Зерделі сұрақтар

Сабақ туралы мәлімет

Пән / сынып

Әдебиет, 6-сынып

Тақырып

Сайын Мұратбековтің «Қылау» әңгімесі

Алдыңғы оқу

Ә. Марқабаев — «Ғарыштағы қымыз»

Жалпы мақсат

  • Көрнекті жазушы С. Мұратбеков туралы түсініп оқу, «Қылау» әңгімесінің мазмұнын ашу.
  • Көркем мәтінді талдау арқылы кейіпкерлер бейнесін жан-жақты ашу.
  • Оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру, жазбаша тіл байлығын дамыту.
  • Кейіпкерлер әрекеті арқылы адамгершілікке, шынайы достыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар

  • Оқулықтағы және қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Сұрақтарға жауап береді.

Көпшілік оқушылар

  • Топтық жұмысты бірлесе орындайды.
  • Өз бетінше жұмыс жасайды.
  • Қосымша үлестірме материалдармен жұмыс істейді.

Кейбір оқушылар

  • Оқулықтан тыс қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіреді.

Бағалау және педагогикалық негіз

Бағалау критерийі

  • Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
  • Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

7 модульдің қолданылуы

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Ресурстар

  • Оқулық, суреттер
  • Топқа бөлуге арналған түрлі түсті кеспе қағаздар
  • Топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикерлер

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, талдау, мінездеме беру.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі.

Сабақ барысы

Басталуы

5 минут

Топқа бөлу

Оқушылар түрлі түсті қағаз таңдайды. Қағаз түсіне қарай 3 топқа бөлінеді:

  • 1-топ Сары
  • 2-топ Көк
  • 3-топ Қызыл

Өткен сабақты тексеру және психологиялық ахуал

«Ұшқыр ойдан — ұтымды жауап» сұрақтары арқылы оқушылардың дайындық деңгейі анықталады, ынтымақтастық атмосферасы қалыптастырылады.

Жаңа білім

10 минут

Қызығушылықты ояту (білу және түсіну)

С. Мұратбековтің суреті көрсетіліп, бағыттаушы сұрақтар қойылады:

  • Бұл суретте кім бейнеленген?
  • Жазушы туралы не білесіңдер?
  • Қандай шығармаларын оқыдыңдар?

Мәтінмен танысу

С. Мұратбековтің «Қылау» әңгімесінің мазмұнымен танысу, негізгі оқиғаларды белгілеу.

Ортасы

10 минут

Қолдану: «Қылау» әңгімесін талдау

  1. 1-тапсырма: Зерделі сұрақтар.
  2. 2-тапсырма: Оқулықпен жұмыс.
  3. 3-тапсырма: Сөздік жұмыс.
  4. 4-тапсырма: Кейіпкерлер бейнесі — берілген кестені шығарма кейіпкерлеріне мінездеме бере отырып толтыру.
  5. 5-тапсырма: Пікірталас.

Мұғалім туралы

Мұғалімнің аты-жөні

Борина Ақкенже

Материал: Сайын Мұратбеков — «Қылау»

Сынып: 6-сынып