жолды өлең» стратегиясы
- 5 БББ кестесі
Тапсырмалар мен стратегиялар
1) «Қос жазба күнделігі»
Мұғалім түсіндірген сабақ бойынша оқушылар дәптеріне тік сызық жүргізіп, бетті екі бөлікке бөледі:
Сол жақ баған
Әсер еткен тұстар, маңызды үзінділер мен ойлар жазылады.
Оң жақ баған
Өз пікірі, қандай ассоциация тудырғаны, себеп-салдары және өмірмен байланысы жазылады.
Жауаптар топ басшысы немесе спикер арқылы талқыланып, ортақ қорытынды жасалады.
2) Топтастыру («Тұлға» ұғымы)
Оқушылар «Тұлға» сөзіне қатысты ассоциациялар мен сипаттамаларды жинақтап, постерге топтастыру түрінде түсіреді.
3) «Кубизм» (ойын арқылы оқыту)
Кубиктің алты қырына сәйкес тапсырма таңдалып, орындалады. Тапсырмалар слайд арқылы беріледі.
Негізгі сұрақтар
- 1Адамгершілік дегеніміз не?
- 2Әділдік дегеніміз не?
- 3Сыпайылық дегеніміз не?
- 4Парыз дегеніміз не?
- 5Мораль дегеніміз не?
- 6Азаматтық дегеніміз не?
Қосымша сұрақтар
- 1Ар-ұждан дегеніміз не?
- 2Ізеттілік дегеніміз не?
- 3Жамандық дегеніміз не?
- 4Отансүйгіштік дегеніміз не?
- 5Тәрбие дегеніміз не?
- 6Білім дегеніміз не?
4) «Бес жолды өлең» стратегиясы
Оқушылар топ болып ақылдаса отырып бір сөз таңдайды да, сол сөзге бес жолды өлең құрастырады.
Құру ережесі
- 1.Зат есім
- 2.Сын есім
- 3.Етістік
- 4.Ойды түйіндеу
- 5.Тақырыпқа байланысты синоним
Үлгі
- Кім?
- Ана
- Қандай?
- Мейірімді, ақылды
- Не істейді?
- Бағады, тәрбиелейді, өсіреді
- Түйін
- Ағайын — алтау, ана — біреу
- Синоним
- Адам
Бекіту сұрақтары
Талқылауға арналған сұрақтар
- 1Тәрбиенің қоғамдағы рөлі қандай?
- 2Адамгершіліктің қалыптасуына не әсер етеді?
- 3Жақсылық пен жамандықтың айырмашылығы қандай?
- 4Тұлғаның адамгершілік қағидаларына нелер жатады?
Бағалау және кері байланыс
Оқушылар стикерлер арқылы БББ кестесін толтырады. Жиналған смайликтер саны бойынша жеңімпаз топ анықталып, марапатталады.
Білемін
Бұрыннан таныс ұғымдар
Білдім
Жаңа түсініктер мен қорытындылар
Білгім келеді
Келесі қадамға сұрақтар
Қорытынды ой
Адамгершілік — адамның өзін қоршаған адамдарға, тіршілік иелеріне және жалпы табиғатқа саналы әрі риясыз мейірімділік танытуы.
Үй тапсырмасы
Оқу
«Тұлғаның адамдық негіздері» тақырыбын оқу.
Жазба жұмысы
«Тұлға» тақырыбына эссе жазу.