Сайыс ережесімен және кезеңдерімен таныстыру
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты
Тақырыбы
«Бәрін білгім келеді» білім сайысы
Мақсаты
- Музыка пәні бойынша алған білімдерін саралау.
- Музыка өнерін құрметтейтін, халқымыздың мәдени асыл мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра алатын азамат тәрбиелеу.
- Музыкаға деген қабілеттерін дамыту, ұлттық өнер негізінде шығармашылық ойлауын жетілдіру.
Әдістері
Ой қозғау, ой дамыту.
Түрі
Сайыс сабақ.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, компьютер.
Қатысушылар
6-сынып оқушылары (командалық формат).
Сабақтың барысы
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сайысқа дайындау, сабақ мақсаты мен жұмыс тәртібін қысқаша түсіндіру.
-
II. Командалармен таныстыру
6-сынып оқушылары командаларға бөлініп, өздерін таныстырады.
-
III. Сайыс ережесі мен кезеңдері
Бүгінгі «Бәрін білгім келеді» білім сайысының мақсаты — музыка пәні бойынша алған білімдеріңді саралап, пәнге қызығушылықтарыңды арттыру. Сайыс 3 кезеңнен тұрады.
1-кезең
Тест
25 сұрақтан тұрады. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай. Кім қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпай жинайды.
2-кезең
«Тұлғаны таны»
Ұяшық астына жасырылған композиторларды анықтап, олардың шығармаларынан мысал келтіру.
3-кезең
«Ойлан, тап!»
Сандық ішіне жасырылған жұмбақтың шешімін табу.
I кезең: Тест тапсырмалары
Ойын: «Бәрін білгім келеді». Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинаңыздар.
Бағалау
Әр дұрыс жауап: 1 ұпай
-
1) Қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші:
- а) Кетбұға
- б) Қорқыт
- в) Дина
-
2) Әнді орындайтын адам:
- а) әнші
- б) жыршы
- в) күйші
-
3) Үйлену тойында айтылатын ән:
- а) толғау
- б) жар-жар
- в) әлди-әлди
-
4) Саздан жасалған музыкалық аспап:
- а) дабыл
- б) сыбызғы
- в) үскірік
-
5) Бірінші сызықтың өзіне жазылатын нота:
- а) соль
- б) до
- в) ми
-
6) «Қазақ вальсі» әнінің авторы:
- а) Л. Хамиди
- б) Н. Тілендиев
- в) Б. Байқадамов
-
7) Григориандық ән айту дегеніміз:
- а) көпдауысты вокалдық музыка
- б) бірдауысты шіркеулік музыка
- в) бір әуенді бірнеше түрге құбылту
-
8) Альтерация белгілері:
- а) музыкалық дыбыстарды жоғарылату
- б) бірінен кейін бірін жалғастыра ойнау
- в) биіктік бойынша құрылған дыбыс
-
9) Ән айтқанда нені есте сақтау керек?
- а) ән шырқау
- б) дұрыс тыныс алу
- в) әуенді жырлау