Жарықтың таралуы
Сабақ туралы мәлімет
Пәні
Жаратылыстану
Сыныбы
5-сынып
Сабақтың тақырыбы
Күн. Жарықтың таралуы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері
Түсіндіру, мысал келтіру
Көрнекіліктер
- Фонарик
- Батарейка
- Табиғаттағы жарық көздері
Сабақтың мақсаты
Білімдік мақсат
Күн сәулесі, электр лампалары, шам мен алау, сондай-ақ сәуле шығаратын жануарлар арқылы жарықтың табиғаттағы және тұрмыстағы маңызын түсіндіру. Оқушыларға жарық көздерінің түрлерін ұғындырып, нақты мысалдар келтіру.
Дамытушылық мақсат
Оқушылардың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту, бақылау жүргізу мен қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсат
Ұқыптылыққа, әдептілікке, жарықты үнемдеуге және табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Оқушыларды түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру
- 1 Күннің ішкі температурасы қанша?
- 2 Күннің сыртқы температурасы қанша?
- 3 Жарық Жер бетіне қалай таралады?
- 4 Күн сәулесі неге Жер бетіне біркелкі таралмайды?
Жаңа тақырып: Жарық көздері және тұтылу құбылыстары
Адамдар мен жануарлардың қоршаған ортаны көре білуі — ең керемет қасиеттердің бірі. Жер бетіндегі ең күшті жарық көзі — Күн. Барлық тіршілік иелері Күн жарығына тәуелді өмір сүреді.
Сонымен қатар жұлдыздар да жарық шығарады, ал кейбір жануарлар белгілі бір деңгейде биолюминесценция арқылы сәуле бөледі.
Негізгі ұғымдар
- Көлеңке
- Жарық толық бөгелген аймақ. Жер мен Ай жарықталған кезде конус тәрізді көлеңке түзе алады.
- Шала көлеңке
- Жарықтың бір бөлігі ғана бөгелетін аймақ. Бұл да көбіне конус тәрізді пішінге келеді.
- Тұтылу
- Аспан денелері бір сызықтың бойына жақын орналасқанда, жарықтың таралуы өзгеріп, Күн немесе Ай тұтылады.
Ай тұтылуы
Ай Жердің көлеңкесіне толық немесе жартылай кіргенде, Айдың толық және шала тұтылуы байқалады.
Күн тұтылуы
Толық Күн тұтылуы Жерге Ай көлеңкесінің дағы түскен жерінен ғана көрінеді. Дақтың диаметрі 250 км-ден артпайды, сондықтан бір мезетте тұтылу Жердің аз ғана бөлігінде ғана байқалады.
Неліктен әртүрлі болады?
Жердің Айдан және Күннен қашықтығы сәл өзгеретіндіктен, Айдың көрінерлік бұрыштық диаметрі Күндікінен кейде үлкен, кейде кіші, ал кейде тең болып көрінеді.
Қызықты дерек
Күннің толық тұтылуы ғылым үшін ерекше қызықты құбылыс. Ал бұрын бұл құбылыс адамдарға түсініксіз болғандықтан, көпшілікті үрейлендіретін.
Тұтылу дағының диаметрі
250 км-ден аспайды
Толық тұтылу ұзақтығы
7 минут 70 секундтан артық емес
Сабақты бекіту
- 5 Күннің ішкі температурасы қанша?
- 6 Күннің сыртқы температурасы қанша?
- 7 Жарық Жер бетіне қалай таралады?
- 8 Күн сәулесі неге Жер бетіне біркелкі таралмайды?
Қорытынды
Адамдар мен жануарлардың қоршаған ортаны көре білуі — ең керемет қасиеттердің бірі. Жер бетіндегі ең күшті жарық көзі — Күн.
Барлық тіршілік иелері Күн жарығына тәуелді. Сонымен бірге жұлдыздар және кейбір жануарлар да белгілі бір деңгейде жарық шығара алады.
Үй тапсырмасы
- Өткен тақырыптарды қайталау.
- Қосымша мәліметтер жинау.