Төрт мезгіл, олар

Білім беру саласы және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы

Қатынас

Оқу іс-әрекеті

Тіл дамыту

Тақырыбы

«Табиғат — анамыз»

Мақсаты

Балалардың қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейту; табиғатты сүюге, оған қамқор болуға баулу; табиғаттың байлығы мен сұлулығын сезіне білуге үйрету. Сурет бойынша көріністі әңгімелеп, ойды жүйелі жеткізіп, бейнелей білу дағдыларын дамыту.

Көрнекіліктер мен әдіс-тәсілдер

Көрнекіліктер

  • Табиғатқа байланысты суреттер
  • Жылдың төрт мезгіліне қатысты иллюстрациялар

Әдіс-тәсілдер

  • Күтпеген сәт
  • Дидактикалық ойындар
  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Оқу
  • Әңгімелеу

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі: «Жылулық шеңбері»

Тәрбиешінің сөзі

Балалар, көңіл күйлерің қалай? Тамаша!

Жылулық шеңберіне тұрып, бір-бірімізге жылы сөздер айтайық.

Балалардың әрекеті

Балалар, қуанышымызды бір-бірімізге жеткізейік.

Біз қандаймыз, қандаймыз —
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!

Балалар тәрбиешінің көмегімен өлең жолдарын бірге қайталап, қимылмен көрсетеді.

2) Күнмен амандасу

Жарайсыңдар, балалар! Енді бәріміз күнге қарайықшы.

Сұрақ

Күн бізге не береді?

Жауап

Сәуле, жарық, жылу береді.

Олай болса, күнмен амандасайық.

Хормен айту

Сәндетіп даламыз,
Сәулетті қаламыз,
Сәлем, күн-анаымыз!

3) Сұрақ-жауап: апта күні, жыл мезгілі, күз белгілері

Аптаның қай күні?

Екінші күн — сейсенбі.

Жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілі.

Бір жылда неше мезгіл бар?

Төрт мезгіл: күз, қыс, көктем, жаз.

Күздің белгілері

  • Жапырақтар сарғаяды.
  • Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
  • Жаңбыр жиі жауады.
  • Күн салқындайды.

Күз айлары

Қыркүйек Қазан Қараша

4) Ізденіс кезеңі: «Күтпеген сәт»

Жарайсыңдар, балалар! Біреу есік қаққандай болды ма? Кім болды екен? Ендеше, есікті ашып көрейік.

Кейіпкер

Топқа Дымбілмес келеді.

Дымбілместің сөзі

Сәлеметсіздер ме? Мен Дымбілмеспін. Сабақтарыңа қатысуыма бола ма?

Мен сендерге гүлдер алып келдім. Бұл жай гүл емес — сиқырлы гүл. Оның ішінде бірнеше сұрақ бар. Мен қанша ойлансам да жауап таба алмадым. Маған көмектесіңдерші, балалар!

Балалардың әрекеті

Балалар таңырқайды және Дымбілмеспен амандасады.

Тәрбиешінің жауабы

Жарайды, Дымбілмес! Қош келдің. Балалардың қасына отырып, бізге қонақ бол.

Біздің балалар өз білгендерін аянбай ортаға салады. Сен де осы балалардан үйрен.

Алдымен, балалар, табиғат әлеміне байланысты жұмбақтар жасырамын. Жұмбақтардың жауабы — бүгінгі жаңа оқу іс-әрекетіміздің кілті.