Пазлдарды құрастыру және қорғау

Фото-сайыс: «Біз табиғатты сүйеміз!»

Бұл сайыс — оқушылардың жаратылыстану пәнінен алған білімін бекітуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға және табиғатты қорғауға жауапкершілік қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік іс-шара. Мақсатымыз — табиғатқа мейірім мен ықылас танытып, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлеміне жанашырлықпен қарауға баулу.

Түрі

Сайыс

Формасы

Топтық

Көрнекілігі

Слайдтар, табиғат көріністерінің суреттері, нақыл сөздер, қима суреттер, парақшалар

Кіріспе сөз

Табиғат — тіршілік атаулының құтты қонысы, өмірдің түлеп-өсуіне қажет нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. «Табиғат», «Жер-Ана», «атамекен», «туған жер» ұғымдары өзара тамырлас әрі тағдырлас.

Табиғат — адам бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлімі мол тәрбиеші. Сондықтан ұлы табиғаттың құрметіне бүгін білім сайысын өткіземіз.

Сайысқа қатысатын топтар

  • 1-топ: Тау
  • 2-топ: Ауа
  • 3-топ: Күн

1-кезең: «Кім көп біледі?»

Интерактивті тақтада 10, 20, 30 ұпайлық ұяшықтар беріледі. Әр топ қалаған ұяшығын таңдап, сұраққа жауап береді. Әр топ 3 рет ұяшық таңдайды. Ұпай сұрақтың деңгейіне байланысты есептеледі.

10 ұпай

  1. Жазық деген не? Жазықтың түрлерін ата.

    Жазық — құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқабы. Түрлері: тегіс және бедерлі.

  2. Кенді пайдалы қазбаларды ата.

    Темір, мыс, қорғасын, алтын, алюминий, никель, графит.

  3. Ауа құрамындағы ең көп газ қайсы?

    Азот.

20 ұпай

  1. Қазақстанның қорықтарын ата.

    Наурызым, Барсакелмес, Ақсу-Жабағылы, Марқакөл, Алматы, Үстірт, Алакөл, Қатон-Қарағай, Қорғалжын.

  2. Қазақстанның өзендерін ата.

    Сырдария, Жайық, Іле, Ертіс, Есіл, Жетісу, Тобыл.

  3. Қазақстандағы биік тауларды ата.

    Тянь-Шань, Алтай, Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы.

30 ұпай

  1. ҚР тәуелсіздігін ең алғаш болып қай мемлекет мойындады?

    Түркия.

  2. Қазақстан БҰҰ-ға қашан мүше болды?

    1992 жылдың наурыз айында.

  3. Семей ядролық сынақ полигоны қашан жабылды?

    1991 жылы.

2-кезең: Пазл құрастыру

Әр топқа сурет қиындылары беріледі. Міндет — бөлшектерді дұрыс құрастырып, шыққан көріністі қысқаша түсіндіру.

Уақыт

1 минут

3-кезең: «Есте сақта»

Тақтада дүниетану пәніне қатысты бірнеше ұғым мен заттың суреті көрсетіледі. 1 минуттан соң суреттер өшіріліп, оқушылардан есте қалғандарын жазу сұралады. Ең көп атауды дәл жазған топ жеңімпаз атанады.

Суреттер тізімі

  • Глобус
  • Карта
  • Компас
  • Тау
  • Өсімдік
  • Қасқыр
  • Түлкі
  • Қоян
  • Көмір
  • Бұлт
  • Күн
  • Жауын-шашын
  • Адам
  • Мұрын
  • Көз
  • Аяқ
  • Қол

4-кезең: Үй тапсырмасы — фото-монтаж

Әр топ алдын ала дайындаған табиғат көріністерінен жасалған фото-монтажын таныстырады: қандай ой жеткізгісі келді, қандай әсер қалдырды, табиғатты қорғау туралы қандай үндеу айтады — соны қысқаша түсіндіреді.

5-кезең: «Табиғат суреттері»

Әр топ табиғат тақырыбына сурет салып, жұмысын таныстырады. Қатысушылар суретінің идеясын ашып, табиғаттың әсемдігі мен оны қорғаудың маңызын түсіндіреді.

Көрініс: «Аңшы мен бала»

Аңшы: Құс аулауға шығасың ба?

Бала: Шығамын.

Аңшы: Атқаныңды жығасың ба?

Бала: Жығамын.

Аңшы: Міне, мылтық. Ата аласың ба?

Бала: Атамын.

Аңшы: Құсың қайда, қарағым-ау?

Бала: Атпадым.

Аңшы: Тоғайдан құс таппадың ба?

Бала: Таппадым.

Аңшы: Көлде құс көп еді ғой.

Бала: Көп екен.

Аңшы: Неге атпадың?

Бала: Дәлелім жоқ екен.

Аңшы: Әлде атуға қимадың ба?

Бала: Қимадым.
Туған жердің құстарын да
Өз еліне қайта сыйладым.

Қорытынды ой

Туған жердің табиғатына сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық жасау және қорғау — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз, парасатты парызымыз.

Өлең жолдары

Қазақстан — атамекен, Жер-Анам,
Ата-баба өсіп-өнген кең далам.
Қазақстан, сенде туып, сенде өстім,
Қарыздармын сол үшін де мен саған.

Қазақстан — туған жерім, киелім,
Қасиетіңді қастерлеп, басымды иемін.
Табиғатың — тұнып тұрған қазына,
Соның бәрін аялаймын, сүйемін.

Жабылу сөзі

Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Табиғатты аялау — әр күнгі әрекетімізден басталады.